kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қыс қызығы" ашық оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Оқу іс – әрекеті: Экология негіздері, тіл дамыту, дене шынықтыру, жапсыру.
     Мақсаты: Балаларға жыл мезгілінің өзгерістері туралы түсінік беру, қыстап қалған құстар туралы білімдерін жетілдіру. Табиғат   тазалығын сақтауға, оны қорғауға үйрету.Тақпақ айту арқылы тілдерін дамыту. Саяхат барысында жаттығулар жасату арқылы денелерін шынықтыру.
     Көрнекіліктер: Орман көрінісін дайындау, құстардың дыбыстары, қардың сықырлаған дыбыстары жазылған үнтаспа, суреттер көрсету.
  1.Ұйымдастыру сәті: «Сәлемдесу»
     Қайырлы күн,!
     Ормандар мен далалар,
     Қайырлы күн!
     Достасқан біз балалар,
     Қайырлы күн!
     Бізге келген қонақтар.
Іздену - ұйымдастырушылық  кезең
 Бүгін біз сендермен орманға саяхат жасап, қыс мезгілінің қызықтарын көреміз.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


«Қыс қызығы 2»

Қыс қызығы


Оқу іс – әрекеті: Экология негіздері, тіл дамыту, дене шынықтыру, жапсыру.

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілінің өзгерістері туралы түсінік беру, қыстап қалған құстар туралы білімдерін жетілдіру. Табиғат тазалығын сақтауға , оны қорғауға үйрету.Тақпақ айту арқылы тілдерін дамыту. Саяхат барысында жаттығулар жасату арқылы денелерін шынықтыру.

Көрнекіліктер: Орман көрінісін дайындау, құстардың дыбыстары, қардың сықырлаған дыбыстары жазылған үнтаспа, суреттер көрсету.

1.Ұйымдастыру сәті: «Сәлемдесу»

Қайырлы күн,!

Ормандар мен далалар,

Қайырлы күн!

Достасқан біз балалар,

Қайырлы күн!

Бізге келген қонақтар.

  1. Іздену - ұйымдастырушылық кезең

    Бүгін біз сендермен орманға саяхат жасап, қыс мезгілінің қызықтарын көреміз.

Ойын: « Ия, ия, ия – жоқ, жоқ, жоқ» ойыны.

Балалар мен сендерге сурет көрсетемін егер де қазіргі жыл мезгілі кездессе « ия, ия, ия» деп, қолдарыңды шапалақтайсыңдар, егер де басқа жыл мезгілі кездессе «жоқ, жоқ, жоқ» деп жауап беріп беріп аяқтарыңды топылдатыңдар.

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атап өтейік.

Тәрбиеші: балалар сендермен қысқы орманға саяхатқа барайық, ол үшін пойызбен барайық, біріміздің артымыздан біріміз тұра қалайық.

Би: «пойыздар».

Қызықты сәт: « Апаннан аю шығады».

Аюмен тақпақ айтайық.

Бала, бала, баламыз,

Біз орманға барамыз.

Ормандағы қызықты,

Тамашалап қайтамыз.

  • Балалар, міне біз орманға да келіп жеттік. Балалар орманда қандай аңдар болады?

  • Түлкі, қасқыр, аю, қоян, тиындар болады.

  • Орманда ағаштар көп болады,жан-жағымыздағы ағаштарға қарайықшы.Балалардың назарын ағаштарға аудартып, қыста қандай болатыны, ал көктем, жаз, күз мезгілдеріндегі ерекшеліктеріне тоқталып өтеміз.(Қыс мезгілінде қар жауып, күн суытады. Көктемде қар еріп, жылғалардан су ағады. Жазда күн ыстық болып, көлге суға түсеміз. Ал күз мезгілінде жеміс – жидектер пісіп, жауын жауып, күн суыта бастайды.)


Құстардың дауысын үнтаспаға жазып, қыстап қалған құстардың аттарын айтып шығады. Құстар туралы тақпақ айтады.

Дамир Азим

Шиқ-шиқ еткен, торғайды, Келіп көктем құстары,

Қорғамаса, болмайды. Бау – бақшада ән салды.

Кіп – кішкентай торғайлар, Оларды жас достары,

Ағаштарды қорғайды Ұя жасап қарсы алды.


Олай болса, өздерің жасап келген әдемі құстардың ұясын ағаштарға орналастырайық.

Музыка әуенімен қарқызы келеді.

Қарқызы: Сәлеметсіңдер ме, балалар.Бүгін күн қандай керемет. Тоңған жоқсыңдар ма?

Балалар: - Жоқ, тоңған жоқпыз. Бүгін мен сендермен соңғы рет қыс қызығы мерекесіне қатысқалы тұрмын, өйткені күн жылынып, көктем айы келе жатыр. Балалар менің қолымдағы қарды қараңдаршы, түсі қандай?

Балалар: - Ақ.

Оларды жоғары көтерсем, олар жан – жаққа ұшады. Қармен ойындар ойнаймыз ба?

Балалар: - Ия.

Қолғаптарыңды қолдарыңа киіңдер.

Балалар бір - бірден қарды алып жәй жүріп, содан соң жүгіреміз.

Қарды алдарыңа қойып, қолдарыңды жылытып, қайтадан қарды жерден аламыз.

Осы кезде сайқымазақ келеді, ол қардың қалың жауғанынан әзер келеді, саяхатқа кешігіп қалғанын айтады. Балалармен бірге ән айтады.

Ән: «Әппақ, әппақ қар әппақ».

Балалар мен сендерге топқа барғанда шананының суретін салып, жапсырып көрсетемін.

Сергіту сәті:

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұзайдынды ашуға,

Келгендей-ақ ол мұнда.

Балалар көздеріңді жұмып қолдарыңды соғыңдар.

« Ұлпа қарлар сыйлығы».

Қарқызы: Балалар сендерге алып келген сыйлығым бар.(Сыйлығын балаларға береді).

Мен енді, еріп кетпей тұрғанда қайтайын, келесі жылы кездескенше сау болыңдар балалар.

Қарқызын шанаға отырғызып,шығарып саламыз.

Сайқымазақ: Балалар,біз сендермен қазір үйілген қарларға әдемілеп сурет салайық. (Балалар қарға әдемі суреттерін салады.)

Балалар, қазір қыс мезгілінің соңғы айы. Қар еріп, күн жылынды. Жылғалардан су ағып, құстар ұшып келіп жатыр.

Балалар топқа келіп баяу ән әуенімен көздерін жұмып, орманда не көргендерін естеріне алады.

Өздеріне ұнаған шананың суретін салып,әдемілеп бояп, қиып жапсырады.

Сабаққа жақсы, белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау арқылы сабақты қорыту.

Қозғалыс ойыны: «Қимылмен келтір»

Шарты: Өздеріне ұнаған аңдарды қимылмен келтіреді.


Күтілетін нәтиже

Біледі: Табиғаттағы ерекшеліктерді.

Игереді: Берілген тапсырманы орындай алуды.

Меңгереді: Өз ойларын еркін жеткізуді.
























1-қыркүйек – білім күні. (тақырыптық сабақ)


Сабақтың тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні».

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.

Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.

                                                                                                                                                               

І. Кіріспе бөлім.

Мемлекеттік әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.

(балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Біз Көкшетау қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: «Әсел» мектеп-бақшасы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Дания атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.

ІІ. Негізгі бөлім.

Дәрия: Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.

             Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.

             Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап

             Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.

Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.

Шерхан::Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.

                 Саған ыстық сезіммен, қарайдыжұрт, мұғалім.

                  Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын

                  Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.

Айзере: Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге

                Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге.

Жан: Сәлем саған балабақшам, алтын ұйям сүйікті

          Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.

Балалардың орындауында ән «Біздің балабақша».

Темірлан::     Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып

                         Жақын тартып жаныңа, шәкіртім деп қуанып.

Балалармен суреттер бойынша әңгімелесу.

Ойын: «Менің сүйікті балалбақшам».

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Арина:       Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.

                            Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.

Мадина:    Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.

                            Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.

 






















Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін
халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:
1.ТРИЗ(ӨТШТ) технологиясы.
2.Тәй-тәй технологиясы
3.Монтессори технологиясы
4.Зайцев технологиясы
5.Дамыт


«ТРИЗ (ӨТТШТ) технологиясы балабақшада»

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогикалық өрісін табады.

Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан, мағынасы өшпейтін із қалдырады.

Талантты адамды тәрбиелеу үшін, мектепке дейінгі балалық шақта оларды қоршаған ортаға қарап, бірқалыпсыз ойлау қабілетін, шығармашылық ойлауын дамыту керек.

Мектепке дейнгі мекемеде тәрбиеленушінің дарынды, жоғары деңгейде даму шеберлігі дамыған, баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды негізгі мақсатым деп санаймын.

Балаларды мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу кезінде өз жұмыс барысымда менің байқағаным жұмыс жасайтын балалардың бірен-сараңы екені, көп балалар шетте қалады, өз ойларын айтуға жасқанады. Шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттері дамымағын, көрініп тұрған нәрселерді байқамайды.

Осы мәселені шешу барысында, біздің балабақша 2011 жылдан бастап облыстық эксперименталдық ТРИЗ алаңы болып табылды. 3 жыл бойы арнайы жабдықталған екі топта ТРИЗ технологиясын пайдаланып эксперименталдық жұмыстар жүргізілді. Жұмыстың жақсы нәтижесіне байланысты 2014 жылдан бастап біздің балабақшаның барлық топтары аталмыш технология бойынша жұмыс істеуде.

Осы технология негізінде баланың ойлау, қиялдау, шығармашылық тұрғыдан көзқарасы артады.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушіге ТРИЗ - бұл ұжымдық ойындар, сабақтар және қызықты әдіс-тәсілдер жүйесі. Мен ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, сабақтар циклын құрастырдым, шығармашылық есептер, дидактикалық, көрнекі құралдар даярладым, өйткені даму орталығындағы өзгеріст



















Слям Нұрай Тұрлыбай Нурали



Малика


















Жыл басы – Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке Тіршілік жаңа оянды! Жылдың басы Наурыз, Жердің басы Наурыз. Мерекеге арналсын Бүгінгі жыр- әніміз. Алматы обылысы, Іле ауданы, Қараой ауылы Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы: Орнықбай Мирас Жетекшісі: Керимова Нургуль Нукеновна Елім менен жеріме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан наурыз. Жеті түрлі дән салып, Дәм татқызған наурыз. Жақсылық тілеп халыққа, Молшылық әкелсін наурыз. Уа, ағайын халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтын Наурыз тойы бастайық! ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің 4 «в» сынып оқушысы: Джинайтова Дильноза Сынып жетекшісі: Акилова Камила Наурыз айы келгенде, Күн шуағы шашылып. Жылғалардан су ағып, Ақ әжелер құлпырып. Наурыз көже пісіріп, Қонақтарға тартамыз. Наурыз келдi елiме, Наурыз келдi жерiме. Байлық, бақыт тiлеймiн, Бүкiл қазақ елiне. Жылдың басы Наурыз, Жердің басы Наурыз. Мерекеге арналсын Бүгінгі жыр- әніміз. 

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/takpak/520-nauryz_22_meyram.html
© www.ZHARAR.com



Жыл басы – Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке Тіршілік жаңа оянды! Жылдың басы Наурыз, Жердің басы Наурыз. Мерекеге арналсын Бүгінгі жыр- әніміз. Алматы обылысы, Іле ауданы, Қараой ауылы Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы: Орнықбай Мирас Жетекшісі: Керимова Нургуль Нукеновна Елім менен жеріме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан наурыз. Жеті түрлі дән салып, Дәм татқызған наурыз. Жақсылық тілеп халыққа, Молшылық әкелсін наурыз. Уа, ағайын халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтын Наурыз тойы бастайық! ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің 4 «в» сынып оқушысы: Джинайтова Дильноза Сынып жетекшісі: Акилова Камила Наурыз айы келгенде, Күн шуағы шашылып. Жылғалардан су ағып, Ақ әжелер құлпырып. Наурыз көже пісіріп, Қонақтарға тартамыз. Наурыз келдi елiме, Наурыз келдi жерiме. Байлық, бақыт тiлеймiн, Бүкiл қазақ елiне. Жылдың басы Наурыз, Жердің басы Наурыз. Мерекеге арналсын Бүгі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Қыс қызығы" ашық оқу қызметі

Автор: Кадырова Ширин Мусагалиевна

Дата: 10.04.2018

Номер свидетельства: 465676

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Қыс қызығы қортынды оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(38) "k_ys_k_yzyg_y_k_ortyndy_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "436123"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509561850"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ашық сабақ: "Қыс қызығы""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk_sabak_k_ys_k_yzyg_y_2"
    ["file_id"] => string(6) "445031"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513599438"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "«Қыстың қызығы» ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы"
    ["seo_title"] => string(80) "k_ystyn_k_yzyg_y_ashyk_u_iymdastyrylg_an_ok_u_k_yzmietinin_tiekhnologhiialyk_kar"
    ["file_id"] => string(6) "404345"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490723646"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ашық сабақ: "Апта күндерімен таныстыру""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_apta_kundierimien_tanystyru"
    ["file_id"] => string(6) "438744"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510645931"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ашық сабақ: "Жыл мезгілдері""
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk_sabak_zhyl_miezghildieri_2"
    ["file_id"] => string(6) "438734"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510644811"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства