Просмотр содержимого документа
«"Құстар - біздің досымыз"»
№ 35 «Балдырған» бөбекжайы
«Құстарға қамқорлық»
1-Сәуір « Халықаралық құстар күніне» байланысты құстарға қамқорлық жасау
Дайындаған МАД топ тәрбиешісі: Дюсенова С.У.
Ақтау қаласы
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы:«Құстарға қамқорлық»
Мақсаты: Серуен кезінде балаларға құстар туралы әңгімелеу. Жыл құстары, қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. Құстар тіршілігі туралы түсінік беру. Адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге баули отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың суреті, қанатты сөздер, құстың ұясы;
Сабақтың барысы: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Көктем мезгілі барлық тіршіліктің жанданып, оянатын кезі. Ағаштар бүршік атып көктей бастайды. Жәндіктер ұяларынан шығып, жер бетінде тіршілік басталады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайта ұшып келеді.
«1 – сәуір Халықаралық құстар күні» - деп белгіленді. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенцияда жариялағаннан бері аталып келеді.
Біздің еліміз құстарға бай. Біз оларды қорғап, аялауымыз керек. Еліміздің көк байрағында да қыран құс қалықтайды. Астана төріндегі «Бәйтерек» самұрық құс пен алып жұмыртқа да құспен байланысты. Құстар туралы айтар әңгіме көп. Дәл қазір құстар туған жеріне жылы жақтан ұшып келуде. Қанатты достарымызды құрметпен қарсы алайық. Оларға ұя жасап, жем салайық:
Қане құстар туралы, көктем мезгілі туралы кім тақпақ айтады.
Бибінұр: Келді көктем қоңыр салқын желімен, Келді көктем нұрын шашқан күнімен. Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен, Келді көктем әдемі құс үнімен.
Камила: Үйге кірші торғайым Мен аяздан қорғайын. Жем шашамын, жегейсің Үйшік жасап берейін.
Абдуали: Келіп көктем құстары, Бау - бақшада ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.
Тәрбиеші: Балалар құстар туралы қандай қанатты сөздер білесіңдер?
Альбина: «Қанатты дос – табиғаттың тартуы»;
Малика: «Құстар – біздің досымыз, табиғаттың қорғаушысы»;
Даулет: « Құсты атпа, досыңды сатпа».
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге қазір құстар туралы сұрақтар беремін, қай құс екенін табуыңыз керек:
1. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? /көкек/
2. Киелі құс / аққу/
3. Қандай құстың құйрығы айыр? /қарлығаш/
4. Жыл құстары дегеніміз не? /жылы жаққа ұшып кететін құстар/
5. Түнде ұшатын кұсты ата? /жапалақ/
Қорытынды:
Тәрбиеші: Оянып бар табиғат ұйқысынан, Жадырап құтылғандай қыс қамынан. Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған, Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
Балалар, бүгінгі серуен кезінде біздер құстарға қандай қамқорлық жасадық?
Балалар:
Біз құстарға ұя жасап ілдік.
Оларға жем салдық.
Тақпақ айтып бердік.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Әрқашан аспанымыз ашық болсын, табиғат ананы аялайық, құстарға қамқор болып, барлық жануарларға жанашыр болайық.
Білім беру саласы: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Серуен күннің І жартысы
Тақырыбы: «Құстарға қамқорлық»
Мақсаты: Серуен кезінде балаларға құстар туралы әңгімелеу. Жыл құстары, қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. Құстар тіршілігі туралы түсінік беру. Адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге баули отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың суреті, қанатты сөздер, құстың ұясы;
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған
Қайталап айтады, жаттайды
Іздену-
ұйымдастырушы
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Жарайсыңдар. Көктем мезгілі барлық тіршіліктің жанданып, оянатын кезі. Ағаштар бүршік атып көктей бастайды. Жәндіктер ұяларынан шығып, жер бетінде тіршілік басталады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайта ұшып келеді.
«1 – сәуір Халықаралық құстар күні» - деп белгіленді. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенцияда жариялағаннан бері аталып келеді.
Біздің еліміз құстарға бай. Біз оларды қорғап, аялауымыз керек. Еліміздің көк байрағында да қыран құс қалықтайды. Астана төріндегі «Бәйтерек» самұрық құс пен алып жұмыртқа да құспен байланысты. Құстар туралы айтар әңгіме көп. Дәл қазір құстар туған жеріне жылы жақтан ұшып келуде. Қанатты достарымызды құрметпен қарсы алайық. Оларға ұя жасап, жем салайық:
Балалар қазір біз жасаған құстың ұясын ағаш басына ілеміз. Құстар бұл ұядан келіп, біздің салған нандарымызды жейді.
Қане енді құстар туралы, көктем мезгілі туралы кім тақпақ айтады.
Балалар құстар туралы қандай қанатты сөздер білесіңдер?
- Балалар мен сендерге қазір құстар туралы сұрақтар беремін, қай құс екенін табуыңыз керек:
1. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
2. Киелі құс 3. Қандай құстың құйрығы айыр?
4. Түнде ұшатын кұсты ата?
Құстарға жасаған ұяны барлығы ағашқа іледі.
Альбина: «Қанатты дос – табиғаттың тартуы»;
Малика: «Құстар – біздің досымыз, табиғаттың қорғаушысы»;
Даулет: « Құсты атпа, досыңды сатпа»
Көкек
Аққу
Қарлығаш
үкі
Рефлексті
коррекциялаушы
Қорытынды:
Оянып бар табиғат ұйқысынан, Жадырап құтылғандай қыс қамынан. Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған, Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
Балалар, бүгінгі серуен кезінде біздер құстарға қандай қамқорлық жасадық?
Жарайсыңдар. Әрқашан аспанымыз ашық болсын, табиғат ананы аялайық, құстарға қамқор болып, барлық жануарларға жанашыр болайық.
Қайталап айтады, жаттап алады
Біз құстарға ұя жасап ілдік.
Оларға жем салдық.
Тақпақ айтып бердік
Күтілетін нәтиже: Құстарға жанашыр болуға, оларға қамқорлық жасауға үйренеді;
Білуі керек: Құстар туралы мәлімет, аттарын атауды;
Болуы керек: Табиғатты аялау, еңбекқорлыққа баулу;
Баланың қолынан келуі керек: Құстар, көктем туралы тақпақ, тыйым сөздер, қанатты сөздер жатқа білу;