Лунтик амандасады. Лунтик: -мен Кузя деген досымды іздеп жүрмін.Екеуміз 8 Наурыз мерекесіне қазтамақ деген гүлді әжеміз Капаға сыйлайық деп едік.Ол қайда кетті? Сендер көрген жоқсыңдар ма? Ал сендер не істеп жатырсыңдар? Тәрбиеші: -Лунтик ,біз бүгін қазтамақ деген гүлді отырғызайық деп едік, Лунтик:-балалар,сендер маған көмектесіңдерші біздің әжемізге іздеп жүрген гүліміз табылды ғой. Тәрбиеші:-Балалар,Лунтикқа көмектесейік пе? Алақай! Мен сендерге жұмбақтар жасырайын,ал сендер шешуін табыңдар.Лунтик сағанда қатысуға болады. Жұмбақтар Көрік берер бөлмеге, Хош иісін сыйлады. Туған күн кештеріне, Сыйлыққа да сыйлайды. ( Гүл ) Дұрыс айтасыңдар ал енді екінші жұмбақ Адамдардың бәрі қызығады, Су құймасаң сәні бұзылады. (Гүл) Балалар,ал енді мен сендерге қазтамақ деген гүл туралы қысқаша мәлімет берейін. Қазтамақ-бөлме өсімдігі ,бұл өсімдік адамның денсаулығын нығайтып,бойына күш береді.Жарқын көңіл-күйге бөлейді.Көпшіліктің сүйікті гүліне айналған қазтамақ-«пеларгония» тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанда қазтамақ шалғындық жерлерде,орманда, тау беткейлерінде өседі. Биіктігі 10-80 см,сабағы тік,сыртын түк жапқан,жапырақтары қарама-қарсы орналасқан,немесе кезектесіп Қызыл,көкшіл,күлгін,ақ түсті гүлдері,көбінесе шоқталып,ал кейде дара шығады Қазтамақ тек бөлме өсімдігі ғана емес ,олар орман қазтамағы шалғын қазтамағы,Роберт қазтамағы,сібір қазтамағы –дәрілік өсімдіктер болып кездеседі.Қазақстанда 15 түрі кездеседі екен. Қазтамақтын тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбасын бүйрек ауырғанда,радикулит емдеуге,тамақ шаюға,шаш түсе бастаса пайдаланады. Қазтамақта С дәруменге бай,геранин (эфир майы алынады).Негізгі отаны-Оңтүстік Африка,онда 280 –ге жуық түрі белгілі.Қазтамақты әдемі гүл үшін ғана емес,сонымен қатар хош иісті жапырақтары,сондай-ақ шипалық қасиеті үшін өсіреді.Ол ауадағы зиянды микробтарды жояды. Қазтамақ гүлі әлемге 19 ғасырдан бастап таралған. Қазтамақты әжелеріміз бұрыннан жақсы көрген сондықтан болар «әжелер гүлі» деп аталған. Ал енді бізге кім тақпақ айтып береді? Үй гүлі. Өз қолыммен ыдысқа Отырғыздым үй гүлін. Сабақтары қып-қысқа. Терезеден сүйді күн. Топырағын қопсытып, Мезгілімен суғардым. Жапырақ жайып өсті тік, Қызыға қарап жүр әркім. Үйімізге сән беріп, Ашылды гүл бір шөптен. Жатса да тысты қар көміп, Терезеде тұр көктем. Жарайсың! Лунтик:-қазтамақ гүлің менің әжем неге жақсы көреді десем ? Енді білдім бұл «әжелер гүлі» екен ғой. Тәжірибелік кезең «Қазтамақты отырғызу». Ең алдымен не керек? Дұрыс,сол ыдысқа тыңайтылған топырақ оны арнайы гүлдер сатылатын дүкендерден алуға болады.Міне сондай топырақты саламыз.Топырақтың ортасын таяқшамен қазамыз,гүлдің тамырын ішіне қондырамыз,түбін топырақпен жабамыз.Ал енді не істейміз? Балалар,гүлдерді үнемі баптап,күтіп тұру қажет. Әдемі сөздер айтса гүлдер жайқалып өседі. Лунтик:-Мен үшін бүгін бір сәтті күн болды.Мен Капа әжемнің сүйікті гүлің таптым,сендерге үлкен рахмет,енді Кузя досымды тапсам екеуміз 8 Наурыз мерекесіне беретің сыйлығымыз дайын.Рахмет сендерге!Сау болыңдар! Балалар,енді біз демалайық (гүлдер тарату). Мына гүлді иіскейміз,иықты көтермейміз мұрынмен тыныс алып ауа толтырып ауыздан шығарамыз «Тыныс алу жаттығуы»(2-3 рет). (шеңбер бойына тұрады- гүлді иіскеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасайды). Жарайсыңдар! |