kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамандықтың бәрі жақсы

Нажмите, чтобы узнать подробности

суретке қарап мамандық түрлерін ажырата біледі, үлкендердің, маман иелерінің еңбегңн бағалай біледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мамандықтың бәрі жақсы»

Қабылмәлікова Райхан Нұрбекқызы

Күні: 19.04.2016 ж. Тобы: «Тамшы»

Білім беру аймағы: Қатынас

Өткізу аймағы: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: 1. Білімділік: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметімен және еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. 2. Дамытушылық: Әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулу, сөздік қорларын дамыту. 3. Тәрбиелілік: Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылық тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, ойын.

Алдын-ала жұмыс: Ата-аналарының жұмыстары туралы біліп келу. Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: Мамандықтар түрлерінің суреттері, үлестірмелер,таратпа суреттер. Билингвальды компанент: еңбек- труд- labor, құрылысшы-строитель-builder, полиция-полиция-police, аспаз-повар-cook, дәрігер-врач- doctor, мұғалім-учитель- teacher, сатушы-продавец-seller, кенші-шахтер-miner.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері: Үлкенге де Сіз Кішіге де Сіз Құрметпенен сіздерге Бас иеміз біз. (Бас иеді)

Балалар шеңбер жасап тұрып, қайталайды.

II.Ұйымдастыру-ізденушілік кезең

- (есікті қағып Маша кіреді)
- Маша, саған не болған?
- Мен дүкеннен аюға сыйлық алып келе жатқан едім, мені машина қағып кетті, енді қолым қатты ауырып тұр. Аюға да бара алмайтын болдым.
- Балалар, Машаға көмектесейікпе? - Машаны кім емдеп жазады?(дәрігер)
- Балалар Машаның сіздерге алып келген тапсырмасы бар. Машаның көңіл күйі жақсы болу үшін, тапсырмасын орындайық.

1. Тапсырма: Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы?
1. Алып жатқан жан – жақты,
Үйлерді кім тұрғызды.
2. Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. Ол кім?
3. Тәп-тәтті тамағы, астардың ол маманы 
- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.
- Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер (құрылысшы, милиционер, аспаз). Бұл сөздер нені білдіреді?
- Әрине мамандықтар туралы. Себебі біздер бүгінгі сабағымыз мамандықтар туралы.
2. Тапсырма: Балалар енді суретке назар аударайықшы, қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық. Мысалы: Құрылысшы маманы кім? – көп қабатты, зәулім үйлер салады. Полиция қызметкері кім? – елдің тыныштығын қорғайтын маман. Аспазшы маманы кім? – дәмді ас пісірумен айналысады. Дәрігер маманы кім? – ол кішкентай балалармен үлкендерді емдейді.
Мұғалім маманы кім? – оқу мен жазуды үйрететін, білім беретін апай.
Сатушы кім? – ол азық – түліктер сататын адам.
Кенші маманы кім? – түрлі шаш сәндейтін адам.

3.Тапсырма: Біз ойнаймыз, ойнаймыз
Кім болуды қалаймыз.

Ойын:    «Кім жылдам?» Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

Сергіту сәті: Экранға қарап сергіту жаттығуын орындайды.



4. Тапсырма: слайд. Балалар Мамандықтардың тағы да бір айырмашылығы бар екен. Сендер мұқият тыңдаңдар, ал мен сендерге түсіндіремін. Мамандықтар тек қана қалада немесе тек қана ауылда істелінетін қызмет түрлері болады. Сонымен бірге ауылда да қалада да істелінетін түрлері бар. Мысалы: малшы, диқаншы, фермерлік жұмыстар, мал дәрігері, шопан, жылқышы, тракторшы, аңшы, ұста тек ауылдық жерлерге қажетті мамандар. Ал Инженер, тоқымашы, мәнерлеп сырғанаушы, т.б қалалық жерлерге қажетті мамандар болып саналады. Ал енді мына мамандықтың көбі қала мен ауылда да бар: кітапханашы, дүкенші,есепші, биші, әнші,жүргізуші,жөндеуші.

Ойын « Бұл мамандықпен қай жерде жұмыс істейді?» Балаларға мамандықтардың суреттері беріледі. Олар ауылда істелінетін мамандық болса ауылдың суреті тұсына, қалада болса қаланың суреті тұсына, ауыл мен қалада істелінетін болса сол сурет маңына барып тұрады.

