Просмотр содержимого документа
«"Химия еліне саяхат"»
Күні: 25.01.2018 жыл
Зерттеу – жобалау жұмысы: Химия
Тақырыбы: «Химия еліне саяхат»
Мақсаты: Балаларды химия тарихымен таныстыра отырып, түрлі тәжірибелерді жасай білуге дағдыландыру, қызығушылықтарын арттыру. Түрлі заттарды қосу арқылы қызықты көріністерді тамашалауға баулу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру.
Керекті құралдар: Бүктемелі кітап, зымыран макеті, шыны ыдыстар, шарлар, оттық, ас содасы, сірке суы, су, ыдыс жуғыш сұйықтық, өсімдік майы, дәрілік түйірлер, т.б.
Билингвалды компонент: сірке суы-уксус, ас содасы-пищевая сода, түйірлер-таблетки, май-масло.
Сәлемдесу
- Қайырлы таң, балалар!
-Қайырлы таң, апай!
- Балалар, бүгінгі біздің химия оқу қызметімізге қатысуға көптеген апайлар келіп қалыпты. Ендеше, барлық апайлармен сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер!
Здраствуйте, добро пожаловать!
Hello, welcome!
-Балалар, маған хабарлама келді. Бізді ақылды телефон химия еліне шақырып жатыр екен. Химия еліне саяхатқа барамыз ба? (Иә)
Саяхатқа бармас бұрын мен сендерге химия тарихымен таныстырайын. Мына бүктемелі кітапта сендерге арналған қысқаша мәлімдеме берілген. «Химия» дегеніміз – заттар мен олардың өзгерістері туралы ғылым екен. Яғни заттардың бір-біріне айналып өзгеруін зерттейтін жаратылыстану ғылымы. 18 ғасырдың ортасына дейін химия ғылым ретінде саналмаған екен. Ең алғаш химияны ғылыми жолға қойған ағылшын ғалымы Роберт Бойль болды. Ол 1961 жылы алхимияға қарсы шығып, химияның нағыз ғылым ретінде дамуына өз үлесін қосты.
Бұл химия элементтерінің таблицасы. Яғни заттардың, қоспалардың, элементтердің аталуы берілген. Таблица жүйесін орыс ғалымы Дмитрий Иванович Менделеев жасаған. Содан бері таблицаның аты – Менделеев деп аталып кеткен екен. Химия ғылымы дами бастағаннан кейін, тоқымаға арналған бояулар, дәрі-дәрмек, резиналар, жуғыш заттар, олиф пен лактар, этил спиртін, сірке қышқылы жасалған екен. Осылайша, химия ғылымы дамыған екен.
-Балалар, сендер химия тарихымен таныс болсаңдар, ендігі кезекте арнайы зымыранмен химия әлеміне саяхатқа аттанайық. Қолымызды зымыранға қойып, көзімізді жұмайық. Міне, химия әлеміне де келіп жеттік, көздеріңді аша қойыңдар.
Ақылды телефон: Сәлем, балақайлар! Қош келдіңдер, сендерге арнап жасаған тосын сыйым бар (балаларға үрлемелі шар көбіктерін үрлейді) Сендерге ұнады ма? Бұл жерде түрлі заттарды бір-біріне қосып, қызықтарды тамашалауға болады. Менің кез келген батырмамды бассаңдар, сендерге арналған химиялық тәжірибелерді айтамын. Зерттеу жүргізуге дайынсыңдар ма? (Иә)
1-тәжірибе: «Шардың өздігінен үрленуі»
Шарға 2 шәй қасық ас содасын саламыз;
Бөтелкеге ақырындап 3-4 қасық су араласқан сірке суын құямыз;
Бөтелкеге шарды кигізіп, ас содасын суға төгеміз;
Шар өздігінен үрленеді.
2-тәжірибе: «Лавалық шам»
Стақанға боялған суды құямыз;
Үстіне өсімдік майын құямыз;
Көпірмелі дәрілік түйірді саламыз;
Нәтижесінде боялған су жоғары қарай лава сияқты көтеріледі.
3-тәжірибе: «Вулкан»
Стақанға ыдыс жуғыш сұйықтықты құямыз;
Суға марганцовканы араластырып, сұйықтыққа құямыз, екеуін араластырамыз;
Үстіне сутегінің асқын тотығын құямыз;
Нәтижесінде сыртқа қарай көп көбік атқылайды.
Ойын: «Жылдам түстерді бас»
Ақылды телефон: Балалар, сендер тәжірибе жасап шаршаған боларсыңдар, қане, ойын ойнап жіберейік. Алдарыңдағы түрлі түсті шеңберлерді менің нұсқауыммен жылдам басуларың қажет. Әуен ырғағымен оң аяқтан бастаймыз. Қызыл, сары, жасыл, көк........
-Ақылды телефон, сізге көп рахмет. Біздің тобымызға қайтатын уақытымыз таяп қалды. Балалар, телефонмен қоштасып, тобымызға барайық. Ал, балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Біз қайда саяхатқа бардық. Химия елінде қандай тәжірибелерді жасадық. Сендер оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Сол үшін сендерге жас химик деген төсбелгісін тағайын.