Просмотр содержимого документа
«К дыбысы мен әрпі»
Төрт түлігім - ырысым
Мереке Киятовна
17 мам 2014
4823
0
0
Мақсаты: Сөздік қорын молайту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, жүйелеп айтуға дағдыландыру, төрт түліктің пайдасын тілуге үйрету. Білімділік: Төрт түліктің пайдасын білуге үйрету. Дамытушылық: Баланың есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Төрт түлік малды аялауға, қамқорлық жасауға, бағуға тәрбиелеу. Қолданған құралдар: жасыл шөптің үстінде төрт түлік мал, малдардың пірлері, түлік иесі. кейіпкерлердің киімдері, олардан алынатын өнімдер. Алдын ала жасалынған жұмыстар: «Мал базарына» саяхатқа барып, төрт түлік малдарды бақылап, олардың түрлерін, немен қоректенетінін, қалай баптау керек екенін түсіндіріп көрсетемін. Оқу іс - әрекетеріңде малдардан алынатын өнімдер туралы айтып, және сүзбеден құрт жасадық. Барысы: Ерте, ерте, ертеде төрт түлік малдар дауласыпты Қой: Қорасында маңыраған, қозымысымен жамыраған Аппақ қою сүті бар, ақ шағала құрты бар, ақтылы, қой жануармын Сиыр: Даусым бар қазандай, мүйізім бар жылтылдақ Буыным бар сыртылдақ, оқыра тисе жөңкеймін Зеңгі баласы сиырмын Түйе: Көзім жарық жұлдыздай, мойным иір қобыздай Құйрығым ұзын қамшыдай, салтанатты көшірткен Көшкенде жолды шаңдатқан, түйе деген мен болам! Жылқы; Қоғалы көлді жайлаған, қоғаның басын шайнаған " Ер қанаты өзім", ел қуанып айдаған, жылқы деген жануармын Аяулым: Түйеден жығылсам, түйе шудасын төсейді Аттан жығылсам, ат жалынын төсейді Сиырдан жығылсам, сиыр мүйізін төсейді Қойдан жығылсам, қой жабағысын төсейді Сендер бәріңде адамға керексіңдер, таласпаңдар, әне өз аталарың келді Рамазан: Ойсыл қара " келенің бурасы екен Буралығын білдірген шудасы екен Амина: "Шопан ата" саулықтың қошқары екен Егіздетіп жылда төл қосқан екен Махаббат: "Зеңгі баба" сиырдың бұқасы екен Ет пен майға өң бойы тұтас екен Али: "Қамбар ата" үйірдің айғыры екен Құлын тайы көбейген байлығы екен
Тәрбиеші: Мал баласын қалай сүйеді екен? Балалар: Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп, Ештеңені білмейтін" момыным" деп. Сиыр сүйеді баласын" торпағым "деп, " Қараңғыда баспаған қорқағым "деп. Түйе сүйеді баласын "боташым" деп, " Жәудіреген көзіңнен тоташым" деп. Жылқы сүйеді баласын" құлыным "деп, "Тұлпар болып жүгірер жұлыным" деп. Тәрбиеші: Ал енді бізге төл иесі бата береді: Жаннұр: Шопан ата баласы, қойлар бассын үйіңді Қойлар басса үйіңді, қоймай бассын үйіңді! Сиыр берсең сүтті бер Зеңгі баба баласы, сиыр бассын үйіңді! Қуғандарға жеткізбей, қашқандарды қоймаған Қамбар ата баласы, жылқы бассын үйіңді! Шудаларын шаң басқан, төрт аяғын тең басқан Шешіп үйін жүктеген, ойсыл қара баласы Түйе бассын үйіңді! Дұрыс айтасыңдар, төрт түліктің еті адамға қалай сіңеді екен? Жылқы еті, төсек салып жатқанша Сиыр еті таң сарғайып атқанша Қойдың еті келесі күн батқанша Төрт түліктің пайдасы қандай екен; Түйе байлық, қой мырзалық, жылқы сәндік, сиыр ақтық
Дұрыс айтасыңдар ендеше қонақтарға қандай тілек айтамыз? Қазандарың майлы болсын! Шайларың сүтті болсын! Төрт түліктерің сай болсын!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Төрт түлік мал туралы бала бақшаға арналған сабақ жоспары