1.Лепті с?йлем туралы ма?л?мат беру,с?йлем т?рлерін ажырату?а ?йрету.
С?йлем ??рау да?дыларын жетілдіру.
2.О?ушыларды? д?ниетанымын,ой-?рісін дамыту.П?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.
3.?аза?станны? болаша?ына деген сенім ж?не білімні? ?р?ашан ?ымбат екенін т?сіне білуге,имандылы??а т?рбиелеу.
К?рнекілік: карточкалар, карта, «?аза?стан 2030 » ба?дарламасы,барыс бейнесі
Техникалы? ??рал: компьютер, проектор,экран.
Саба?ты? т?рі: Жарыс саба?.
Формасы: ?жымды?,топты?, жеке.
?дісі:проблемалы?,репродуктивті, талдау,?орыту.
Саба?ты? барысы:
1.?йымдастыру кезе?і.
2.?ткен саба?ты пысы?тау.
- Балалар,мына сурет бойынша кім не айтады ?
- Ол барыс бейнесі « ?аза?стан 2030» ба?дарламасында к?рдік.
- Б?л ба?дарлама ж?нінде не білесі?дер?
- Ба?дарламада ел президентіні? ?аза?стан хал?ына жолдауы айтылады.
ба?дарламада Елбасымыз ?аза?станны? 2030 жылы Азияда?ы е? бай,білімді,дамы?ан елдер ?атарында болу ма?саттарын ай?ындап к?рсеткен. Азия б?лігіндегі дамы?ан елдерді білгілері? келе ме?
Б?гінгі саба?ымызды? міндеті ынтыма?таса отырып ж?мыс ж?ргізу,?аза? тілінен білімімізді толы?тыру «Си?ырлы санды?ты? » тапсырмаларын орындау.
1 тапсырма: ?РІПТІ С?ЙЛЕТ.
Балалар сендерге ?ріптер берілген.Осы ?ріптерден с?з ??растыры?дар.?ане ?ай топ бірінші ??растырады?
І топ?а с?ра?:
- С?з дегеніміз не ?
- С?з зат немесе ??былыс атауы
- Ойы?ды толы?тыр.
- С?здер сапа мен белгіні немесе іс ?рекетті де айтады.С?здер жеке айтыл?анда, мысалы … … б?лек атаулар, ал біріктірсек с?з тіркесі болып бір - бірімен байланысып кетеді. ?андай.?
ІІ топ?а с?ра?:
Ал енді осы с?здерден с?йлем ??растыры?дар. С?йлем дегеніміз не?
196 жатты?у. ?ле?ді к?тері?кі дауыспен м?нерлеп о?ы. Лепті с?йлемдерден со? ?андай тыныс белгісі ?ойыл?ан ? Неліктен ?
Лепті с?йлемдерде бір н?рсе жайлы ?здері?ні? сезімдері?ді хабардар етесі?дер.Сезімдер ?уану, ?кіну, ренжу, аяу, та?дану, с?йсіну сия?ты к??іл к?йіне байланысты айтылады.
Просмотр содержимого документа
«Лепті с?йлемні? ерекшелігі»
Алматы облысы,
Қаратал ауданы
Көкдала орталау мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Нурасилова Маржан Мұхтарқызы
Сабақтың тақырыбы Лепті сөйлем
Мақсаты:
1.Лепті сөйлем туралы мағлұмат беру,сөйлем түрлерін ажыратуға үйрету.
Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
2.Оқушылардың дүниетанымын,ой-өрісін дамыту.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге ,имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: карточкалар, карта, «Қазақстан 2030 » бағдарламасы,барыс бейнесі
Техникалық құрал: компьютер, проектор,экран .
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Формасы: ұжымдық,топтық, жеке.
Әдісі:проблемалық,репродуктивті, талдау,қорыту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар ,мына сурет бойынша кім не айтады ?
- Ол барыс бейнесі « Қазақстан 2030» бағдарламасында көрдік.
- Бұл бағдарлама жөнінде не білесіңдер?
- Бағдарламада ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы айтылады.
бағдарламада Елбасымыз Қазақстанның 2030 жылы Азиядағы ең бай ,білімді ,дамыған елдер қатарында болу мақсаттарын айқындап көрсеткен. Азия бөлігіндегі дамыған елдерді білгілерің келе ме?
Осыдан 30-40 жыл бұрын Сингапур мемлекетінде 1 адамға шаққанда 1 жылғы табысы 200 доллар болса,қазір 10 есе артық.Халықтың жағдайы түзелген.
- Осы нәтижеге қалай жетті деп ойлайсыңдар ?
- Білім берудегі жоғары технонологияны ,компьютерді меңгеру арқылы жетті деп ойлаймыз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр.Кейінгі еліміздің басқаратын және жоғары техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар.Ендеше ,мұның бәрі сендерден терең білімді қажет етеді.Ол үшін сендер білімнің артықшылығын түсіне біліңдер.
Бүгінгі сабағымыздың міндеті ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізу,қазақ тілінен білімімізді толықтыру «Сиқырлы сандықтың » тапсырмаларын орындау.
1 тапсырма: ӘРІПТІ СӨЙЛЕТ.
Балалар сендерге әріптер берілген.Осы әріптерден сөз құрастырыңдар .Қане қай топ бірінші құрастырады?
І топқа сұрақ:
- Сөз дегеніміз не ?
- Сөз зат немесе құбылыс атауы
- Ойыңды толықтыр.
- Сөздер сапа мен белгіні немесе іс әрекетті де айтады.Сөздер жеке айтылғанда , мысалы … … бөлек атаулар, ал біріктірсек сөз тіркесі болып бір - бірімен байланысып кетеді. Қандай ...?
ІІ топқа сұрақ:
Ал енді осы сөздерден сөйлем құрастырыңдар. Сөйлем дегеніміз не?
- Әр сөйлемнің құрамы бірдей ме ? Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылған?
ІІ тапсырма: ЕСТЕ САҚТА..
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай қай түрлерін білесіңдер?
Хабарлы және сұраулы сөйлемдерді білеміз.
І топ : Хабарлы сөйлемнің ережесін айт.
ІІ топ : Сұраулы сөйлемнің ережесін айт.
ІІІ топ: Ма,ме,ба,бе,па,пе қалай жазылады?
- Балалар ,сиқырлы сандық не дейді екен ?
- Рақмет.
Білімдерің көп болса , достарың да көп болады.
Жаңа сабақ.
3 тапсырма : ОҚЫ ,ОЙЛАН,ІЗДЕН.
Оқулықпен жұмыс.
193 жаттығу. Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөйлемдерді табыңдар.( Өлеңді тыңдату)
І топ:Өлеңдегі балақай қандай бала?
ІІ топ:Рөлге бөліп оқыңдар.
ІІІ топ: Қандай жаңа тыныс белгісі қойылғанына назар аударыңдар.Неліктен?
Ережемен таныстыру: Адамның көңіл күйін,сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.
194 жаттығу.
Сөйлемдерді салыстырып,айырмашылығын табыңдар .
І топ: Әке шаңғы әкелді. Алақай ,әкем шаңғы әкелді!
( Қуанып айтып тұр)
ІІ топ:Қар қалың жауды. Қардың қалың жаууын-ай!
( Таңданып тұр)
ІІІ топ:Ауа райы жақсы екен. Ауа райы қандай жақсы!
( Сүйсініп тұр)
Сандықтың жауабы:
Білімді іздей берсең , толып көбейеді.
Ал дүниені жарата берсең,азайып құриды.
ІY тапсырма Білгеніңді іске жарат.
Ал енді білімізді толықтыра отырып, пысықтай түсу үшін 195 жаттығуды орындаңдар.
І топ. Сұраулы сөйлемге айналдырып жазады.
ІІ топ: Лепті сөйлемге айналдырып жазады.
ІІІ топ.Хабарлы сөйлемді көшіріп жазады.
Сыныпта озат оқушылар көп.Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.
196 жаттығу. Өлеңді көтеріңкі дауыспен мәнерлеп оқы. Лепті сөйлемдерден соң қандай тыныс белгісі қойылған ? Неліктен ?
Лепті сөйлемдерде бір нәрсе жайлы өздеріңнің сезімдеріңді хабардар етесіңдер.Сезімдер қуану, өкіну, ренжу, аяу, таңдану, сүйсіну сияқты көңіл күйіне байланысты айтылады.
- Бұл өлеңдегі лепті сөйлемдер қандай көңіл-күйді білдіріп тұр?
- Сүйсіну мағынасында беріліп тұр.
- Ауызба –ауыз әңгімеде бұның бәрі дауыс ырғағымен берілсе,
- ( бәсең,көтеріңкі ...) , ал жазғанда бұл жансыз әріп таңбамен беріледі екен.
- Біз де өз елімізді сүйеміз. Қазақстан елі туралы айтқанда келе жатқан мерекені атап кетпеуге болмайды. Қандай мереке келе жатыр?
- Ал, қане сендер өз Отандарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді лепті сөйлемдер арқылы жеткізіп көріңдер.
Сандықтың жауабы:
Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы болыңдар.
Білімді болсаң – сені ел құрметтейді,
Ал, байлығың болса ,қызғанышпен қарайды.
Y тапсырма. Білгенге маржан.
І топ: Шығармашылық диктант. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.
1. тамаша, күн, бүгін, қандай
2. орманда, өмір , аю , сүреді.
3. кітапханаға ,барасың ба, сен
ІІ топ: Ребусты шеш.
ІІІ топ. Сөзжұмбақ шеш. Лепті сөйлем
Сандықтың жауабы:
Білім өміріңді жарық етеді,
Ал дүние тура жолдан тайдырады.
YІ тапсырма: Артық болмас білгенің.
Жылылықтан жаралған.
Құшағы оның - таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?!
Бұл қай ақынның өлеңі? Ф.Оңғарсынованың «Жылу» өлеңі.Бұл өлеңде қосарланып келген тыныс белгісі бар.
?! түкте түсінбеген ,сенбеген күйді көрсетеді.
Ал енді тыныс белгілерге сөз берейік. Нүкте,сұрақ, леп белгісінің әңгімесі.
Сандықтың жауабы: Білімді адам ақылды , даналы ,өмірге дұрыс көзқараспен қарайды, ал дүниесі көп адам мақтаншақ,өркөкірек болады.
- Біз кімбіз?
- Қандай уәде береміз?
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер ,білім көп оқып ,
Өсе берсін санамыз.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма: Отан туралы лепті 5 сөйлем құрастыру.
Бағалау.
І .Сөз дегеніміз не?
ІІ. Сөйлем дегеніміз не?
ІІІ Әр сөйлемнің құрамы бірдей ме?
І Хабарлы сөйлемнің ережесін айт.
ІІ.Сұраулы сөйлемнің ережесін айт.
ІІІ Ма,ме,ба,бе,па,пе сұраулы сөйлемде қалай жазылады?