Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Айы/күні: 18.01.2017 апта күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ш. Перро «Қызыл телпекті қыз» (ертегі)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге көмектесу.
Міндеттері:
1. ертегі мазмұнын түсініп әңгімелеуге үйрету.
2. сөздік қорын молайту.
3. үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, хрестоматия
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сөздік жұмыс: қызыл телпекті қыз
Билингваль құрауыш: қызыл телпекті қыз- красная шапочка
жоспар – кестесі
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Уәждемелік түрткілік | Ұйымдастыру кезеңі: Біз көңілді баламыз, Шаттық әңге саламыз. Айгөлек-ау, айгөлек, Би билейміз дөңгелеп. -Міне, қандай тамаша! Өнерлі, биші, ақылды балалар екенсіңдер! | Балалар шеңбер бойына тұрып, қимыл орындайды. |
Ұйымдасты рушылық – ізденістік | Кіріспе әңгіме: -Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Қызыл телпекті қыз» ертегісін оқып, оның мазмұнын ашып әңгімелейміз. Ертегіні оқып беру. Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық! Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. - Сендерге ертегі ұнады ма? - Анасы қызыл телпекті қызын қайда жұмсады? - Қызыл телпекті қызға кім кездесті? - Қай жерде? - Қызыл телпекті қыз не деп жауап берді? - Қасқырдың қарнын жарған кім? | Зейін қойып тыңдайды Қимылдар жасайды. Балалардың жауабы Әжесіне қасқыр орманда отыншылар |
Рефлекстік жинақтаушы | 2-3 баладан ертегінің мазмұнын сұрау. Іс-әрекетті қорытындылау | Мазмұнын айтады. |
Күтімді нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын;
Игерді: кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруді;
Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы оқуды.