Мотивациялық- қозғаушылық | Ойнамақ боп еркелеп, Әдейлеп, ерте кеп. Гүлге қонды қалықтап, Кіп- кішкентай тікұшақ -Ол не екен? -Дұрыс айтасыңдар, ал инеліктің не екенің кім айтады? -Көктемде қаншама жәндіктер пайда болады (ойыншықтар немесе иллюстрациялар көрсетіледі). Бірақ жәндіктердің барлығы бірдей ояна қоймайды. Кейбірі әлі ұйқыда жатыр. Бүгін біз инелікті құрастырамыз | - Инелік- жәндіктерге жатады |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік | Инеліктің суретін қарау. Балалардың өзіндік жұмысы. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел үстіне орындайды. Балалардың алдына табиғи заттар қойылады. -Жәндіктер туралы не айтуға болады? -Олар несімен ұқсас? -Олардың айырмашылықтрын атаңдар. -Инелік туралы не айтуға болады? -Инеліктің денесін жасау үшін қандай затты қолданамыз? Дұрыс, ал осы тяқшаға үйеңкі ағашының жапырақшасын ермек- саз арқылы денесіне біріктіреміз; -Басы қандай болады, мұрты бола ма? | Балалар сұрақтарға жауап береді. Көлемі, өңі, қозғалысы жағынана әртүрлі, кейбір ұша алады. Денесі, басы, аяғы, мұрты, көздері бар. -Ұша алатын жәндк. Ол тік- ұшаққа ұқсайды; -Инеліктің денесі жіңішке, оған жіңішке таяқшаны аламыз; Инеліктің денесіне ермексазбен қанаттарын біріктіреді. -Инеліктің басы үлкен, сонымен қатар көздері де үлкен болады, басын жасау үшін қоңыр ермексазды, ал көзін жасауға қара ермексазды қолданамыз. Инеліктің мұрты болмайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Көтерме ұйымдастырылып жақсы жасалынған жұмыс мадақталынады. | Балалар өздерінің инеліктері туралы айтып береді. |