Просмотр содержимого документа
«"Халық педагогикасы - балабақшада"»
Халық педагогикасы-балабақшада
Үйелмен – бала үшін алтын бесік. Халық педагогикасы бойынша бала тәр-биесі мен оның барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен от басында жүзеге асады. Сондықтан балалардың болашағы үйелмендегі өзара қарым-қатынасқа, ата-аналарының тіршілігі мен еңбек етуіне тікелей байла-нысты болады, себебі бала өзінің өн бойына үйелмендегі естіп-көрген жақсы мен жаманның бәрін сіңіріп отырады, ата-аналардың жағымды, жағымсыз қылықтарына еліктейді. Халық педагогикасы деген не?
Ол – даналыққа толы мақал-мәтелдер. Ол – түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махаббатқа толы әлдиі балдырғанның балдай тіліне оралған тәтті тақ-пағы, думаны мол ойын баласының өлеңдері. Халқымыз бала психологиясы-ның қалыптасуына ойын әрекеті де елеулі роль атқаратындығын жақсы аң-ғарған. Ойында бөбектің ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынының түрі де мазмұны да сан алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, адамгершілікке баулынады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын – балалық шақтың басты ерекшелігі. Мысалы «Баланың істегені білінбес», «Баламен ойнама шаршарсың», «Қыз – қуыршақ, ұл – құлыншақ», «Ойнай білмеген , ойлай да білмейді» деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар келетіндігі, ұл мен қыздың ойыны да түрліше болатынды-ғы, ойын арқылы баланың сана-сезімі, кәсіп таңдауы, ақыл-ойы өсіп жетіле-тіндігі көрсетілген.
Бала тәрбиесіне байланысты үйелмен мен балабақша арасындағы жұмыстар-да орын алған кемшіліктерден арылу үшін 3 міндетті белгілеп сол бағытта жұмыс жүргізу.
1. Бала тамағының түрлілігі мен нәрлілігін, тазалықты басты назарда ұстай отырып дене тәрбиесі сабағының сапасын көтеру, қимыл-қозға-лысты ұлттық ойындарды үйретуді басты назарда ұстау, сол арқылы дені саудың – діні сау, діні саудың – тілі сау дегендей, қоғамға пайда келтіре алатын, оның дамуына, нығаюына өз үлестерін қоса алатын денсаулығы мықты адам тәрбиелеу.
2. Тіл дамыту сабақтарының сапасын, берілу методикасын жетілдіре отырып, ана сүтімен берілетін ана тілін дұрыс меңгерту. Бала қиялын, ақыл-ойын жетілдіретін қазақ ертегілері мен жұмбақ, жаңылтпаштар үйретуді басты назарда ұстау. Сол арқылы бала бойына ұлтының қадір-қасиетін, әдет-ғұрпын біліп өсудің бастауын қалыптастыру.
3. Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің сапасын көтеру. Балабақ-шада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа ала отырып халық педагогикасы негізінде бүлдіршіндерге еңбек, адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде үйелмен мен балабақша арасындағы бай-ланысты ынтымақтастыра отырып ізгілендіру.
Бала – бақыт, бала – нұр, бала – отыныс, бала – жыр. Ана сүтімен бері-летін ана тілін дамытудағы ата-ананың, тәрбиешінің білім мен біліктілігі өте қа-жет. Қазіргі экологиялық жағдайымыз қарама-қайшылыққа кездескен кезеңде дені сау, діні сау, бала тәрбиелеу, басқа тілге деген құрмет, ұлттар достығы рухында тәрбиелеудің мақсаты мен міндеті жан-жақты айтылады.