kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "К?згі жапыра?тар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы : К?згі жапыра?тар
Саба?ты? ма?саты : 
1. Білімділік : О?ушыларды? жыл мезгілдері туралы оны? ішінде к?з туралы білімдерін жетілдіру, с?йлем ??рау шеберліктерін жетілдіру.
2.Коррекциялы? : Ойлау,есте са?тау,есту, к?ру сезімдерін жетілдіру, с?здік ?орларын молайту, ауызекі с?йлеуге да?дыландыру.
3.Т?рбиелік : К?з туралы ??гімелей отырып, о?ушыны? бойында ?орша?ан орта?а деген с?йіспеншілікті ояту.

Саба?ты? т?рі : жа?а саба?

Саба?ты? типі : жа?а білімді ?алыптастыру.

Саба?ты? ?діс –т?сілдері : с?ра? –жауап,іздену, ой ша?ыру, ??гімелеу, ж?пты?,топпен ж?мыс

Саба?ты? к?рнекілігі : дидактикалы? материалдар, слайд –презентация,суреттер,плакат т.б.

                                             Саба?ты? барысы :

І. ?йымдастыру

О?ушыларды? саба?  ??ралдарын шы?артып,зейіндерін саба??а аудару

-Амандасу

-Аппаратты ки

-?алай естисі??

-Б?гін нешесі?

-Аптаны? ?ай к?ні?

-?азір ?ай саба??

-?ай мезгіл?

-Кезекші  кім?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "К?згі жапыра?тар"»

Облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзеу) мектеп-интернаты











Ашық сабақ



Пәні: Тіл дамыту



Тақырыбы: Күзгі жапырақтар



Сыныбы: 3-нашар еститін



Пән мұғалімі: Карасаева Н.Т.



2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы : Күзгі жапырақтар
Сабақтың мақсаты : 
1 . Білімділік : Оқушылардың жыл мезгілдері туралы оның ішінде күз туралы білімдерін жетілдіру, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру .
2.Коррекциялық : Ойлау ,есте сақтау ,есту , көру сезімдерін жетілдіру , сөздік қорларын молайту , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру .
3.Тәрбиелік : Күз туралы әңгімелей отырып, оқушының бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ояту .

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың типі : жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс –тәсілдері : сұрақ –жауап ,іздену, ой шақыру , әңгімелеу, жұптық ,топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі : дидактикалық материалдар , слайд –презентация,суреттер,плакат т.б.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабақ құралдарын шығартып,зейіндерін сабаққа аудару

-Амандасу

-Аппаратты ки

-Қалай естисің?

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай сабақ?

-Қай мезгіл?

-Кезекші кім?

Осы айдағы кезекші дыбыс қандай?

/М-П/

МА-МА-МА ПА-ПА-ПА
МО-МО-МО ПО-ПО-ПО
МУ-МУ-МУ ПУ-ПУ-ПУ

МА-МА ПА-ПА

ІІ.Үй тапсырмасын тексеріп,бекіту

Оқушыларға жапырақ түрлерін жинап әкелу берілді



Ой шақыру

Ойымызды жинақтайық:

-Жылдың неше мезгілі бар?

КҮЗ,ҚЫС,КӨКТЕМ,ЖАЗ

-Қазір жылдың қай мезгілі?

КҮЗ мезгілі

-Күз айларын атаңдаршы

Қыркүйек,қазан,қараша

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күзде күн суыта бастайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ағаштардың жапырақтары сарғаяды.

Неге сарғаяды деп ойлайсыңдар ?

Себебі ағаштардың қорегі азаяды.Жарық азаяды,жылу азаяды,топырақ тоңазиды екен.

Олай болса осы күз мезгіліне байланысты бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Күзгі жапырақтар

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу ,түсіндіру

Күзгі жапырақтар қандай болады екен?

Алуан-алуан ,әр түрлі болады екен

Жапырақ түстері қандай?

Сары,қызыл

Енді 2-жаттығуымызға көшейік

2жаттығудың 1-тапсырмасы:

Суретке қарап әңгімелеу

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Кім айтады?

Күзде күн суыта бастайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі,қурайды.Күн қысқарады,түн ұзарады.

Өсімдіктер тіршілігі жыл мезгіліне байланысты неліктен өзгеріске ұшырайды?

Жарық азаяды,жылу азаяды.Жапырақтар сарғайып қурайды.Қорек азаяды,топырақтар тоңазиды.

2-тапсырмасы:Жуан және жіңішке дауыстыларды атаңдар.

Тақтамен жұмыс:

3-жаттығу

Қайың,терек басынан,

Сарғылт тартып жапырақ

Жерге түсіп шашылған,

Жел үрлесе тек қалтырап.

Енді қолымызды демалтып сергіту сәтін өткізейік.

Дауылға да қарамай, (қолын толқындату)

Жауынға да қарамай (партаны тықылдату)

Балықшылар айдында,

Ау тартады жағалай (ауды шірене тарту)



Дәптермен жұмыс:

4-жаттығу

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

Егілген бидайдың ұшы-қиыры жоқ.

Бидай теңіздей толқиды.

Ел астық жинауға кірісті.

Машиналар мен комбайндар тыным таппайды.

Релаксация / Көзге жаттығу/2-3минут

«Кім тапқыр?» ойыны

Оқушыларға көкөніс пен жеміс суреттері араластырып үлестіріледі.Әр оқушы көкөністі бөлек,жемісті бөлек тізіп тақтаға жапсырады.Осы арқылы оқушыларымыздың көкөніс пен жемісті ажырата білетінін анықтаймыз.







  • Сөзжұмбақ шешейік: 

Сұрақтары :

1.Күзде не қысқарады ?

2.Аптаның бірінші күні ?

3.Қай жыл мезгілінде астық піседі ?

4.Жаздың екінші айы ?

5.Күздің бірінші айы .

(күн,дүйсенбі,күз,шілде,қыркүйек) Күзде деген сабақ тақырыбы шығады.



Қорытындылай келе алған білімімізді топтастыру стратегиясы бойынша топтастырамыз.



Құстар жылы жаққа ұшып кетеді



Күн қысқарады Күн суытады



Күзде

түн ұзарады Жапырақтар сарғаяды

Үйге:5-жаттығу

Бекіту

Бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? "К?згі жапыра?тар"

Автор: Карасаева Надежда Тулешовна

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 296872


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства