?ызылорда облысы,?арма?шы ауданы,А.Жанпейісов атында?ы №105 орта мектеп бастауыш сынып м??алімі
Білім беру саласы: ?атынас
Б?лімі: Сауат ашу ж?не жазу
Та?ырыбы: К?з кереметі 6 – бет
Ма?саты : к?з мезгіліні? ерекшеліктері туралы с?йлем, ??гіме ??растыру. К?з мезгілі, адамдарды? к?згі е?бегі туралы ??гімелеуге ?йрету. Адамдар ?шін жемістер мен к?к?ністерді? ма?ызы туралы т?сінік беру. Жазу?а ?олдарын жатты?тыру.
Ба? - ?рт?рлі а?аш (алма а?аштар, ?рік, алм?рт) ?сірілетін жер.
Ба?ша – к?к?ністер (?ауын-?арбыз, ?ияр, т.б.) егілген жер.
4. «Д?міне ?арай ажырат» дидактикалы? ойыны. Ойынны? шарты: ?стел ?стіндегі к?к?ністер мен жемістерді? б?ліктерінен к?зі байлан?ан бала д?м татып, ?андай жеміс немесе к?к?ніс екенін табады.
ІІ. Негізгі б?лім. 1. Д?птермен ж?мыс.
а) 6-7 беттердегі суреттер бойынша «Ба?та» ж?не «Ба?шада» та?ырыптарында ??гіме ??растыру. Педагог балалар?а жетекші с?ра?тар ?ойып т?рады. Мысалы:
Просмотр содержимого документа
«К?з кереметі 6 – бет»
Ержанова Жазира Маратқызы
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Күз кереметі 6 – бет
Мақсаты : күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастыру. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бірге қосылып айтады: Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек! Көңілді боп жүрейік!
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2.Жұмбақтар шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)
Көк алма костюм киеді, күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)
3.Сөздік жұмысын жүргізу.
Бақ - әртүрлі ағаш (алма ағаштар, өрік, алмұрт) өсірілетін жер.
Бақша – көкөністер (қауын-қарбыз, қияр, т.б.) егілген жер.
4. «Дәміне қарай ажырат» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, қандай жеміс немесе көкөніс екенін табады.
ІІ. Негізгі бөлім. 1. Дәптермен жұмыс.
а) 6-7 беттердегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» тақырыптарында әңгіме құрастыру. Педагог балаларға жетекші сұрақтар қойып тұрады. Мысалы:
– Суретте күз мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?
– Бақта не өседі? (Алма, алмұрт, шие, т.б.).
– Бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады (Жемістер).
ә) Үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу оларды бояу. (6-бет).
б) «Жемістерді себетке жина» дидактикалық ойыны.
Суретте бақта өсетін жеміс, көкөністердің және себетті сурреттері берілген. Себетке тек жемістердің суретін сызып арқылы себетке сызып көрсетеді.
в) Дәптердің 7 бетіндегі (бұрыш, сәбіз, қызанақ) көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. «Бірдей шелекті штрихта» тапсырмасын орындату.
2. Сергіту сәті: Жайдары күз, жарқын күз,Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,Дариядай шалқып жүр. (Қимылмен көрсетеді).
Жұмбақты шешеді.
Ойынды ойнайды.
6-7 беттегі суреттерді әңгімелейді.
Үзік сызықтарды қосады.
Қимылмен көрсету.
Рефлексивті-түзетушілік
ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы сабақтың тақырыптары пысықталады.1. Күздің қандай кереметін сездіңдер? 2. Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер мен көкөністер піседі?3. Суреттен жемістерді атаңдар. 4. Көкөністер қайда өседі?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастыру.
Қандай түсініктерді игерді: Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру