- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі неше айдан тұрады? - Қазір қай ай? Жұмбақ шешейік. Үш көзі бар қаз - қатар Кезек – кезек ашады Үшеуінен байқасым Үш түсті нұр шашады Бұл не? Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? - Балалар бағдаршамды көргендерің бар ма? - Ол қайда орналасқан? -Бағдаршамның неше көзі бар? 1 - ші көзінің түсі қызыл 2 - ші көзінің түсі сары 3 - ші көзінің түсі жасыл. Осы үш көздің атқарып тұратын қызметі бар. Бағдаршам жол бойында, жүргізушілерге бағыт бағдар беріп тұратын электр құралы. Кәне санайық 1, 2, 3. - Бағдаршамның көздері қандай пішіндерге ұқсас? - Қане бәріміз ауада дөңгелек пішінді салайық. Осы бағдаршамның көздерінің артында тапсырмалары бар екен. Орындауға дайынбыз ба. 1 – ші топ: қызыл көздің тапсырмасы. 2 - ші топ: сары көздің тапсырмасы. 3-ші топ: жасыл көздің тапсырмасы. Сергіту сәті: Бағдаршамның қызыл түсін көрсету. Бағдаршамның сары түсін көрсету. Бағдаршамның жасыл түсін көрсету. Ә. Табылдиевтің «Бағдаршам» өлеңін жаттау. Қызыл көзін ашқанда, аяғынды баспа алға. Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, жүре бергін жасқанба. | Күз. - Үш айдан. - Құркүек айы . - Бағдаршам. - Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. - Бар. - Қалада жолдың бойында орналасқан. - Үш көзі бар. Олар қызыл көзін ашқанда- Сынық сүйем баспа алға Сары көзін ашқанда - Қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда - Өте бергін, жасқанба. - Дөңгелекке. Бағдаршамның көздерін ретімен мүсіндеу. Дөңгелек пішіндерді түстерін келтіріп. Ермексаздан дөңгелек пішіндерді мүсіндеу. Балалар орындарынан тұрады. Балалар екі жаққа кезек-кезек дайындалады. Аяқтарын топ-топ басады. |