Просмотр содержимого документа
«конспект урока предшкола»
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күн:03.05.16
Топ:мектепалды даярлық
Тәрбиеші:Ибрагимова С.Х
Білім беру бөлімі:денсаулық
Бөлім:дене шынықтыру
Тақырыбы: сырғанау
Мақсаты: сырғанау түрлерімен таныстыру
Жұмысқа дайындық:оқушыларды түгендеу
Іс –әрекет кезеңдері
Педагогтің басқару іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдасты
ру кезеңі
Мотивациялық- қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
«Шаттық шеңберін» жасау; Күндей жадырап Айдай арайлап Жұлдыздай жарқырап Судай таза көңілмен Бүгінгі күнімізді бастаймыз. (балалар бір – біріне тілек айтады)
Сәлеметсіз бе!
Шаттық шеңберін жасайды.
Бір – біріне жылы тілектер айтады.
Іздену –ұйымдастыру -шы
Саптық жаттығулар:
«Оң-ға!»
«Сол-ға!»
«Арт-қа бұрыл!»
«Сол-ға!»
Спорттық жүріс.
Жайжүріс.
Жүріс
ЖДЖ кешені
1.Аяғымыз иықтың тұсында болады.
2.Басымызды айнылдырамыз
3.Қолымызды иыққа қойып, алға екі рет, артқа екі реет айналдырамыз .
4.Бел жаттығулары. Белімізді айналдырамыз . – оңға екі рет, солға екі реет бұрыламыз .
5.Тіземізді ішіне және сыртына айналдырамыз .
6.Оң аяқпен 10 рет, сол аяқпен 10 рет, екі аяқпен 20 рет секіреміз.
Жарайсыңдар балалар, біраз денемізді шынықтырып алайық!
Жеңіл жүгіріс
Демалу
Жүріс жаттығулары.
Қол жоғарыда аяқтың ұшымен
Қол белде өкшемен жүру.
Оң жақ және сол жақ қырларымен жүру.
Секіріп жүрі
Демалу.
Сырғанау түрлерімен таныстыру.
Саптық жаттығуларды жасайды.
Жүреді. Жүріс жаттығуларын орындайды.
Жаттығулар жасайды.
Жүгіреді
Жүріс жаттығуларын орындайды.
Мұқият тыңдайды.
Рефлексивтік-коррекция- лаушы.
«Қуыспақ» ойыны(секірумен)
Мұғалімнің белгісімен екі жақтың ойыншылары бір мезгілде қарсы беттегі сызыққа бір аяқтап, қос аяқтап секіріп жетуі тиіс.
Ойын ойнайды.
Спортқа деген қызығушылықтары артады.
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күн:03.05.16
Топ:мектепалды даярлық
Тәрбиеші:Ибрагимова С.Х
Білім беру бөлімі:қатынас
Бөлім: сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Ф әріпі
Мақсаты: оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін мeңгерту, сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға,оқуға дағдыландыру
Жұмысқа дайындық:оқушыларды түгендеу
Іс –әрекет кезеңдері
Педагогтің басқару іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдасты
ру кезеңі
Мотивациялық- қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
«Шаттық шеңберін» жасау; Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем беріп сіздерге Бас иеміз біз. Психологиялық дайындық жұмысы -Балалар,бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес,ерекше сабақ болып өткелі тұр. Келгенше қонақ ұялады, Келген соң үй іші ұялады, - демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
Сәлеметсіз бе!
Шаттық шеңберін жасайды.
Іздену –ұйымдастыру -шы
Жұмбақтар оқу,шешу. 1.Қыста дем алып,жазда тынбайды, Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан) 2.Өңкей сығай екі топта, Таласып жүр бір допқа (футболшы) 3.Жасыл желек көгалда, Бірде артқа, Бірде алға, Желаяқ көп бала Таласып жүр бір шарға (футболшылар) -Сонымен,сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды? -Қәне,айтып көрейікші?-Ф-ф -Қандай дыбыс?Неге дауыссыз дыбыс? -Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз? Ф әрпінің баспа жне жазба түрімен таныстыру. Ә)Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс Сергіту сәті Футбол деген ойынға Барлық бала құмар-ақ Бірақ жолдың бойында Доп теппеңдер қуалап
Жазу дәптерімен жұмыс. А)Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру. Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп? Ә)Ф әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру Б)Тақтада жазылуын көрсету,түсіндіру В) ф әрпін ауада жазып көріп,дәптерге жазу
.
Жұмбақтардың шешуін табады.
Сұрақтарға жауап береді.
Суретпен жұмыс жасайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Рефлексивтік-коррекция- лаушы.
А)Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет,дыбыстардың астын дауысты,дауыссызға тән шартты белгімен көрсет. Футбол,ферма,телефон,фабрика Ә)Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет: Туфли ,фирма ,факс ,физика ,марафон . бүгін біз қандай әріппен таныстық? Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Буынға бөледі, әріптер мен дыбыстарды санайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Ф дыбысы мен әріпіемн танысты.
Ф дыбысы дуыссыз дыбыс екенін біледі.
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күн:03.05.16
Топ:мектепалды даярлық
Тәрбиеші:Ибрагимова С.Х
Білім беру бөлімі:шығармашылық
Бөлім: бейнелеу өнері
Тақырыбы: «Жаңбырлы күн»
Мақсаты: Жаңбырдың жаууын саусақпен сурет салу тәсілі арқылы бейнелеуге үйрету.Көктем мезгіліне тән құбылысқа қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.Есте сақтау қабілетін, сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту.
Жұмысқа дайындық:оқушыларды түгендеу
Іс –әрекет кезеңдері
Педагогтің басқару іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдасты
ру кезеңі
Мотивациялық- қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
«Шаттық шеңберін» жасау; «Күн мен жаңбыр» Мақсаты. Балалардың көріп, естіп қабылдауын жетілдіре отырып, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету. Балалардың іс - әрекетке ынтасын арттыру. Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге серуендеп, «Жаңбыр жауды! – деген сөзге қол шатыр астына жиналуы керек
Сәлеметсіз бе!
Шаттық шеңберін жасайды.
Бір – біріне жылы тілектер айтады.
Іздену –ұйымдастыру -шы
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі? - Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай болады? - Күн ------ - Жаңбыр ----- - Ағаштар бүршік ----- - Құстар жылы жақтан --- - Жерге жасыл шөптер ---- Көктемде қандай мерекені тойлайды? - Біздерде наурыз тойын тойладық. Балалар мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар. «Жаңбыр» - Тырс! Тырс! Жаңбыр кеп жауады, Терезе қағады. - Тырс! Тырс! Жылғалар ағады, Сылдырап әуенге салады. - Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды? - Жаңбыр туралы. Жаңбыр қайда жауды? - Кім жаңбырдың астында жүріп көрді? - Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық. - Балалар, біз жаңбырды немізбен көрдік? - Жаңбыр дыбысын немізбен естідік? Саусақ қол жаттығулары «Жаңбыр жауды» Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады. Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы. - Нені көріп тұрсыңдар? - Бұлттан не жауып тұр? - Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді. - Көк түсті не болады? - Тамшының пішіні қандай? - Балалар біз бүгін жаңбырдың суретін саусақты және бояуды қолданып саламыз. Педагог көк түсті бояумен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіріп, көрсетеді. Ол үшін саусақты суға малып, көк түсті бояуды сумен езіп, парақ бетіне бастырамыз.жаңбыр тамшысы суретін саусақпен салғанда: - Тырс! Тырс! – деген сөзбен қоштап отырып, сурет салады
Сұрақтарға жауап береді.
Мұқият тыңдайды
Сұрақтарға жауап береді.
Саусақ жаттығуларын жасайды.
Сурнетпен жұмыс жасайды.
Сурет салады.
Рефлексивтік-коррекция- лаушы.
Балалар, біз бүгін не істедік?
Қандай тақырыпқа байланысты сурет салды?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар, бүгін жақсы жұмыс жасадыңдар.!
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Жыл мезгілі көктемнің басты ерекшеліктерін. Жаңбырды бейнелеудегі бояу түсін, дыбысын, пішінін, бейнелеу тәсілін біледі Түсінігі: Мезгілдің басты ерекшеліктерін бейнелеу жайлы түсінік қалыптасады. Дағдысы: Сурет салудың дәстүрден тыс тәсілімен, саусақпен сурет салуға дағдыланады
Мақсаты:Білімділік: 1. бір орында және қозғалыста допты аяқпен тебе қозғалуды үйрену, ЖДЖ
Дамытушылық: 1. Шапшандықты дамыту
Тәрбиелік: 1. Топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Қажетті құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырғыш, өлшегіш
Сабақтың барысы:
Бөлімі
Сабақтың мазмұны
Уақыт
Әдістемелік нұсқаулар
I
Кіріспе бөлім 13-14 мин
1
2
3
4
5
6
7
Сап түзеу. Сәлемдесу.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Саптық жаттығулар:
«Оң-ға!»
«Сол-ға!»
«Арт-қа бұрыл!»
«Сол-ға!»
Спорттық жүріс.
Жай жүріс.
Жүріс
ЖДЖ.
Тыныс алуды қалпына келтіруге бағытталған ЖДЖ.
1 мин
1 мин
1 мин
3 мин
1 мин
4-5 мин
2 мин
Дененің тік ұсталуын қадағалау.
1-ші, 2-ші санағын орындау. «Оң-ға!» бұйрығында – оң иықпен, «Сол-ға!» бұйрығында – сол иықпен бұрылулар.
Денені тік ұстау.
Тыныс алуды қадағалау, қалпына келтіру.
Жеке ескертулер.
Тыныс алуды қалпына келтіру.
II
Негізгі бөлім 25-26 мин
1
«допты аяқпен тебе қозғалу» ойын шартымен таныстыру
«Күзетшілер» ойыны.
Бұл ойынға оқушы саны шектеусіз қатыса алады. Екі ойыншы қақпаның күзетшілері болады. Екеуінің көзі орамалмен байланады да, өзара бір адымдай қашықтықта қолдарын айқастыра ұстап, қарама-қарсы «көпір» жасап тұрады. Басқа оқушылар бір-бірлеп күзетшілер тұрған қақпадан білдірмей өтіп кетулері тиіс.кұзетшілердің сыртынан айналып өтуге болмайды. Егер күзетшілердің бірі көпірден біреудің өтіп бара жатқанын сезіп қойса, оған қолын тигізеді, сол ойыншы күзетшілікке тұрады. Қақпадан үш реет білдірмей өткен ойыншыға бәйге беріледі.
10 мин
15-16 мин
Дұрыс тыныс алуды қадағалау, қалпына келтіру.
Ұсталған оқушылар екі аяққа отырып-тұрады.
III
Қорытынды бөлім
1
2
3
Сапқа тұру.
«Минуттық» ойыны.
Команда берілгеннен екйін әр оқушы ішінен 60-қа дейін санайды. (1 мин 60 сек). Өз есебі бойынша 1 минут өткенде алға 1 адым жасайды.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма
1 мин
2 мин
1 мин
1 мин
Мұғалім бірінші және соңғы шыққан оқушыны, сонымен бірге дәл бір минута шыққан оқушыны атап өтеді.