Просмотр содержимого документа
«Қоршаған ортамен танысу. "Тірі және өлі табиғат"»
Ересек тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі
Өткізілетін күні: 23.02.2022
Апта күні: Сәрсенбі
Тәрбиеші: Рамазанова Э.Ж.
Білім беру саласы:Educationalarea: «Әлеумет».
ОҚҰ түрі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат»
Мақсаты: Цель: Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Баланың тілін, сөздік қорын,ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып,сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: өлі және тірі табиғат Билинвалды компонент: табиғат – природа, тірі табиғат - живая природа Керекті құралдар: суреттер,игровизор, мнмотаблицалар.
Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау.
Шаттық шеңбер:
Армысың ба, алтын күн!
Армысың ба, жер ана!
Армысың ба, достарым»
Ұйымдасытырлған оқу іс-әрекеті:
Негізгі бөлім:
Сендерді көрсем қуанам! Балалар бір-бірлерімен амандасып, жылулық сыйлайды.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір аудиожазба қоямын. Сендер мұқият отырып тыңдаңдар.
Ал, балалар бұл ненің дауысы?
Балалар: Бұл табиғаттың дауысы. Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, табиғат деген не?
Балалар: Табиғат деген бізді қоршаған орта, адамдар табиғатты өз қолдарымен жасамаған.
Тәрбиеші: Дұрыс ,жарайсыңдар.
Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдер ме? Табиғат екі түрге бөлінеді. Ол тірі және өлі табиғат.
Тәрбиеші: Балалар, тірі табиғатқа не жатады?
Балалар: өсімдік,табиғат, жәндіктер, адамдар жатады.
Тәрбиеші: қалай ойлайсыңдар, олар неге тірі табиғатқа жатады?
Балалар: өйткені олар дема алады, қоректенеді, тыныс алады, жүреді, қимылдайды.
Тәрбиеші:Ал өлі табиғатқа не жатады?
Балалар: ауа, су, тау, тас, өзен, аспан, жаңбыр жатады.
Тәрбиеші: ал олар неге тірі табиғатқа жатпайды?
Балалар: өйткені олар тыныс алмайды, қоректенбейді, тұқымқуадамайды, жүрмейді, жүзбейді.
Тәрбиеші: балалар, қандай сендер ақылдысыңдар. Өте дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар!
Слайд: Балаларға сұрақ қойған кезде кішігірім слайд көрсетіледі.Балалар мына суретте тірі және өлі табиғаттың суретті.
Балалар қазір біз сендермен артығын тап ойының ойнаймыз.
«Артығын тап» ойыны. Балалар игровизор ойыны арқылы тірі және өлі табиғаттың артығын табады.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар.
Суретпен жұмыс: балаларға суреттерді көрсетемін. Тірі және өлі табиғат. Балалар суретке қарап, тірі қайсысы, өлі қайсысы соны айтады.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, адамдар тірі табиғатқа , әлде өлі табиғатқа жата ма?
Балалар: адамдар тірі табиғатқа жатады.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, балалар!
Балалар: адамадар табиғатта өзіне керекті нәсені алады.
Сергіту сәті:
Жел еседі алдымнан,
Тербелейі ағаштар!
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі. Балалар сергіту сәтін бірнеше рет қайталайды.
Тәрбиеші: табиғатпен дос болу үшін, әрқашанда табиғатқа қамқор болу керек.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы мына тұрған ағашқа қалай көмектсеуге болады?
Тәрбиеші: балалар менде сиқырлы жапырақтар бар. Осы жапырақтармен ағашқа жақсы сөздер айтып көмектесейік, балалар.
Балалар:ағашты суғару керек, қопсыту, шіріген жапырақтар алу керек, қамқор болу керек.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, осы жылы сөздер арқылы ағаш гүлденіп әрі қарай өседі.Сондықтан, табиғатқа, құстарға, жәндіктерге, айналадығ қоршаған ортаға әрқашан қамқор болу керек.
Тәрбиеші: Ал енді балалар,сендермен ойын ойнайық.
Ойын: «Табиғатқа қалай көмектесеміз»
Балалар шеңберге тұрып,допты бір-біріне лақтырып, өз жауаптарын айтады.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар!
Қорытынды бөлім: Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Сендерге не ұгнажы?балалар бүгін біз сендермен не туралы өттік?Дұрыс, жарайсыңдар! Егер сендер табиғатты әрқашан қорғасаңдар, табиғаттың досы боласыңдар!