5.Тапсырма: Балалар біздің ортамызға дәрігер келді. Машаны дәрігер емдесін.
Дәрігер:
Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін
Мен дәрігер боламын. - Балалар Машаны емдеп жаздық. Енді жол ережесін май қызметкері түсіндіріп жолдан жүргізіп көрсетсін. Жол полициясы:
Елге қызмет етемін
Шаршамаймын мен бірақ
Күні – түні май боп
Ұйықтамаймын мен бірақ.
- Жарайсың, Маша, енді жол ережесін үйрендің бе.(үйрендім)
- Жарайсыңдар балалар, енді бәріміз мамандықтар жайлы білетін тақпақтарымызды айтып берейікші.
Шаштараз: Сатушы:
Сән үлгісін қиятын Жақсы оқып сабақты
Шаштараз болам жолыңа Мақсатым бұл ұраным
Түрлі – түрлі шаш қиып Үлкен болып өскенде
Қызмет етем халқыма. Сатушы боп тұрамын.
Құрылысшы: Мұғалім:
Қолда темір қалағым Жақсы оқып сабақты
Саздан сарай саламын Білім алып толамын
Алматыдан аумайтын Бөбектерді оқытар
Әсем қала саламын. Мен мұғалім боламын
Аспазшы:
Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.

6.Тапсырма: «Не артық?» Ойынның шарты: Балалар алдарында тұрған суретке қарап, қай маман иесінде қай зат артық екенін анықтау керек.

7. Тапсырма: Дид/ойын «Сөйлеп тұрған кім?» Шарты: Маша тақтаға шығып бір маман иесінің сөзін айтады, ал қалған балалар анықтайды: 1)Балмұздақ сатамын! Балмұздақ! 2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын? 3) Қай жеріңіз ауырып тұр? Қазір ыстығыңызды өлшейін.   4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін? 5)Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.  6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады.






  • Ия

  • Дәрігер


Балалар қызығушы-лық танытады

Жұмбақ шешімін табады:

  • (Құрылысшы

  • (милиционер)

  • (аспаз)






Мамандықтарды




Балалр тақтадағы суреттерге қарап, суретте кімде бейнеленген, және олардың әрекеттерін атайды.








Ойнға қызыға қатысады.



Сергіту жаттығуын орындайды.





Назарларын экранға аударады.

Суреттерге мұқият қарап, оларды атайды, қай сурет қай салаға жататынын анықтай отырып, олардың міндеттерін атайды. Ойынға қызыға қатысады.





Дәрігер Машаны емдейді.

Тақпағын айтып береді.





Жол полициясы тақпағын айтып, Машаға дол ережесін түсіндіреді.




Балалар кезекпен өздері білетін мамандықтар туралы тақпақтарын айтып береді.














Машаның жасырған ойынын ойнайды. Қай маман иесі екекнін анықтайды.

Бекіту

Сын тұрғысынан сұрақтар: 1.Мамандық адамға керек пе? (иә) 2. Әр мамандықтың ерекшелігі бар ма? (иә) 3. Дәрігер балаларды оқытады? (жоқ, мұғалім оқытады?) 4. Мұгалім адамдарды емдейді? (жоқ, дәрігер емдейді) 5. Наубайшы нан пісіре ме? (иә) 6. Жүргізуші машина жүргізе ме? (иә) 7. Шаштараз шаш қимайды? (жоқ, қияды) 8.Егінші егін екпейді? (жоқ,егеді) 9. Кітапханашы кітап бере ме? (иә) 10.Аспаз тамақ даярламайды? (жоқ, даярлайды)

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

III.Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

- Балалар мен Аюға барайын. Сендер жол ережесін үйреттіңдер және дәрігерлік көмек көрсеттіңдер. Ал енді мен сыйлықтарыммен бөлісейін. (сыйлық тарату) Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар.
Сабақты қорыту:- Бүгін балалар қандай тақырыпта әңгімелестік?
- қандай мамандық иелерін білдіңдер балалар? Дәрігер не істейді?

Ата-аналарыңның мамандығы кім білесіңдерме?
Жарайсыңдар балалар қазақта мынадай мақал бер, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей», «Еңбектің – наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»
Балалар ерінбей еңбектеніп сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

  • Мамандық-тар

  • Дәрігер, ұстаз, сатушы

  • Балалар ата-аналары-ның мамандықтары жөнінде әңгімелейді

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек

Нені игерді

Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді

Нені біледі:

Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мамандықтың бәрі жақсы

Автор: Кабылмаликова Райхан Нурбековна

Дата: 14.03.2018

Номер свидетельства: 461890

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Т?рбие са?аты: "Маманды?ты? б?рі жа?сы" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-mamandyk-tyn-b-ri-zhak-sy"
    ["file_id"] => string(6) "246627"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446407394"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Ашық сабақ "Мамандықтың бәрі жақсы" тіл дамыту пәні"
    ["seo_title"] => string(53) "ashyk_sabak_mamandyk_tyn_b_ri_zhak_sy_til_damytu_p_ni"
    ["file_id"] => string(6) "386932"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486035812"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Маманды?ты? б?рі жа?сы" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(41) "mamandyk-tyn-b-ri-zhak-sy-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "245488"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446134330"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Внеклассное мероприятие "Маманды?ты? б?рі жа?сы" "
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-mamandyk-tyn-b-ri-zhak-sy"
    ["file_id"] => string(6) "151564"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420722791"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Маманды?ты? б?рі жа?сы "
    ["seo_title"] => string(25) "mamandyk-tyn-b-ri-zhak-sy"
    ["file_id"] => string(6) "151572"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420723271"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства