Ұйымдас- тырушы- лық- ізденістік | -Балалар, біз серуен кезінде қандай жәндіктерді бақылау жасадық? Бүгін біз тағы бір жәндікпен танысамыз. Ол үшін сендер қолдарыңды созып, алақандарыңды тосып тұрсаңдар, ол жәндік сендердің алақандарыңа өзі қонады. -Балалар, көздеріңді ашыңдаршы, сендердің алақандарыңа қандай жәндік қонды. Сендер бұл жәндікті көрген жерлерің бар ма, қайдан көрдіңдер? -Қанқызын бәрің де білесіңдер, ал олардың тіршілігі көп бірмеулерің мүмкін. Сол себепті мен сендерге бүгін қанқызы туралы айтып беремін. Қанқыз-қызыл түсті, үстінде жеті нүктесі бар кішкентай жәндік. Ол кішкентай болса да ештеңеден қорықпайды. Неліктен ? -Егер де оны қолыңа алып, басып қалсаң, ол сап-сары жағымсыз иісі бар уын шығарады. Сол себепті оған құстар тиіспейді. Тіпті қызыл түсті заттар көрсе олар тиіспеуге тырысады. Міне, қанқыз осылайша қорғанады екен. Қорғанудың тағы бір түрі, оларды ұстап алсаң, ол өлген сияқты болып қатып қалады да, қауіп төнбегенін байқаған уақытта қайтадан өзінің ісімен айналыса береді. -Қанқыз немен қоректенеді? -Олар алма битін, өсімдік бітесі, жапырақ бүргесі, өрмекші, кене т.б ұсақ жәндітерді жейді. Демек, қанқызының пайдасы өте зор екен. Себебі: олар өсімдік зиянкестерін жесе, өсімдіктердің дәрілеудің қажеті болмайды. Олар қандай жерлерде қыстайды? Қанқыз алғашқы суық түскен күннен бастап таулы, орманды жерлерге ұшып кетеді де, тастардың, ағаштардың т.б. қуыстарына тығылып көктем шыққанша жатады. Көктем шыққанда өздерінің үйреншікті жеріне ұшып келеді. Міне, біздің кішкентай қанқыз деген досымыздың тіршілігі осындай. -Балалар, сендер ең күшті қандай жануар деп ойлайсыңдар? -Ең күшті жәндік-құмырсқа. Себебі: ол өзінен он есе үлкен затты көтере алады. Сонымен бірге олар құрылысты да шебер салады. Олар құраған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде «жұмысшы» және «жауынгер» құмырсқалық болады. Құмырсқалардың кейбір әрекеттері адамдарға ұқсайды. Олар енді ғана туылған құмырсқаларды илеуден таза ауаға шығарып, тәрбиелеушілері қадағалап жүреді. Ал ауруға шалдыққан құмырсқаларға дәрігерлері қарайды. Олар қажет болған жағдайда ауруларды алшақтатып, тіпті операция жасауға мүмкіндіктері бар. Мысалы, мертіккен аяқтарын кесіп тастау секілді. Ал құмырсқалардың негізгі қорегі басқа жәндіктер. Өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Міне, балалар, құмырсқалар да адам мен табиғатқа осындай пайдасын тигізеді екен. Бірінші орталықтағы балаларға өздері жасаған балабақшаның Қызыл кітабына суреттерді жапсыруды ұсынады. Екінші орталықтағы балаларға табиғи материалдардан қанқыз құрастыруды тапсырады. Сергіту сәті: Педагог балаларға орталықтағы орындарын ауыстыруды ұсынды. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндеріді. | -Ара, шыбын, көбелек, инелік, құмырсқа. Балалар көздерін жұмып, қолдарын созып тұрады, тәрбиеші олардың қолына кішкентай қанқыздың қояды. Балалар көздерін ашқан кезде қанқызын көріп, таңғалады, қуанады, бір-біріне көрсетіп, қуаныштарын бөліседі. -Қанқыз. -Гүлдің жапырағына қонып отырғанын көрдім. Балалар өздерінің ойларын айтып бөліседі. Олар өсімдіктерге зиянды ұсақ жәндіктерді жейді. -Ағаш қабағының астында, қуысында, жерге түскен жапырақ арасында қыстайды. -Піл күшті т.б. Балалар жауап беруге тырысады. Бірінші орталықтағы балалар осы уақытқа дейінгі бақылап танысқан жануарлары мен өсімдік, құстар, жәндіктердің суретін қиып жапсырады. Екінші орталықтағы балалар грек жаңғағы мен ермексазды пайдаланып, қанқыздан құрастырады. Сергіту сәтін орындайды Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |