Просмотр содержимого документа
«"Қарлығаш пен дәуіт" ертегісі»
Бекітемін:
МКҚК «Алпамыс» балабақшасы
Меңгерушісі: __________З.А Есқали
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:
«Қарлығаш пен дәуіт»
Тобы: «Әмбебап балдырған»
Тәрбиеші: Атабаева Жанар
Қызылорда 2018жыл
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Драма»
Тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі
Мақсаты: Сахнада еркін қимылдап, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Театрлық іс-əрекетте
ертегілерді пайдалана отырып, балалардың анық, дұрыс сөйлеу мəдениетін дамыту. Кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ – жауап, сахналау
Технология: АКТ, ойын,
Көрнекіліктер: видео, құстың суреті
Билингвизм: Қарлығаш – ласточка - Дәуіт - Құс – птицы -
-Балалар бүгінгі оқу қызметімізге келген қонақтармен сәлемдесейік үш тілде амандасу
Жарайсыңдар, балалар бүгін бізде драма оқу – қызметі
Осы кезде құстың даусы шығады. Балалар бұл ненің даусы екен өзі қайдан шығып жатыр, балалармен іздейді.
Балалар бізге видео арқылы қоңырау шалып жатқан сияқты кәне бұл не екен?
Видеодан қарлығаш сөйлейді
Қарлығаш: Сәлем менің кішкентай достарым. Мен сендерге сонау алыстан жылы жақтан хабарласып тұрмын. Мен сендерге яғни туған жеріме көктем мезгілінде ораламын. Ол кезге дейін мен сендерге тапсырма берсем орындай аласыңдарма?
Балалар бізге хабарласып тұрған қандай құс?
Қарлығаш қандай құс?
Ендеше біз қарлығаштың тапсырмаларын орындау үшін біз үш топқа бөлінейік ағашта қонып тұрған қалаған құстарымызды алып сол құстың үстеліне жайғасайық.
«Көгершін» тобы
Көгершін тобындағылар шығармашылықпен жұмыс жасайды яғни витражды бояумен біздің жаңа ертегіміздің кейіпкерлерін салады.
«Қыран» тобы
Қыран тобында кубиктерді құрастыру арқылы ертегіні тауып сол ертегі жайлы әңгімелеу
«Қарлығаш» тобы
Қарлығаш тобында жапсырмалар арқылы қарлығашқа ұя жасаймыз.
Тапсырманы орындап болған соң қайта қарлығаштың даусы шығады.
Маған көмектесе көріңдер менің балапандарымды жылан жұтпақшы.
Балалар қарлығаш бір жағдайға ұшыраған сияқты не болды екен сиқырлы тақтадан сұрап көрейік.
«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі көрсетіледі
Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Ертегі қалай аталады?
Қарлығаш – ласточка - , дәуіт - , ертегі – сказка құс - птицы
Жарайсыңдар сендер осы ертегіні сахналағыларың келе ме?
Ендеше кім қандай кейіпкер болғысы келеді?
Балалар ертегіні орамал театры арқылы сахналайды.
Жарайсыңдар балалар, сендер ертегіні керемет ойнадыңдар барлығын оқу қызметіне жақсы қатыстыңтар.
Бізде бүгін қандай оқу қызметі болды?
Драмада қандай ертегіні сахналадық?
Ендеше біздің оқу қызметіміз аяқталды келген қонақтармен қоштасайық
Балалар бүгін біз осы ертегілердің ішінен «Қарлығаш пен дәуіт ертегісін» тыңдайтын боламыз. Ертегіні слайд арқылы айтып беру.
Балалар сендерге ертегі ұнады ма? ендеше осы кейіпкерлерді өз қалауымызша таңдап сахналап берейік