Ортасы 20минут | ІІ Жаңа сабақ Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаумыз, күлеміз. Айналадағы дүниені танып білеміз. Міне көрдіңдерме? Балалар болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді тәрбиелі болуы керек. 1. Бүгін қай күн? 2. Бүгін ауа райы қандай? 3. Жылдың қай мезгілі? Бір - екі - үш... Сынып іші тып - тыныш. Жалқаулықты тастаумыз, Сабақты біз бастаймыз. Әзір ас жоқ дүниеде. Сабақ өзі оқылмайды, Көйлек өзі тоқылмайды, Тұқым өзі себілмейді, Үйлер өзі салынбайды, Кендер өзі табылмайды, Кітап өзі жазылмайды. Барлық істің батыры – біз, Екі қол мен ақылымыз. Осының бәрін кім істейді? Кім айтады? Асты кім әзірлейді? Сабақты кім оқиды? Көйлекті кім тоқиды? Тұқымды кім себеді? Үйлерді кім салады? Кенді кім табады? Кітапты кім жазады? Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ. ІІІ. Түсінгенін тексеру Сөздікпен жұмыс (тақтада суреттермен сүйемелдеп көрсету - көрнекілік әдісі) Өрт сөндіруші Тігінші Әскери қызметкер Әртіс Құрылысшы Аспазшы Дәрігер Етікші Шаштараз Мұғалім Кітапханашы «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны. Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді. Қойшы балаларды оқытып жүр. Жүргізуші машина жүргізеді Аспазшы үй салып жүр. Дәрігер адамдарды емдейді. Жазушы хат, газеттер тасып жүр. Дәрігер етік тігіп отыр. Мұғалім балаларды емдеп жүр. Ұшқыш әдемі киім тігеді. Өрт сөндіруші өртті сөндіреді. Суретші сахнада ән айтып тұр. ІV.Жаңа сабақты бекіту Мамандық таңдау Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады. Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Сабақ қорытындысы. «5 саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Талаптанып, Қанаттанып, Өмір сырын ұғамыз, Білім алып, тұлғаланып, Азамат боп шығамыз. | Түрлі мамандық иелері туралы суреттер |
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы |