Тәрбиеші алманы қалай жасайтынын балаларға түсіндіреді: алдымен алма муляжіне жыртылған қағаздар жабыстырылады,содан кейін муляжді шығарып,мүсінді кептіреді.
Мақсаты: Құрылыс материалдардан ғарыш зымыраны құрастыра алу дағдыларын қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: ғарыш зымыраны.
Көрнекіліктер: Ғарыш пен зымыранның суреті, үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты Алтын шуақ таратты Армысыңдар, достарым! Сәлем, сәлем, сәлем
Жұмбақ жасыру. Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/ 1) Ойыншық ұшақтарды тамашалау: Балаларға ойыншық ұшақтарды көрсетіп, құрылысымен таныстыру. - Ғарыш зымыраны не үшін қажет? - Аспанға ұшу үшін - Зымыраны кім жүргізеді? Ғарыш зымыраны туралы әңгімелеу. - Зымыраны құрылыс материалдардан қалай жасайтынын түсіндіру. (Балалар аяқталған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады) «Жер, су, ауа» ойыны ойналады. «Жер» дегенде балалар «Автобус» дейді.«Су» дегенде «Кеме» дейді, «Ауа» дегенде «Ұшақ» болып ұшады.Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін арттыру. Қорытындылау Көлдерді көктей өт Тауларға жетпей өт Бұлттарды жарып ұш Бұлттан да әріге ұш Тоқтаусыз төтеле Жетейік көкеме.... (Балалар бірлесе отырып жаттайды)
-Бүгін не жасадық?
-Зымыран қайда ұшады?
Балалардың жұмыстарын бағалау.
Өлең шумағын айтады.
Жұмбақты шешеді.
Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже: Білуі:Ғарыш зымыраның не екенін білуі керек; Игеру: Жұмыстарын тиянақты орындай алуды игеруі керек; Меңгеру: Зымыраны құрылыс материалдардан жасау жолдарын меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: “Қоян мен сәбіз”
Мақсаты: Жұмыртқа қабығынан қоян жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: дала жануары, қоян, көжек, орман.
Көрнекіліктер: жанурлардың суреті, ойыншықтар, үлгі сурет.
Қеректі құралдар: жұмыртқа қабығы,ермексаз,таяқша,тақтайша,сүлгі,тақтайша.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер:
Есек құлақтас,
Ит сирақтас,
Түйе еріндес,
Жапалақ көздес,
Бұта түбі кеуеге,
Кеуегінде көжегі.
Не туралы айтылған?
Қай жануардың сирағына ұқсайды дейді?
Ненің ерніне ұқсайды дейді?
Көзі қандай?
Кеуегінде не жатыр дейді?
Жұмбақ жасыру.
Есек құлақ,
Қорқақ өзі,
Қыли көзі?
Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан соң, тәрбиеші ойыншық қоянды көрсетіп, балалармен бірге қоянның дене құрылысын анықтайды. Денесін, басын, аяқтарын әр түрлі көлемді цилиндрден жасауға болатынын айтады.
Тәрбиеші жұмыртқа қабығынан жасау жолын түсіндіреді.
Алдымен жұмыртқа қабығын дайындап,соның үстіне қоянның басын ермексаздан жасау керек.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан топпаңда,
Көжегі екен өзіннің.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалардың жұмыстарын талдау.
Сонымен балалар біз бүгін нені мүсіндедік?
Қоянның құлағы қандай?
Қоян қайда мекендейді?Мадақтау, бағалау
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Жұмбақтын шешуін табады
Балалар қоянның дене құрлысын айтады.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қоянның дене құрылысын білуі ;
Игеру : Жұмыртқа қабығынан қоян жасау жолын игерілуі;
Меңгеру: Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Қысқы көрінісі”
Мақсаты: Балалардың шығармашылық ойлауы мен қиялдарын дамыту.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреттері, үлгі сурет
Керекті құралдар: бұтақтар,мақта,тақтайша,сүлгі.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер:
Мысалы: Кел балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілденіп жүрелік.
Балалармен әңгімелесу.
-Жылдың қай мезгілі?-сұрақ қою.
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер бар?
- Тәрбиеші балалардан серуен кезінде не көргендерін сұрайды. Ағаштардың қысқы тіршілігіне назар аудартады. (ағаштардың бұталары мен бүрлерінің орналасуына, түсіне қарайды) - Ағаш қандай бөліктерден тұрады? - Мына суретке қараңдаршы: бірінші жер астына ағашқа өмір беріп тұрған тамыры орналасқан. Мынау діңі. Діңінен жан-жаққа бұтақтары таралған, бұтақтары жіңішке, майысқақ. Бұтақтарынан жапырақтар өркен жаяды.. - Бұл ағаштардың бізге қандай пайдасы бар? - Олар қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды. - Тәрбиеші ағаштың бұтағын суға салып қояды, кейін ағаштың бүр жара бастағанын балалармен бақылайды.
Сергіту сәті:
Көкке қарай шығамыз Шанамызбен Төмен қарай құлдилап, Біз сырғанақ тебеміз. - Балаларға жұмыс барысы түсіндіріледі. Бұтақтардан ағаш,мақтадан қар жасайтыны жайлы айтылады. Сабақты қорытындылау.Балалар өз жұмыстарын қызықтап, бір-біріне өз бағаларын береді.
Бағалау,мадақтау.
Жылы лебіздер білдіреді.
Күтілетін нәтиже: Білу: Жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты қысқы ағаштың қандай болатынын білді Игеру: Бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуі керек Меңгеру: Табиғаттың әсемдігіне, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарауды біледі
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Автобус”
Мақсаты: Құрылыс материалдардан автобус құрастырып жасау іскерліктерін арттыру.
Жұмбақты шешкен соң,көліктердің суреттерін көрсетіп әңгімелеу.Олардың ішінде автобус көлігіне тоқталып, оның адамдар өмірінде алатын орны,қызмет көрсету ережелері туралы айтып түсіндіру.
Автобус құрылысына талдау жасау.
а) көрсету: Көліктің суреттерін көрсету.
б) түсіндіру: Құрылыс материалдан автобусты қалай құрастырып жасайтынын балаларға түсіндіру.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алдыға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық.
Балалар автобустың орындау үлгісіне сүйене отырып,
дербес жұмысын орындайды.
Тәрбиеші балаларға бағыт беріп,көмектеседі.
Сабақты қорытындылау.
Не жапсырғанын балалардан сұрау.
Бағалау,мадақтау.
Өлең жолдарын қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже: Білу:Көлік түрлерін бір-бірінен ажырата білуі; Игеру: Автобусты құрастыру әдіс-тәсілдерін игерілуі; Меңгеру: Өз жұмыстарын аяқтап,бітіруге дағдыландыруды меңгерілуі;
.
Күні _____
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “ Кесе ”
Мақсаты: Балаларға берілген гүл байлайтын ленталардан кесе жасап үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер:ыдыс-аяқтың суреттері, кесенің суреті,үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Армысың қайырымды аспан-ата!
Армысың мейірімді жер-ана!
Армысың шұғылалы алтын күнім!
Армысың балабақшам, дос-жараным!
Тәрбиеші: Қанеки балалар енді біз тілек айтайық.
Балалар: Аспанымыз ашық болсын.
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын.
Балаларға жұмбақ жасыру:
Мысалы:
Кесе, шыны, пиала – Оларсыз шай құяма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)
Балаларға ыдыс-аяқтың суреттерін көрсетіп ,әңгімелеу.
Тәрбиеші:Балалар, кеселер әр түрлі болады (үлкен, кішкентай) және де олардың түстері де әр-түрлі болады. Мысалы: ақ, сары, көк.
Кесенің үстіңгі жағы жалпақ кең, ал төменгі жағы кішірек болады.
Кесенің түбінде шұңқыры болады.
Кесені қалай лентадан жасайтынын балаларға түсіндіру.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тұнығып алайық.
Балалар дербес жұмыс жасайды.
Қиналған балаларға жеке көмек көрсету. Дайын жұмыстармен көрме ұйымдастыру.
Сабақтың қорытындысы.
- Балалар біз бүгінгі сабақта не жасадық?
- Кесе.
- Бір сөзбен не дейміз?
- Ыдыстар.
Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.
Өлең жолдарын қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже: Білу:Ыдыс-аяқтарды атай білуі; Игеру: Кесені жасау тәсілін игерілуі; Меңгеру: Жұмысты басынан аяғына дейін бітіріп аяқтауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Шыршаға арналған ойыншықтары”
Мақсаты:Табиғи заттардан шыршаға арналған ойыншықтарды жасау тәсілдерін үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
Сөздік жұмыс: шырша.
Керекті құралдар: жаңғақ,ермексаз,тақтайша,сүлгі.
Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреті, шыршаның суреттері, ойыншықтардың және үлгі сурет
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер жасау:
Мысалы: Армысың асыл күн !
Армысың асыл жыл ,
Армысың көк аспан !
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос ,
Болайықшы жақсы дос .
Балаларға жұмбақ жасыру.
Мысалы: Тікен, тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте. /шырша/
Шырша туралы әңгімелеу.
-Оның түсі қандай болады?
-Үсті толған не?
-Шыршалар қайда өседі?
-Шыршаны адамдар қай кезде қояды?
-Немен оны безендіреді?
Балалардың жауаптары тыңдатылады.
Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.
-Бүгін құрастыру сабағында біз сендермен шыршаға жаңғақтардан ойыншықтар жасауды үйренеміз.
Көрсету:Шыршаның суреті мен үлгі суретін балаларға көрсету;
Түсіндіру:Жаңғақтан шыршаның ойыншықтарын қалай жасау керектігін балаларға түсіндіру:
Көрнекіліктер:Қыстың суреті мен қысқы киімдердің суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер:
Мысалы: - Балалар қолдарыңды жоғары көтеріп биікке қарап қолдарыңа өте үлкен үрлемелі шар бар деп көз алдарыңа елестетіңдер.Шар жеп – жеңіл , мөп – мөлдір одан ғажайып бір жылу жылу сезіліп тұр.Оны қолымызға алып , жүрегімізге жақындатайық , жеңіл ұстайық .Сендер жылулықты сездіңдер ме? Ал енді осы жылулықты бір бірімізге берейік.
Ал енді мен сендермен сұрақ – жауап ойнағым келіп тұр. - Қай мезгілде қар жауады? - Қай мезгілде аяз терезеге ою салады? - Балалар, қыс мезгілінде неше ай бар? Дидактикалық ойын: Қысқы киімді ата.
Мақсаты: Сөздік қорын молайту. Балалар,бүгін құрастыру сабағанда біз сендермен қысқы кимдерді картон қағаздан жасап үйренеміз.
Көрсету: Балаларға қысқы киімдердің суреттері мен үлгі суретін көрсету;
Түсіндіру:Қысқы киімді қалай картоннан қиятынын түсіндіру.
Мысалы: Етік,тон,малақай,бөкебай.
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазайық.
Отырайық,тұрайық,
Бір тынығып алайық.
Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі.Ал,педагог бақылап отырады.
Кішкентай бөбек-біз бала екеуміз отбасылық базары.
-Балалар,бүгін жапсырма сабағанда біз сендермен өз ініміздің бет-әлпетін жасауды үйренеміз.
Көрсету: Отбасы мүшелері мен үлгі суретін көрсету;
Түсіндіру: Киндерсюрприздан адам бейнесін қалай жасайтынын түсіндіру.
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазайық.
Отырайық,тұрайық,
Бір тынығып алайық.
Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі.Ал,педагог бақылап отырады.
Бүгін баланың бетін неден жасадық?
Бағалау және мадақтау.
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Санамақты жатқа айтады.
сәтін жасайды.
дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:Отбасы мүшелерді танып,атап білуі;
Игеру:Адам бейнесін киндер сюрприздан жасау жолдарын игерілуі;
Меңгеру:Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Бәйшешек”
Мақсаты: Қағазды бүктеу арқылы гүлдің бейнесін жасау жолын үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
Көрнекіліктер: Бәйшешек пен басқа гүлдердің суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер: Балалар жылы шеңберде тұрып,бір-біріне жылы сөздер атады.
Мысалы: Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз сәтті өтсін!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар? Үш.
Көктем айларына қандай айлар жатады?
- Балалар,көктемге 3 ай кіреді:Наурыз, сәуір, мамыр.
Қазір көктем мезгілінің Наурыз айы.
Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді ғой.Ендеше осы күн сәулесінің тұсына көктем туралы не білетінімізді айтайық.
Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
Жаңа сабақты хабарлау.
Жұмбақ жасыру .
Мысалы: Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді
Алақаның жайып. (гүл)
Көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер: Бәйшешек пен Жауқазын.
Балалар,бүгін сабақта біз сендермен Бәйшешек гүлін қиып жапсыруды үйренеміз.
а) көрсету:Балаларға гүлдердің суреттерін және үлгі сурет көрсету;
б) түсіндіру:Түрлі түсті қағаздан қалай салып қию керектігін түсіндру;
в) сипаттау: Бәйшешек ерте гүлдейді.Ерте көктемде қар астынан қылтиып шығатын, көктемнің жаршысы секілді бәйшешекті жақсы білесіңдер. Оған қысқы суық, қар, тіпті көктемнің ызғары да қорқынышты емес. Бәйшешек өсімдік атаулының ішінде ерте оянатыны.
Сергіту сәті:
Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі.Педагог бағыт беріп отырады.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Мақсаты: Гүлдердің атауларын дұрыс атауды дағдыландыру.
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не білдік?
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау
Жылы тілектер айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Күн мен түн теңеледі;
Көктемде қар ериді;
Малдар төлдейді;
Күн жылынады
Жұмбақ шешеді.
Сергіту сәтін жасайды.
дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Гүлдерді танып,атауларын атай білуі;
Игеру:Бәйшешекті қиып жапсыру жолдарын игерілуі;
Меңгеру:Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Жасыл орман”
Мақсаты: Табиғи заттардан жасыл орманды бейнелей алу қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
Көрнекіліктер: орманның және аңдардың суреттері
Керекті құралдар: тастар,бұтақтар,жаңғақ,т.б
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер.
Мысалы: Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балаларға жұмбақ жасыру:
Мысалы: Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады
(ағаш)
Жаңа тақырыпты хабарлау.Жасыл орман жайлы әңгімелеу.
а) Көрсету:Орманның суреттері мен жабайы аңдардың суреттерін көрсету.
б)Түсіндіру: Балаларға жасыл орманды бұтақтан,тастан тауды жасайтынын түсіндіру.
в)Сипаттау: Орманды сипаттау.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай шайқалып,
Табиғатты сүйеміз,
Шетімізден шеберміз,
Бойымызды еркін ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
Дербес жұмыс: Балалар дербес жұмыс жасайды,ал тәрбиеші әр баланың жұмысын қадағалап отырады.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгін біз не жасадық?
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Өлең шумағын айтады.
Жұмбақты шешеді.
Суретке қарайды.
Сергіту сәтін жасайды.
дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жасыл орманды танып білуі;
Игеру: Табиғи заттан жасыл орманды бейнелеуді игерілуі;
Меңгеру:Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Хлорофитум”
Мақсаты: Ұсақ заттардан хлорофитум гүлін жасау жолын меңгерту.
Көрнекіліктер: Шекарашы адамның суреті және үлгі сурет.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әс-ірекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер жасау:
Таң атады арайлап,
Оянады бар аймақ.
Оянады достарым,
Мен қаламын қарайлап.
Жаңа тақырыпты хабарлау.
Дидактикалық ойын: “Ұлттық киімдерді ата”.
Мақсаты: Балалардың ұлттық киімдер жайлы түсініктерін тереңдету.
Тон– қойдың терісінен жүн жағы ішіне қаратылып тігіледі, әрі жылы, әрі жұмысқа өте ыңғайлы киімнің түрі.
Тақия– Шығыс халықтарына тән бас киімнің түрі. Жеңіл, дөңгелектеп тігілетін бас киім.
Мәсі– аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы – өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де киеді. Мәсіні жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді.
Шапан– қазақ үшін өте сыйлы киім. Оны қалың матадан қазақтың ою-өрнегін салып, астарлап сырып тігеді. Шапандар әртүрлі тігіледі. Шапанды ерлер де, әйелдер де, балалар да киеді. Қазақ халқында сыйлы қонақтарға шапан беріледі.
-Балалар,бүгін жапсырма сабағында біз сендермен шапанды жасап үйренеміз.
Көрсету: Шапанның суретін және үлгісін көрсету;
Түсіндіру: Шапанды қағаздан қалай қию керек екенін түсіндіру.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі.Ал,педагог бақылап отырады.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз нені жапсырып бейнелендік?
Жайлауда нелер маңырап жүр?
Оларды қалай деп атаймыз?
Бағалау және мадақтау.
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Суретке қарайды.
сергіту сәтін жасайды.
дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:Ұлттық киімдерді білуі;
Игеру: Шапанды қиып жапсыру жолын игерілуі;
Меңгеру:Жұмысты тиянақты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: “Орман ағаштары”
Мақсаты: Заттың бір бөлігін басқа бір затқа қойып,орналастыру арқылы жапсыруды үйрету.
Шаттық шеңбері: Мысалы: Қуан, шаттан балақай Жарқырайды аспанда Күн алақай! Атқан таңға, шыққан күнге Сәлем беріп, Тілейік бақыт, баршаңызға осындай. Қайырлы таң апайлар! Біз- ерекше боламыз, Біз еңбекқор боламыз!
Балаларға жұмбақ жасыру:
Мысалы: Қанаты бар ұшпайды, Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)
Балалар ол не?
Ия,дұрыс балық.
Бүгін құрастыру іс-әрекеттімізде балықты жасап үйренеміз.
а) көрсету: балықтың суретін және үлгісін көрсету;
б)түсіндіру: Шие сүйегінен балықты қалай жасау керектігін балаларға түсіндіру.
в) Сипаттау. Балықтың дене мүшелерін сипаттап әңгімелеу.
Сергіту сәті:
Тербелейді ағаштар,
Алдымнан жел есейді.
Кіп-кішкентай ағаштан,
Үлкен болып өседі.
Дербес жұмыс: Балалар дербес жұмыс жасайды.Ал,педагог әр баланың жұмысын қадағалап отырады.
Дидактикалық ойын: Екі бірдей балықты тап.
Мақсаты: Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қорытындылау: - Балалар, бізге қандай оқу іс- әрекеті болды? - Онда біз нелермен таныстық? - Қандай балықтарды көрдіңдер? - Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп- көп рахмет! Бағалу және мадақтау.
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Жұмбақ шешеді.
Балықтың суретіне қарайды,әңгімелейді.
Сергіту сәтті жасайды.
Дербес жұмыс жасайды.
Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуі. Игеру: Балықты жасау кезінде баланың іскерлік пен дағдыларын игерілуі;
Меңгеру: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі.
Күні _____
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Қазақстан Республикасының туы”
Мақсаты: Тіктөртбұрыш пішіндерін қолдана отырып,матадан туды қиып құрастыруды үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
Көрнекіліктер: Астананың көрікті жерлердің және Ту мен Елтаңбаның суреттері.
Керекті құралдар: картон,ПВА-желім,мата,қайшы.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер:
Мысалы: Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы Көк емес ол тектен – тек Елдің ашық қабағы.
Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы, Оны халық қашанда Биікке іліп қояды
Бұл өлеңнің мазмұнын ашу.
Балалармен әңгімелесу.
-Балалар, біз сендермен қай елде тұрамыз?
-Біздің Республикамыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады?
-Балалар, бұл суретте не көріп тұрсыңдар?Бұл қандай қала?
-Ия,дұрыс Астана қаласы.
-Астана қаласының бас символы ол не?
-Ия,Бәйтерек.
-Қазақстан Республикасының Рәміздерін атаңдар?
Балалар: Ту,Елтаңба,Гимн.
-Балалар,бүгін құрастыру сабағында біз сендермен Туды құрастырып үйренеміз.
Көрсету: Балаларға Ту,Елтаңбаның және Астананың көрікті жерлердің суреттері мен үлгі суретін көрсету;
Түсіндіру: Күннің көзін және бүркітті матадан қалай қиятынын түсіндіру.
Сипаттау: Туды сипаттап беру.Тудың ішінде ненің суреті бейнеленгені жайлы әңгімелеу.
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазайық.
Отырайық,тұрайық,
Бір тынығып алайық.
Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі.Ал,педагог бақылап отырады.
Бүгін біз нені құрастырдық?
Бағалау және мадақтау.
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәтін жасайды.
дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:Рәміздерді танып,атап білуі;
Игеру:Туды құрастыру жолдарын игерілуі;
Меңгеру:Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Тұзкиіз әшекейлеу”
Мақсаты: Тұзкиізді құрастыруды үйрету,әр түрлі оюлармен әшекейлеуді үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
Көрнекіліктер: Көктемнің суреті және тұзкиіздің үлгісі.
Керекті құралдар: картон, қайшы,мата,ПВА-желім.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әс-ірекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер:
Мысалы:
Көлде аққу,көлде қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
Өлеңнің мазмұнын ащу.
Балалармен әңгімелесу.
-Өлеңде қай жыл ныммезгілі туралы айтылған?
-Көктемде ауа-райы қандай болады?
-Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктерді байқалады?
-Балалар,көктемде қандай мереке болады?
-Ия,дұрыс.Аналарымыздың мерекесі болады.
Жаңа тақырыпты хабарлау.
-Балалар,бүгін құрастыру сабағында біз сендермен тұзкиізді әшекейлеуді үйренеміз.
Көрсету: Балаларға көктемнің және тұзкиіздің үлгісін көрсету;
Түсіндіру:Тұзкиізді қалай жасайтынын түсіндіру.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі.Ал,педагог бақылап отырады.
Бүгін біз нені құрастырдық?
Бағалау және мадақтау.
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Суретке қарайды.
сергіту сәтін жасайды.
дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білуі;
Игеру:Тұзкиізді әшекейлеп жасау жолдарын игерілуі;
Меңгеру:Жұмысты тиянақты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: “Жайлау”
Мақсаты: Табиғи заттардан жайлауды бейнелей алуды үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
Көрнекіліктер: Жайлаудың және үй жануарлардың суреттері.
Керекті құралдар: тастар,картон,шөп,ермексаз.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әс-ірекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер: Жылы сөздер айтады.
Мысалы: -Аспанымыз ашық болсын!
-Күніміз сәтті өтсін!
Сурет бойынша әңгімелеу.Дүрбімен суретті қарау.
Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
Суретте нелерді көріп тұрсыңдар?
Үй жануарлар қайда жүр?
Ия,дұрыс.Олар жайлауда жүр.
Олар не істеп жүр?
Жаңа тақырыпты хабарлау.
-Балалар,бүгін құрастыру сабағында біз сендермен жайлауды бейнелеп, қартон қағазға орналастырамыз.
Көрсету: Балаларға жайлаудың суретін және үлгісін көрсету;
Түсіндіру: Жайлауды қалай бейнелейтінін түсіндіру.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі.Ал,педагог бақылап отырады.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз нені құрастырдық?
Жайлауда нелер маңырап жүр?
Оларды қалай деп атаймыз?
Бағалау және мадақтау.
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Суретке қарайды.
сергіту сәтін жасайды.
дербес жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жайлауды сипаттап,әңгімелеуді білуі;
Игеру: Жайлауды бейнелеу жолын игерілуі;
Меңгеру:Жұмысты тиянақты орындауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: “Анамның мамандығы”
Мақсаты:Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
Көрнекіліктер: Бөлме гүлдердің суреттері
Керекті құралдар:картон,қайшы,кітап үлгілері.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
Шаттық шеңбер: Жылы сөздерді айтып шығады.
Мысалы: Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Мейірімділік шоғын алайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Балаларға жұмбақ жасыру:
Мысалы: Адамдардың бәрі қызығады,
Ұстай берсең сәні бұзылады. (гүл)
- Балалар қандай бөлме гүлдерін білесіңдер?
- фиалка,фикус,бальзамин,кактус,т.б.
- Балалар,бүгін құрастыру сабағында біз сендермен кітап құрастырамыз.
Көрсету: Балаларға Кітаптың суреті және үлгісін көрсету;
Түсіндіру:Кітапты жасау жолдарын түсіндіру.
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазайық.
Отырайық,тұрайық,
Бір тынығып алайық.
Дербес жұмыс: Балалар дербес жұмыс жасауға кіріседі.