Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, қуыршақтардың суреттері, балалардың санына қарай ойыншықтар, желім, қайшы, үнтаспа.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Киім түрлері, жыл мезгілдеріне байланысты киім кию туралы әңгіме өткізу; киімді үйлестіріп кию жайлы әңгімелеу.
Ерте, ерте, ертеде аю мен қуыршақ Айгүл дос болыпты. Бір күні аюға достары қоңырау шалады, оны театрға шақырған екен. Аю өзінің қуыршақ құрбысын бірге баратынын айтады. Достары келіседі.
Аюдың қасында досы қуыршақ бар. Бүгін сол қуыршақты театрға бару үшін киім таңдауға көмек сұрайды.
Ол үшін қуыршақты қалай киіндіреміз?
Дұрыс айтасыңдар.
Аюмен суреттерден әртүрлі киім түрлерін көрсете отырып, шағын әңгіме жүргізу.
Аюжан бізге ойыншықтар не үшін қажет?
Дұрыс айтасыңдар. Ойнау үшін, әдемілікті сезіну үшін, бір- бірімізге сыйлау үшін қажет. Сондай әдемі ойыншықтардың бірі – қуыршақ.
Балалар қолдарына бір- бір қуыршақ алып, тәрбиешімен бірге қуыршақпен әңгімелесіп, тапсырма бергендей қимылдар жасайды. Қуыршақтарына сүйіспеншілікпен күлімдеп қарайды.
Ол үшін бізге не қажет? Педагог пішінді қию әдісін көрсетеді. Қағазды ортасындағы белгі бойынша сызықтың бір шетінен бастап аяғына дейін қиямыз. Қуыршақтың көйлегі дайын болды.
Сергіту сәті:
Аю, сергіп алсақ жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.
Аю бүгінгі қиған көйлегіміздің түсі қандай болды?
Дұрыс айтасың.
Енді қуыршағымызды киіндірейік.
Желімді жағып, орын- орнына жапсырайық.
Міне, аюжан қуыршағымыз сенімен театрға баруға дайын.
Үнтаспадан Ә. Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған «Қуыршақ» әнін тыңдайды.
Қуыршақ - кукла – doll,
киім – одежда – clothes сөздерін бала қайталайды.
Қайшы, желім.
Балалар қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру.
Тапсырма бойынша үлестірмелі материалмен жұмыс істейді – үлгілерді тәрбиешінің айтып көрсетуі бойынша қияды.
Сергіту сәтіне қимылдармен көрсетіп қатынасады
-Қызыл түсті
Үлгіге дайын болған көйлекті жапсырады.
Балалар әнді үнтаспаны тыңдай отырып, әнге қосыла орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Тәрбиеші балалар мен аюдың жұмысын мадақтайды. Жасалған жұмыстары көрмеге қойылады.
Балалар мен аю қолдарына қуыршақтарын алып театрға бірге барады.