Просмотр содержимого документа
«Қорытынды сабақ. Тақырыбы: «Көктем гүлдері»»
МКҚК «№2 «Жұлдыз» балабақшасы»
Қорытынды сабақ
Тақырыбы: «Көктем гүлдері»
Өткізген тәрбиеші: Сабекова Ф.Қ
Көкшетау қаласы – 2019 жыл
Тақырыбы: «Көктем гүлдері» Білімділік: Балаларға көктем мезгілі және көктем гулдері туралы түсінік беру. Дамытушылық: Ақыл ойын, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелілік: Әдептілікке, үлкенді сыйлауға үйрету. Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру Алдын-ала берілген жұмыс: тақпақтар, ертегі. Блингвистикалық компонеті: Бәйшешек – подснежник, бақ-бақ – одуванчик, қоңыраугүл – колокольчик, қызғалдақ – тюльпан, гүл – цветок – көктем – весна. Шаттық шеңбері: Қонақтармен амандасу
Алдымыздан кезіккен
Апайларды көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Үлкенге құрмет.
Кішіге ізет. -Сәлеметсіздер ме! -Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші. Мұқият тыңдаймыз. Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік ашып,
Гүл бәйшешекке толады.
Бөбектерім айтындаршы
Бұл қай мезгіл болады? -Дұрыс балалар, қазір көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде неше ай бар? -Қазір көктемнің қай айы? -Көктемде табиғат өзгерістері қандай болады?
- Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
Ендеше мына жұмбақты шешіп көріңдерші.
Жұмбақ? -Балалар, гүлдер не үшін керек? Тәрбиеші: Ал енді бейнетаспадан гүлдерді тамашалайық. -Балалар, бұл бәйшешек гүлі. Бәйшешек - сәндік өсімдіктер. Балалар бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен. -Бәйшешектің түсі қандай? -Жапырағы қандай түсті?
Бәйшешекті – подснежник деп айтады. Тәрбиеші: Қызғалдақ - көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі. Қызғалдақ – ғашықтық, махаббат белгісі екен. -Қызғалдақтың түсі қандай? -Қызғалдақтың жапырағы қандай түсті? Қызғалдақ гүлін– тюльпан деп айтады. Қане бәріміз айтайық. Тәрбиеші: -Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше бір сергіп алайық. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі.
-Гүлдер қайда өседі? -Дұрыс айтасыңдар балалар, гүлдер орманда, далада, бөлмеде өседі екен. -Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет? -Балалар сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме? -Музыка әуенімен «Гүл» әлеміне пойызбен саяхатқа кеттік. Қане кімнің бойы ұзын Паравозы ол пойыздың Қатар-қатар тұрайық Бізде пойызды құрайық. Музыка ойналады. -Балалар гүлдер әлеміне жеттік, енді пойыздан түсейік. -Балалар гүл әлемінің қақпасы жабық екен ғой. Осы кезде Гүл ханшайымы шығады. Гүл ханшайымы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Мен «Гүл ханшайымымын». Мен гүлден жаралғанмын. -Балалар сендер менің гүлдерімді көруге келдіңдер ме? -Сендер менің тапсырмамды орындасаңдар ғана мен гүлдерімді көрсетемін. -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын тауып көріңдерші. 1-тапсырма Жұмбақ Құлпырса, қадірлейді, аялайды. Құраса сыпырғышқа жарамайды. - Бұл не? (гүлдер) -Жарайсыңдар балалар, сендер менің жұмбағымның жауабын шештіңдер. 2-тапсырма Гүл ханшайымы: -Гүлдер туралы тақпақ білесіңдер ме?
1.Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер. Өсе берші нұрланып, Өсе берші ырғалып.
2.Гүлдер нәзік болады Қаулап өсіп толады. Қарамасаң аялап Солып, қурап қалады.
3.Гүлсіз бұлбұл сайрамас, Гүлсіз дала жайнамас Бізге нұрын шашады Көздің жауын алады.
Гүл ханшайымы: Менің жұмбағымның да жауабын шештіңдер. -Гүл туралы тақпақта біледі екенсіңдер. Енді менің бақшама кіріңдер. Гүл ханшайымы: -Балалар, бұл қандай гүл білесіңдер ме? -Бәйшешек гүлінің түсі қандай? -Балалар, кім маған бәйшешек туралы тақпақ айтып береді? 1.Бәйшешектен білеміз Көктем келіп қалғанын. Мәз боламыз, күлеміз Көрсек бүршік жарғанын. Жарайсың Аймерей - Гүл ханшайымы: -Балалар, бұл қандай гүл? -Қоңыраугүлдің түсі қандай? -Қоңыраугүл туралы тақпақ білесіңдер ме, балалар? 2.Қоңыраудай болған соң, Қоңыраугүлі аталған. Бір түбінен жамырап. Бірнеше гүл бас алған. -Гүл ханшайымы: -Балалар, бұл қандай гүл деп ойлайсыңдар? -Қызғалдақ гүлінің түсі қандай? -Қызғалдақ туралы кім тақпақ біледі? 3.Жомарт мынау табиғат Өсіргендей бізге арнап Қып –қызыл боп жалындап Қырға өседі қызғалдақ. Жарайсыңдар балалар, ал енді кім осы қызғалдақ туралы ертегі біледі? Ертегі «Қызғалдақ гүл» деп аталады. Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым апай өмір сүріпті. Шағын қалада Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты.Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды екен. Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген адамның көзін қуантыпты. Көктемде Мэри нәзік әрі таңғажайып «қызғалдақ» деген жаңа гүлдерді отырғызады. Бірде сол сүйікті гүлдерін көрейін деп, түнде қолына шам алып, баққа барады. О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі. Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен.
Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді. Күндер, айлар, жылдар зырлап өтіп жатты. Мэри қартайып, гүлдеріне қарай алмайтын болғандықтан басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді. Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті. Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады. Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды. Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті. Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін қайтара алмапты.
Гүл ханшайымы: -Жарайсыңдар, балалар сендер гүл туралы тақпақ та, ертегі де біледі екенсің-дер. Ал енді балалар, ойын ойнайық. Ойын: «Өз гүліңді тап» Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, яғни 6 баланың басына қызыл қызғалдақ гүлі кигізіледі. 6 баланың басына қоңырау гүл кигізіледі. Балалар музыка арқылы билеп жүреді де, музыка тоқтаған кезде қызыл қызғалдақ өз гүліне, қоңырау гүл өз гүліне тұра қалады.(Музыкамен билеп жүреді) Аппақ гүлдер әніне билейді. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ойын өте қызықты болды. -Балалар енді біз осы гүлдерді топқа бөлініп құрастырайық.(Балаларды 3 топқа бөлеміз).Жарайсыңдар, өте тамаша.
Енді біздің балабақшаға кететін уақытымыз болды. Гүл ханшайымы сізге көп рахмет.Біздің балалар гүл туралы көп мағлұмат алды. Сіздің арқаңызда гүл-дердің аттарын білді. Сау болыңыз! Гүл ханшайымы: Балалар сендерге де рахмет, сендер өте өнерлі екенсіңдер. Әрқашанда тәртіпті, ақылды болыңдар. Сендерге сыйлығым бар,соны қабыл алыңдар.
Сау болыңдар! Жолдарың болсын! Тәрбиеші: -Балалар, енді пойызға отырайық. Қане кімнің бойы ұзын Паравозы ол пойыздың Қатар-қатар тұрайық Бізде пойызды құрайық.
Музыка ойналады пойыз. Балалар, біз балабақшаға жеткен сияқтымыз, қане пойыздан түсейік. Балалар пойыздан түсіп, орындықтарға отырады. Музыка тоқтатылады. -Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? -Біз бүгін саяхатқа қайда бардық? -Орманға немен бардық? -Орманда кім бар екен? -Орманда қандай гүлдер өседі? Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгін барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендерге Гүл ханшайымы берген сыйлықтарды таратып берейін.Қонақтарға бәйшешек гүлін сыйлаймыз. Қонақтармен қоштасу. -Сау болыңыз!