Кіші жас «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 13.11.2019ж.
Тәрбиеші: Абишева Б. А.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат »
Тақырыбы:Күзгі жапырақ
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Еңбек мәдениетін сақтай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау қабілетімен қоса қол маторикасын түсті сезіне білуін шығармашлықтарын дамыту.
Оқыту: Бейнелеп және елестетіп жапырақтарды мүсіндеу.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Күздің,жапырақтың суреті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, самал жел! Амансың ба, айдын көл! 2.Негізгі бөлім:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күзе дала қандай түске боянады? -Ендеше біз ермексаздан күзгі жапырақты мүсіндеуді үйренеміз! Жапырақтар Қыстың жақын қалғанын Жапырақтар білгендей Желмен ұшып барады Жерге қонып үлгермей Жапырақтар жамырап Сайға барып бекінді Анасынан ажырап Қалған бала секілді. -Ермексазбен күзгі жапырақтарды мүсіндеу жолын түсіндіру. Сергіту сәті: Отырып ақ орнында, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егерде, Былай ескек есейін 3.Қорытынды: -Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске өзгереді? -Шіріген жапырақтың бізге қандай пайдасы бар?