Просмотр содержимого документа
«Кел білейік балақай»
Мектепалды даярлық 0 «А» сыныбының оқу
іс-әрекетін ұйымдастыру
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Білім беру бөлімі: «Сауат ашу негіздері»
Тақырыбы: Өткенді қайталау.
Күні :21.02.2018 ж.
Мақсаты: өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту.
Міндеттері:Білімділік: өткен сабақтарды пысықтай отырып, баланың өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру:
Дамытушылық: сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс жасау барысында сөздік қорын молайту, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: ойлану және ойлану арқылы нәтижеге жетіп , іздену арқылы еңбектенуге тәрбиелеп, оқуға деген ынтасын оята отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Пәнаралық байланыс: сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, көркем әдебиет7
Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, іздену , талдау, өзара жұмыс.
Көрнекіліктері : сабаққа тиісті сюжетті суреттер, кескінді әріптер, буындық кесте.
Сабақтың барысы:
І.Сабаққа келген қонақтармен амандасу:
3 тілде амандасу.
ІІ.Психодайындық:
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
ІІІ. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:
Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ.
Біз бүгін міне осындай кемеге (суретін көрсету) отырып саяхатқа шығамыз. Өзімізді теңізшілер сияқты сезіну үшін алдарыңда жатқан теңізшілердің бас киімін киеміз.
Дайынбыз ба? Саяхатқа керек жүк шамаданымызды дайындайық.
Ал , қанекей балалар қазір біз
«Кім білгір?»атты ойын ойнайық.
Ойынның шарты: мен сендерге бір-бірден сұрақ қою арқылы доп лақтырам соған сендер жауап бересіңдер, қане, бастайық.
-Сауат ашу оқу іс әрекетінде ненеі үйренеміз?
Сауат ашу оқу іс әрекетінде әріпті және дыбысты оқуды, жазуды үйренеміз.
-Әріп дегеніміз не?
Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы.
Әріптерді қайтеміз?
Жазамыз, оқимыз, көреміз
Дыбысдегеніміз не?
- Дыбысты естиміз, айтамыз
- Қазақ тілінде қанша әріп бар?
*Қазақ тілінде 42 әріп бар.
-Қанша дыбыс бар?
38 дыбыс бар.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-екіге бөлінеді.
-Қандай- қандай болып бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз.
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
-2 ге бөлінеді.
Қандай болып бөлінеді?
Дауысты дыбыстар Жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Әріптерден не құралады?
Әріптерден сөз құралады.
Сөзден не құралады?
Сөзден сөйлем құралады.
Сөйлем қандай әріппен жазылады?
Сөйлем бас әріппен жазылады.
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз
- Дауыссыз дыбыстарды ше?
-дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
-дауысты дыбыс кедергісіз, созылып еркін айтылады.
-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
-Кедергімен айтылады.
-Ал, буын дегеніміз не?
-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
-Сонымен сауат ашу іс әрекетінде нені үйренеміз?
Сауат ашу оқу іс әрекетінде әріпті және дыбысты, оқуды, жазуды үйренеміз.
Өте жақсы балалар сендерге ойын ұнады ма?
-Енді біз саяхатқа дайынбыз деп айтуға болады.
Алысқа көз тігейік не көрінеді?
1.-Гүлді алқап. Осы жерге тоқтап гүл теріп алайық. Кәне, кім көмектеседі?
(екі –үш оқушыға гүл жинату) , (гүлдерде жазылған сөздер: бағдаршам,мысық, жолбарыс, құлпынай) оқып шығады.
-Гүлдердің хош иісін жұтып-жұтып, саяхатымызды жалғастырайық.
-Жақсы кемемізге отырып, жолымызды жалғастырайық. Енді төмен қарайық. Қанша көп балықтар жүзіп жүр.
2. -Кәне балық аулайық. Балықтарды аулап, балықтардың тапсырмасын орындаймыз. Жазбаша түрде жазғызу. (балықтарда жазылған сөздер:
шортан, кеме, балық, өзен)жазу.
Сергіту:
Жаңбыр жауады (қимылдарын көрсету)
Жаңбыр қатты – қатты жауды.
Жел соқты,
Жел қатты – қатты соқты.
Күн ашылды.
Жел басылды.Арқамызға күн,жаңбыр,жел суреттерін салайық.
Біз бүгін сабақта кім болдық? Ал негізінде біз оқушылармыз солай ма? Оқушы деген кім? (білім алушы)
Білім не үшін қажет? (оқушылардың ойларын тыңдау)
Біз бүгін сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?
Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар!
«Майшам» жаттығуын жасаймын.Ипульс өткізу.
Қазір мен майшамды жағамын.Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп,жүмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып,немесе бәріміз бір – бірімізге қарап : «ЖАРАЙСЫҢ!» деп айтайық. Балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп хормен мына сөзді қайталайды.(3рет)
Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Сабақ сендерге ұнады ма? Біздің саяхатымыздың куәгерлері болған қонақтарға рақмет. Сабағымызды осы өлең шумағымен аяқтайық:
Мектебің мынау, класың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!
Ата – аналарымызға «Шар» жаттығу.
«Кімнің қолы шарға тисе, 2018 – 2019 жылдары арманына жетеді» деген сөздерді айта отырып, қатысушыларға шар жіберіледі.