Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету.
Дамытушылығы: Құстар туралы ой — өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер: Құстардың суреттері. Ұя, тал, слайд.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбер
Құстарға біз барамыз,
Бірге ән де саламыз.
Қуанамыз, күлеміз,
Асыр салып ойнаймыз.
Просмотр содержимого документа
«"Құстар біздің досымыз"»
Құстар біздің досымыз
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Апта тақырыбы: «Жабайы аңдар әлемі. Жануарлар қысқа қалай дайындалады? Әр түрлі мезгілдегі тіршілік кезеңі»
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету.
Дамытушылығы: Құстар туралы ой — өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер: Құстардың суреттері. Ұя, тал, слайд.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбер
Құстарға біз барамыз,
Бірге ән де саламыз.
Қуанамыз, күлеміз,
Асыр салып ойнаймыз.
Жаңа сабақ:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс.
Қыс айларын атайықшы балалар?
Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Балалар біз бүгін қысқы орманға саяхат жасаймыз. Қыстың ауа райы қандай?
Қыста күн салқындайды, суық болады.
Жерде не жатыр?
Қар.
Біз қалай киінеміз?
Жылы, қалың
Қане бәріміз киінеміз.
Балалар орманға келдік, енді жан жағымызға қараймыз. Нені көріп тұрмыз?
Ағаштарды.
Жерде не жатыр?
Қар
Не істеп тұрсыңдар?
Құстардың дыбысын естіп тұрмыз.
Құстар қайда отыр?
Ағаштың басында.
Осы құстарды неліктен қыста қыстайтын құстар дейміз?
Өйткені олар қыста өмір сүре алады, суыққа шыдамды, төзімді.
Бірінші ағашқа барайықшы, бұл ағашта қандай құс отыр?
Сауысқан
Оған қараймыз, түсі қандай?
Қара-ақ, құйрығы ұзын.
Қандай ағашта отыр?
Шырша
Сауысқан қандай дыбыс шығарады?
Саңқылдайды
Енді балалар екінші ағашқа барамыз, қандай ағашқа келдік?
Ақ қайын
Қандай құс отыр?
Қарға
Түсі қандай?
Қара
Қарға қандай дыбыс шығарады?
Қар-қар, қарға қарқылдайды.
Құстар біздің досымыз, құстар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды. Құстарға адамдар ағаштан ұя жасап қояды.
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
(Балалар жауабы)
Ал, енді балалар «Ұшты – ұшты» қимылды ойынын ойнайық.
Ұшты, ұшты қарға ұшты
Ұшты, ұшты түлкі ұшты
Ұшты, ұшты торғай ұшты
Ұшты, ұшты қарлығаш ұшты
Ұшты, ұшты машина ұшты
Ұшты, ұшты ұшақ ұшты.
Жарайсыңдар, балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!
Ақтау қаласы
№55 “Қыран» балабақшасы
І кіші топ тәрбиешісі
Сундетова Меруерт Нурбековна