Мотивациялық –қозғаушылық | Шаттық шеңберге тұрғызып, амандасады. Қуыршақтың адасып келуі. Қуыршақ балалармен амандасып, өзінің адасып кеткенін айтады. Көмектесуін сұрайды. | Шаттық щеңберге тұрады. Тәрбиешімен амандасады. Балалар тәрбиешімен бірге көмекетесу үшін әрекет жасайды. | |
Ұйымдастыру-іздестіру | - Балалар, енді анасын қалай табамыз, қалай хабарласамыз? - Дұрыс, ал ол үшін біз несін білуіміз керек? - Телефонның қандай түрлерін білесіндер? - Телефон тұтқасын көтергенде қандай сөздер айтамыз? - Телефонға қалай жауап беру керек - Балалар, телефондар туралы тақпақ білесіңдер ме? Балаларға телефон туралы тақпақ оқып береді. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз Иілеміз оңға бір. Иілеміз солға бір, Біз тынығып аламыз. Сөздік жұмыс: Үй телефоны, ұялы телефон Екі тілдік компонент: Үй телефоны – домашний телефон, ұялы телефон – мобильный телефон. - Тамаша, балалар сендер көп біледі екенсіңдер. Сондықтан біз қазір телефонға «сиқырлы сөздерді» айтсақ, ол бізге сиқырлы сандар шығарады. Соны теріп қуыршақтың анасына хабарласамыз. Қуыршақтың анасына хабарласады. - Оның анасы келгенше, біз ойнай тұрайық. Қуыршақпен ойын Д/О: «Дұрыс орналастыр» М: ойларын дамыту. Ш: Түстеріне сәйкес пішіндерді орналастыру. Қуыршақтың апасының келуі. Бірге қоштасады. Қуыршақ және оның анасы рахметтерін айтады. | Балалар ойланады, жауап береді. - телефон арқылы. - номерін білуіміз керек. - ұялы телефон, үй телефон. - Алло сөзін айтамыз, сосын амандасамыз. - телефонға айқайлауға болмайды. - сұрақтарға дұрыс жауап береміз. Бірге қайталап айтады. Назар салып тыңдайды. Жаттайды. Сергіту сәтіне барлығы қатысады, қайталайды. Сөздерді қайталайды, жаттайды. Сиқырлы сөздерді айтады: Сәлеметсіз бе, кешіріңіз... Сиқырлы сандарды теріп сиқырлы сөздер айтады. (Сәлеметсізбе, кешіріңіз, келіңізші, өтінеміз). Ойынға барлығы бірге қатысып ойнайды. Амандасады. Балалар қуыршақты анасына беріп қоштасады. | |
Рефлексивті-түзетушілік | - Балалар, біз бүгін кімді кездестіріп қалдық? - Біз қуыршаққа қалай көмектестік? - Сонда, телефон арқылы біз не істедік? - Қандай ойын ойнадық? Мадақтау. | - Қуыршақты - Анасын таптық, телефон арқылы - Көмектестік - Пішіндердің орнын таптық. | |