kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қыстың әсем келбеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қыс мезгілі  туралы  мәлімет  беру.Қыс  мезгілі  туралы  түсінк  беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қыстың әсем келбеттері»


Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№35 «Балдырған бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бекітемін»

№35 «Балдырған бөбекжай» директоры


------------------ М.М.Кабдрахманова

« » 02.2021 жыл



«Көңілді қыс»

/Есеп беру ұйымдастырылған оқу қызметі/





Дайындаған : №2 кіші тобының тәрбиешісі Абылова.З.С

Өткізген: №2 кіші тобының тәрбиешісі Абылова.З.С




















Ақтау қаласы

2021 жыл




Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметтері: Денсаулық, Көркем әдебиет, Құрастыру, Жапсыру.

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.

Тәрбиеші:

-Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Мейірімділік жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық.

Бір жадырап қалайық,

Келіп қалған қонақтарға

Иіліп сәлем берейік.

Тәрбиеші:

-Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.

Шанамен зырғып желетін,

Коньки, шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

Балалар:

- Қыс мезгілі

Тәрбиеші :

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

-Қыс

Тәрбиеші:

-Қыста неше ай бар?

Балалар:

-үш ай бар.Қайсылар?

Балалар:

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

Балалар:

-Қар жауады, аяз болып, боран соғады.

Тәрбиеші:

-Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)

Тәрбиеші:

-Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?

(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)

Тәрбиеші:

-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?

(Алақай, деп қолдарын көтереді)

Тәрбиеші:

-Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?


-Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)

Балалар:

-Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар!

-Балалар, мына суреттерге қараңдаршы,не көріп түрсындар?

Балалар:

-Аққала,кар,балалар.

Тәрбиеші:

-Аққала неден жасалады?

Балалар:

-Қардан

Тәрбиеші:

-Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.

Балалар қарды қолмен ұстап көреді.

Тәрбиеші:

-Қардың түсі қандай?

Балалар:

-Ақ

Тәрбиеші:

-Қар мұздай ма, жылы ма?

Балалар:

-Мұздай

Тәрбиеші:

-Аққала неше бөліктен тұрады?

Балалар:

-Үш бөліктен тұрады

Тәрбиеші:

-Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

Балалар:

-Дөңгелек

Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/

Аққала:

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.

Тәрбиеші:

-Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік.

-Балалар, қонаққа кім келді?

Балалар:

-Аққала

Аққала:

-Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

«Қар жинау» ойыны.

Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті.

Аққала:

1тапсырма:

-Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

-Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?

Балалар:

-ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.

-Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:

Шынығамыз бәріміз,

Иіліп, бүгіліп, денеміз.

Хоккейді де ойнаймыз,

Шаңғыны да тебеміз.

Әрлі - берлі жол салып,

Қар лақтырып, ойнаймыз.

Қорықпаймыз аяздан

Спортшы болмай қоймаймыз.

2. Тапсырма:

-Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады )

Ақниет: Қыс мезгілі көңілді,

Аспаннан ақ қар төгілді.

Шанамен біз ойнаймыз,

Шаңғы теуіп сырлаймыз.

Барысхан: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып - жылтыр боп жатады.

Айсан:Қар жауғанда топ бала,

Соқты қардан аққала.

Мұрны сәбіз,үп-үшкір,

Көзі көмір,қап-қара.

Қанат: Ауыл сырты-биік жар,

Бізді күтіп,тұр қарап.

Биік жарға шығып-ап,

Жөнелеміз сырғанап.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар!

-Қане, балалар ойын ойнап жіберейік.

-Аққаламызға суретін құрап берейік.

Ойын: «Аққала құрастыру»

Тәрбиеші:

-Балалар, енді аққаланың суретін жапсырайық.

Аққала:

-Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар!

-Рахмет!

-Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер!

-Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін.

- Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!

Тәрбиеші:

-Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)

Қорытынды:


Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?

Балалар:

-Қыс мезгілі

Тәрбиеші:

-Бізге бүгін қонаққа не келді?

Балалар:

-Аққала

Тәрбиеші:

-Барлығымызға ұнады ма?

Балалар:

-Иә

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.

«Жүректен - жүрекке»:

Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болыңыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қыстың әсем келбеттері

Автор: Абылова Зауреш Сағынбаевна

Дата: 16.02.2021

Номер свидетельства: 573307

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Қыстың әсем қызықтары"
    ["seo_title"] => string(20) "kystyn_sem_kyzyktary"
    ["file_id"] => string(6) "573306"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1613461553"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ашы? т?рбие са?аты: "Т?уелсіздік - ?асиет т?н?ан ?лы ??ым" "
    ["seo_title"] => string(64) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik-k-asiiet-tu-ng-an-u-ly-u-g-ym"
    ["file_id"] => string(6) "163675"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422528294"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "«Т?уелсіздік – ?асиет т?н?ан ?лы ??ым » "
    ["seo_title"] => string(42) "t-uielsizdik-k-asiiet-tu-ng-an-u-ly-u-g-ym"
    ["file_id"] => string(6) "182934"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425650182"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства