kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қыз сыны 2016

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мың бұралған ару қыздар сайысы.Мықтының мықтысын анықтау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қыз сыны 2016»

Тақпақтар:

Темірлан Алмат Акежан Бексултан Жанали Аян Қанағат Ералы Қайрат

Арнаның «әже» туралы әні

1-жүргізуші: Құрметті аналар,ұстаздар және байқауға қатысушы арулар.8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын.

2-жүргізуші:аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілейміз.

1-жүргізуші:ал бүгінігі 3 «А» сынып қыздарының арасында өтетін «қыз сыны » атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Олай болса мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі-------------------- сөз берейік.

2-жүргізуші:Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазы алқасына әділдікті

Ал аруларға сәттілік тілейікші

1-жүргізуші:Мың бұралған арулар билей басып

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.Ортаға арулар келіңіздер.

1) Аққу құстай қанат қағып самғаған,

Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Гүлназымыз қатарынан қалмаған.

2)Атыңнан айналайын Дария деген,
Сенің ісіне өте жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

3)Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Ақпейілдің алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

4)Армандарды аңсаған,

Оқығанда тамсанам,

Медина біздің білімді,

Оқу үшін жан салған

2-жүргзуші

5)Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерменен тамсандырады адамды

Қошеметтеп шақырайық ортаға

Арна атты сүйкімді қыз баланы

6)Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында.

Бауыржанқызы Томирис деген аруды

Шақырайық қошеметпен ортаға

7)Өнер қуып арулар өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген Гүлім ару

Көпшілікке тасыстыршы өзіңді- дейміз





1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық

------------------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші:

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

1-шарт «сәлем-сөздің атасы»-деп аталады.Әр ару өз өзін таныстырады. (2мин)

2-шарт «өнерлі өрге жүзеді» әр ару өз өнерін көрсетеді (3 мин)

3-шарт «кім жылдам» (3 мин) Әр сайыскер өз шеберліктерімен икемділіктерін көрсетеді.

а)түйме қадау (2 мин)

ә)1мин ішінде жіпке бисер өткізеді

4шарт «білімді мыңды жығар»әртүрлі сұрақтар беріледі.

5шарт «сәндік өнері»әр сайыскер өзінің сән үлгісімен таныстырып қорғайды.(2мсин)

Олай болса сайыскерлер әділқазы алқасының алдында жетондар бар соларды алуларыңызды сұраймын.

1-жүргізуші:Сонымен қадірменді көрермен қауым,ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін,білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін.

Ақ арулар келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дамытуға

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппен,ізетпен танысуға

1-турды бастайық.1-ші сайыскерді шақырамыз.



2-жүргізуші.

Өнер білім тапқырлықтың тарланы

Еңбектегі әріптестер мақтаны

Өнеріңді ортаға сал сайысқа

Өнер көрсет құрбылармен таныс та

2турды бастайық.1-ші сайыскерді шақырамыз.



1-жүргізуші:2-ші турда аяқталды.Енді келесі «кім жылдам»сайысы.

А)енді барлығына түйме мен ине жіп беріледі.кім жылдам түймені дұрыстап тіігеді.2мин уақыт кетті.

Ә)енді тағыда ине жіппен бисер беріледі.Мұнда 1минут ішінде кім көп бисер өткізеді.

4-тур 2-жүргізуші:

Ақылдылық қыздарға жарасады.

Көзі ашық пен бәрі де санасады

Келесі сұрақ жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты-дей отырып келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

Гүлімге:

1.1желтоқсан қандай күн?-----Тұңғыш Президент күні

2.Сөйлемнің неше түрі бар?-------3түрі бар

3.Қаратпа сөз деген не?-----біреуді өзіңе қарату мақсатында айтылған сөзді қаратпа сөз дейміз

4.Оқу жылдың қай мезгілінде басталады?------күзде

5.8 –дің квадраты нешеге тең?---------64

6.Қаз бір аяғымен тұрғанда салмағы 3 кг,екі аяғымен тұрса неше кг болады? --------------3кг

Мединаға:

1.Елтаңбаның белгілерін ата.------(қанатты пырақ,шаңырақ,күн,жұлдыз)

2.Сұлу сөзінің синонимі қандай?-------әдемі

3. «шал мен бала» әңгімесінің авторы кім?-------Б.Соқпақбаев

4.Әнұранның әнін жазған кім? -----------Ш.Қалдаяқов

5.Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі деген не?-----(тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады)

6.3-тің кубы нешеге тең?------9

Арнаға:

1.Тудың белгілерін ата.------(ою-өрнек,қыран құс,күн)

2.63 пен 7 бөліндісі нешеге тең?----------9

3.16 желтоқсан қандай күн?--------тәуелсіздік күні

4.Жайылма сөйлем деген не? -----------тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

5. «үш бақытым» өлеңінің авторы кім?----М.Мақатаев

6.Ақботаның туған күніне 4 дос қызы келді.Үстелге неше қыз отырды?------------5қыз отырды

Гүлназға:

1.1сағ.60мин неше сағат?--------------2 сағат

2.45 пен 9-дың бөліндісі нешеге тең?----5-ке тең

3.Жалаң сөйлем деген не?--------тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

4. 7-нің квадраты нещеге тең?--------49-ға

5.Адамның денесі ненің көмегімен қимылдайды?----бұлшықеттің

6. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? -------------2 сағат ойнайды.

Томириске:

1.Сөйлем деген не?-----------белгілі бір ойды білдіреді

2.Дене күйіп қалған кезде қандай алғашқы көмек жасаймыз?------күйген жерді ыстық су астында ұстаймыз

3.Айша мен Ерасыл мектептен келе жатып 5 теңге тауып алады.Ал егер Айша мектептен жалғыз қайтса қанша теңге тауып алар еді?-----------5 теңге

4.25-тің 5-тен бір бөлігі нешеге тең?---------5 ке тең

5.Отыз екі мықты

Қаз қатар боп шықты

Он алтысы асты

Он алтысы үсті Ол не?----------------жауабы: тіс

6.етістік деген не?--------қимыл іс әрекет иесін білдіреді.

Дарияға:

1.Метрмен нені өлшейді?--------ұзындықты

2.Жалқы есім деген не?-----кісінің аты-жөні,жер су аттары,жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім дей

3.тері үсіген кезде не істеу керек?------------алақанмен ысқылау керек.

4.Келесі жылы Диас 5 жасқа толады.Былтырғы жылы ол неше жаста болады?-----------3 жаста болады

5.Бастауыш деген не?------

6.аласа сөзінің қарсы мағынасы не?----------биік




Ақпейілге:

1.Өсімдік неден көбейеді?---------тұқымнан

2. 2 нанды 6 теңгеге сатып алсақ,1 нанның бағасы қанша?----------------3 теңге

3.Қ.Р тудың авторы кім?-----------------Шакен Ниязбеков

4.1 ц= неше кг бар?--------------100кг

5.Қай кезде бастауыш пен бастауыштың арасына қойылады?-----------------зат есімнен жасалса

6.Ы.Алтынсарин кім?-----------жазушы,ақын,ағартушы ұстаз


5-ші тур сәндік өнер 1-жүргізуші

Сымбатына сән киім жарасатын

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сәні сай келіп тұрған

Аруларға қызығып қарасын -деп келесі сән өнеріне берейік.1-ші сайыскерді шақырайық.

Сонымен бүгінгі сайысымызда аяқталып қалды.Ал қазір әділқазылар алқасы арулардын ұпайларын есептегенше оқушылардың КВН өнерлерін тамашалайық.

Әділқазылар алқасы мадактама бергенде ұлдар сыйлықтарын беріп тұрады.











«Көкпекті орта мектебі»КММ









Қыз сыны-2016








3 «А» сынып

Сынып жетекшісі:Жұмашева Г.Ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қыз сыны 2016

Автор: Жумашева Гульнар Жумашевна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387327

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Қыз сыны - 2017"
    ["seo_title"] => string(14) "k_yz_syny_2017"
    ["file_id"] => string(6) "409889"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492494373"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "«К?ктем г?лі» атты ?ыз сыны 2015 бай?ауы. "
    ["seo_title"] => string(42) "koktiem-ghuli-atty-k-yz-syny-2015-baik-auy"
    ["file_id"] => string(6) "212062"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431743892"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "?ыз сыны сайысы. "
    ["seo_title"] => string(16) "k-yz-syny-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "232408"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442838041"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "сценарий "?ыз сыны""
    ["seo_title"] => string(17) "stsienariikyzsyny"
    ["file_id"] => string(6) "281449"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453535330"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ереңгілік "Көрікті көктем" қыз сыны сайысы"
    ["seo_title"] => string(46) "ierien_ghilik_korikti_koktiem_k_yz_syny_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "465576"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1523281369"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства