Просмотр содержимого документа
«Көктемдегі гүлдер»
Тақырыбы: Көктемдегі алғашқы гүлдер
Мақсаты: Балалардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту. Өлең-тақпақтар, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын арттыру, табиғатты қорғауға, сүйе білуге, олапрды күте білуге тәрбиелеп, бейнелеу өнері нәтижесінде эстетикалық талғамдарын дамыту.
Білімділік:Ойындар пайдалана отырып, табиғатты қорғауға деген білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызу арқылы ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелеу: Гүлдерді күтіп баптауға, әдемілікке сұлулыққа деген сезімдерін ояту арқылы табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, біз қандай әсем әлемге тап болдық. Айналамыз қандай керемет, әдемі гүлдер. Ал енді осы гүлдерге нұр беріп тұрған күнге қарайықшы. Сол күннен алған жылуды, бір-бірімізге сыйлайық.
Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық
Мейірімділік жиналған жылы шуақты қонақтарға шашайық.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, барлығың мұқият тыңдаңдар.
Құлпырса қадірлейді, аялайды.
Қураса сыпырғышқа жарамайды. Ол не?
Балалар:
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі әңгімеміз гүл жайында болады. Сендер гүлдердің Қандай түрлерін білесіңдер?
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, мына себеттен өздеріңе ұнаған гүлді алып, белгіленген үстелге орналасыңдар.
Бұлтты айдап желдеткен
Нөсерлетіп желдеткен
Шалшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Тамаша. Көктемнің келгеніне қуанасыңдар ма?
- Қандай көңіл күйде боласыңдар?
Оны мына суреттен көрсетеді. Сиқырлы қаламмен.
- Балалар көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Өз жауаптары
Өз жауаптарыңды «көктемде» сөзімен бастап айтып беріңдерші.
Тәрбиеші: Балалар қазір мен гүлдер туралы қысқаша түсіндіріп өтейін.
- Қызғалдақ – жіңіщке ұзын сабақты, ал қызыл түсті, үлбіреген әдемі дала гүлі, оның отаны – қазақ жері. Қазақстанның табиғатында қызғалдақтың көптеген түрі өседі. Қызғалдақтың 10 шақты түрі Қызыл кітапқа енген.
- Бәйшешек – (подснежник) қазақтың жаңа жылында гүлдейтін гүлдердің бірі.Қазіргі уақытта бәйшешектің біраз түрі Қызыл кітапқа енген. Сирек түрлері Қазақстанның кейбір аймақтарында өседі.
- Нәркес – (нарцисс) гүлі ақ, сары, хош иісті, көпжылдық өсімдік. Ол пиязшық гүлдердің ішінде ең көп балалапан өсіріп шығаратындардыңбірі. Нәркес - өте сезімтал.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Құлпырған көктем гүлдерін
Есімізге алайық
Бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ та өседі.
Оң қолменен асықпай салайық
Қане гүлдің сабағын
Жапырағын сол қолмен
Гүлінде ұмытпай салайық.
Міне, осылай балалар
Жақсылап сергіп алайық.
Гүлдер нешеге бөлінеді?
Балалар екіге бөлінеді, бөлме гүлдері, дала гүлдері. Бөлмедегі гүлдер әдемі болу үшін не істеуіміз керек?
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, бізде топтағы гүлдерді осылай күтіп жүреміз. Бөлме гүлдеріне бегония, қазтамақ, алоэ, фикус т.б.
Психологиялық сәт.
Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектер, гүлдердің хош иісі қандай әдемі.
Тәрбиеші: Аулада гүлді өсіру үшін не істеу керек? Қалай еңбектенеміз? Кім тез жауап береді?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, тамаша.
- балалар, сендер гүл туралы көп біледі екенсіңдер. енді бәріміз қызғалдақ гүлінің суретін салып көрейік. Кімнің салған гүлі әдемі болып шығады екен.
Саусақ жаттығуы орындалады.
Балалар қане саусақ бұлшық еттеріне жаттығу жасайық.
Бір саусағым тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы:Саябақта,орманда өзіңді қалай ұстау керек? Мақсаты:Табиғат аясындағы өз әрекеттеріне және қоршаған ортаға байланысты адам қылықтарына баға бере білуге дағдыландыру. Міндеттері: -Табиғат аясында өзін дұрыс ұстауды,экология ережелерін қайталап,табиғатқа аяушылық сезіммен қарауды үйрету; -Ойлау қабілеттерін,білімге деген құмарлықтарын,зейіндерін дамыту;
-Табиғат байлығына күтіммен қарауға тәрбиелеп,экологиялық мәдениетті тәжірибе жүзінде іске асыру.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, саяхат,түсіндіру
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:слайд,орман суреттері
Музыкалық сүйемелдеумен балаларға саябақ,орман тоғайлар бейнеленген слайдтарды көрсетеді.
Сол сәтте орманшы келеді.Балалар қонақты қарсы алады.
-Бізге қонаққа келген кім,қалай ойлайсыңдар?
Орманшы балаларды орманға қонаққа шақырады.
Саяхатқа барамыз,
Орманға бет аламыз.
Қараңдаршы,айнала
Қандай ғажап,тамаша!
(«Орман шуы»,музыкалық сүйемелдеу)
Слайдты қарап,орман-
Шының шақыруына
Қуана келіседі.
Өлең жолдарын бірге
айтады.
Ізденіс
ұйымдастыру.
-Орманға жақсы ниетпен келдіңдер ме,әлде жаман ойларың бар ма? –деп орманшы балалардан сұрайды.Орманда өзін дұрыс ұстау ережелері туралы балалардың білімдерін тексеретінін хабарлайды.Әртүрлі жағдайларды оқып,дұрыс жауаптары үшін балаларға жаңғақ сыйлайды.
1-жағдай
Сендер орман ішінен саңырауқұлақ көрдіңдер,бұл шынайы ақ саңырауқұлақ па,әлде тек соған ұқсайтын саңырауқұлақ па,білмейсіңдер,қандай іс-әрекет қолданасыңдар?
1.Тұрған орнында қалдырамын.
2.Кесіп алып,өзіммен бірге алып кетемін.
3.Ата-анамнан немесе достарымнан сұраймын.
4.Дәмін татып көруге әрекеттенемін.
2-жағдай
Сен орманға жидек теру үшін бардың.
1.Бәрін қатарынан жұла беремін.
2.Піскен жидектерді ғана бір-бірден теремін.
3.Жидектерді көп-көптен бұтағымен қоса жұламын.
3-жағдай
Орманда серуендегеннен кейін,көп қоқыс қалдықтары қалғанын байқаған кездегі сендердің іс-әрекеттерің.
1.Жерге көміп тастаймыз.
2.Үйге алып кетіп,қоқыс жәшігіне лақтырамыз.
3.Қағаздарды өртейміз.
4.Онсыз да қоқыс көп деп,бәрін өз орнында қалдырамыз.
Балалардың іс-әрекеттерді дұрыс болған жағдайда суреттегі шеңберлерді қызыл түспен,бұрыс жағдайда жасыл түспен бояу керектігін түсіндіріп,жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз бетімен орындауды тапсырады.
Сергіту сәті.
Қане,қатар тұрайық,
Бойымызды жазайық,
Қаздарға біз ұқсайық,
Мойнымызды созайық,
Секірейік,шулайық,
Қояндарға ұқсайық,
Армансыз бір секіріп,
Көзден ғайып болайық.
(Ауд.Г.Нурузова)
Орманшы балаларға «Ормандағы жабайы» атты тиін оқиғасын баяндап береді.
-Өлең сендерге қандай әсер қалдырды?
-Бала неліктен тиінге ұнамады?
Орманның әр жерінде орманшының тыйым салу белгілері ілінген.Орманшы балаларды бір белгіден бір белгіге жетелеп,білімдерін тексереді.
Тәрбиеші балалардың назарын жұмыс дәптеріне аударып,тапсырманы орындауды ұсынады:
-Өзімен бірге орманға қандай зат алып баруға болмайды,соны үстінен сызып,қажет заттарды айналдырып белгілейміз.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже.
Табиғат аясында өзін дұрыс ұстау ережелерін. Табиғаттың адамның іс-әрекетімен өзара байланысты,өзара тәуелділігі жайындағы түсінікті.Айналасындағы табиғатқа қатысты өзінің және досының іс-әрекеттерін бағалауды;Саябқтарда,орманда өзін дұрыс ұстау ережелерін орындауды.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы:Экологиялық белгілер
Мақсаты:Табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту,оны қорғай білуге тәрбиелеу. Міндеттері: -Балаларға қоршаған ортаны сақтап,қорғауды,оның сұлулығын сезіне білуді үйрету;адам мен табиғаттың біртұтастығын түсіндіру;
-Қоршаған әлемге қақорлықпен қарау дағдыларын дамыту;
-Айналға қарап,табиғатты тамашалаңдар-бізді қандай сұлулық қоршаған.Өзімізді билеген қуаныш сезімімен бөлісіп,қоршаған әлемге алғыс сөздерімізді айтайық:
«Жарық берген,жыл берген,
Рахмет саған,күн көзі!
Таза ауа сыйлаған,
Рахмет саған,аспан!
Рахмет саған,самал жел,
Салқындығын сақтаған!
Рахмет саған,ағашым,
Маған әркез панасың!»
Тәрбиешінің ұсынысына қызығушылық білдіреді.
Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап айтады.
Ізденіс
ұйымдастыру.
Табиғат үшін адам қандай пайдалы, қайырымды,игі шараларды жасай алатыны туралы ойланып,әңгімелеп беруге тапсырма береді.Үлгі ретінде әңгімелейді:
-Мен табиғатты жақсы көремін!Орманда серуендеген кезде бұлақ,бастауларға кір-қоқыстарды тастамаймын.Олар таза да молдір болса,суын ішкен адамдарға шаттық сезімін сыйлайды.
-Ал сендер бізге қандай әңгіме айтасыңдар?
Өлең жолдарын оқиды:
Адамзат қашан түсінер,
Табиғаттың байлығын.
Ұрпағы қалай кешірер,
Тартылған көлдің зардабын.
Ағаш егіп,гүл егіп,
Жайнатайық бақтарды.
Егін егіп,жер жыртып,
Жайқалтайық алқапты.
(И.Трофимова,ауд.Г.Нурузов
-Неліктен ақындар өлеңдерінде табиғатты қорғау қажеттігін жырлаған?
-Табиғатты кімнен қорғауымыз керек?
-Табиғат қатігез адамдардан қорғануы қажет деп неліктен айтады?
-Адамның қоршаған әлемге қамқорлық көрсетіп,күтіммен қарауы жайында не айта аласыңдар?
Балалардың жауаптарын қорытып,жинақтайды:
-Біз ағаштар отырғызып,құстарға үйшік жасап,қыс уақытында құстарға жем беріп,табиғатқа көмектесе аламыз.Тіпті біздің елеусіз,ең кішкентай қайырымды болуға үйретеді.
Еңбек іс-әрекеттерін ұйымдастырады:
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,табиғатқа көмектесу үшін өзімізбен бірге қандай затты
алып шығуымыз керек,айыр,су сепкіш,қоқыс қалдықтарын жинау үшін қанар,сыпыртқы бар.
Балаларды үш топқа бөліп,оларға ерекше белгілері-үшкіл орамалдар,галстуктар,
бөкебайлар таратады.Атқаратын жұмыстары-
ның ретін түсіндіреді.Жұмыс аяқталғаннан
соң тәрбиеші балаларға алғыс білдіреді.
-Жарайсыңдар,атқарған жұмыстарыңа қарап,сендердің табиғатты шынайы бағалап,қорғай алатындарыңды түсіндім.
Сондықтан да бүгін мен бәріңе «Табиғаттың жас досы» лауазымын беремін (балаларға марапаттарын таратады)
Қызығушылық білдіріп,
әңгімелейді.
Өлеңдерді мұқият
тыңдап,мазмұнына ерекше мән береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Ой талқасына салып,
өз пікірлерін білдіреді.
Ерекше белгілерін
тағып,әр топ өз жұ-
мысымен айналысады:
қоқыс қалдықтарын
жинайды,ағаштарды
түптейді,көшеттерді
суғарады.
Рефлексия
Жұмыс дәптеріндегі бір отбасының мүшелерінің табиғатта жұмыс істеп жүрген сәтті бейнеленген суреттерге балалардың назарын аударады.
Суреттің астындағы мақалды оқып беріп,
мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды,
балалардың жауаптарын толықтырады.
Иллюстрацияларды қарап көреді.Ойланып,
Мақалдың мағынасын
өз сөздерімен түсіндіруге тырысады.Тәрбиешінің түсіндірмесін таңдайды.
Күтілетін нәтиже:Адамдардың қоршаған ортаға қолынан келетін көмегін беруі қажеттігін.
Қоршаған ортаға күтіммен қарау дағдыларын:Қоршаған орта мен адамдардың бір-біріне тәуелділігі туралы түсінікті:
Табиғат аясында адамгершілік құндылықтарын танытуды;Шамасына лайық еңбек ету дағдыларын:
Адамның қоршаған ортаға деген ықыласы мен қамқорлығы туралы қарапайым әңгіме құрастыруды;Қоршған ортаны қорғау мақсатында өзінің атқара алатын іс-әрекетін;Табиғатқа қамқорлықпен және күтіммен қарауды.