Мотивациялық-қозғаушы | I Шаттық шеңбері. Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ.Сабағымызға көптеген қонақтар келіпті. Бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз Үлгі алсын көрген жан мына бізден Сіздермен болған тек мен ғана емес,шуақты күнде қуанып тұрғандай. Ендеше біз бір бірімзге күлімсіріп,алақандарымыздың жылуын байқай отырып сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді және жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсы көтеріңкі көңіл күй тілейік! - Жақсы ,рахмет балалар! Барлығымыз орынымызға жайғасып отырайық. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Құстар - біздің досымыз» деп аталады Балаларға слайд көрсету арқылы сұрақ қояды. | Шаттық шеңберін жасайды. - Біз тағы да біргеміз, Сөгілмейді іргеміз Құшып күннің шуағын Көрісерміз қуанып. Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, жер ана, Амансың ба, қонақтар? Сіздерді көрсем қуанам. Балалар қонақтармен амандасып, орындарына отырады. Балалар слайдқа қарап жауап береді |
Ұйымдастыру іздестіру | -Балалар біз бірінші өткен сабағымызды еске түсіріп алайық. -Айтыңдаршы сендер неше жыл мезгілін білесіңдер? -Атап беріңдерші? -Қазір қай жыл мезгілі? -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз бойынша өтетін тақырыбымыз «Құстар- біздің досымыз»деп аталады Айтыңдаршы сендер құстың не екенін білесіңдер ме? -Қандай құстардың түрлерін білесіңдер? Ғажайып сәт: Осы кезде топқа Дымбілмес кіреді.Қолында айыратқыш пен сіріңкесі бар. Дымбілмес: -Балалар, менің атым Дымбілмес. Сендер неге жиналып отырсыңдар, жүріңдер тоғайға барып от жағып , тамақ істеп, мына айыратқышпен құстарды атайық , қызық болады. -Балалар, от жағуға, құстарды атуға, ұясын бұзуға бола ма? -Өте дұрыс от жағуға, құстарды атуға, ұясын бұзуға болмайды.Өрт болған жағдайда ағаштар өртеніп, құстардың ұясына зиян келеді. -Дымбілмес сен отыр «Құстар-біздің досымыз» деген тақырыптағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қатыс.Құстар жайлы біздің балаларымыз не біледі екен, көр. Дымбілмес: жарайды. Балалар, біз құстарға қандай көмек көрсете аламыз? Құстардың бізге қандай пайдасы бар? Олар немен қоректенеді? Құстар жайлы қандай тақпақ білеміз? Сергіту сәті Сергіп қалдыңдар ма, онда іс-әрекетімізді жалғастырайық. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Ең алдымен келетін, Өзіміз күтіп алатын, Ұя жасап беретін, Бұл қандай құс? Орманда жоғары Ағашқа қонады, Тұмсығын балға қып Тоқ-тоқ соғады.Бұл не? Қонып алып талға, қарқылдайды не? Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. Бұл қай құс? Көктемде құстар келгенде, Еркін самғап ұшсын,-деп, мәпелейміз, баптаймыз. Бейбітшілік құсы,-деп,қайсы құсты мақтаймыз? Жем көрсе, Шықылықтап қалтандайды, Сескенсе, Жыпылықтап жалтаңдайды. II. Шығармашылық жұмыс. Дидактикалық ойын «Не, қалай, дыбыстайды?» Тәрбиеші құстардың дыбыстарын компьютерден қосады. Дымбілмес:- Балалар, сендер көп нәрсені біледі екенсіңдер, мен көп нәрсені үйрендім рахмет сендерге. Мен де енді құстармен дос боламын. Сау болыңдар. Сау бол, Дымбілмес. Ал балалар, сендер шынында да құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер Өте тамаша.Енді біз іс-әрекетіміздің соңында қонақтарымызға «Ақ көгершін» әнін орындап берейік. | Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытынды жасайды. Балалардың жауаптары тыңдалады. Жоқ,құстарды атуға, ұясын бұзуға, тоғайда от жағуға болмайды. -Жем шашамыз, ұя жасаймыз. -Олар ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды. -Тамақ қалдықтарымен, егіс даласындағы зиянкестермен, шыбын-шіркей,құрт-құмырсқамен қоректенеді. Бекзат: Жылы жаққа ұшпайтын Біздің жақта қыстайтын Құстар жүрсе жуықта Жем шашуды ұмытпа Еркенже: Құстар тойын құттықтап Қуанамыз қолдаймыз Ұя жасап құттықтап Біз оларды қорғаймыз Аиша: Аспанда самғайды Тырналар тізіліп Біреуі қалмайды Қатардан тізіліп Аружан: Ұя жасап тақтайдан Талға апарып байладым Жыл құсының шаттанған Күттім қашан сайрауын Біз қамқоршы баламыз Құстарға ұя саламыз Жем-су беріп қыс бойы Балапанын бағамыз Аружан : Қауіп-қатер жоқ алды Малту керек оғанда Жұмыртқадан шыға сап Жүгіреді тоғанға Демейді жаз,күз еді Балдыр,жалбыз үзеді Сол жүзгеннен сол үйрек Мұз қатқанша жүзеді Балалар іс-қимылмен көрсетеді. (Қараторғай ) (Тоқылдақ ) (Қарға) (Қарлығаш) (Көгершін) (Сауысқан) Балалар әр түрлі пішіндерден кұстың ұясын кұрап, желіммен жапсырады. Балалар дыбысынан құстарды ажыратып айтады Сау бол Дымбілмес. Балалар хормен айтады. |