kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??стар – бізді? досымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ??стар – бізді? досымыз

Ма?саты: О?ушылар?а жалпы ??старды? пайдасы жайында ма?л?мат беру. О?ушыларды ??стар?а ?ам?орлы? жасай білуге т?рбиелеу. Оларды? ??стар туралы ой - ?рістерін, т?сініктерін дамыту. Халы? ?азынасы ма?ал – м?телді, ж?мба?ты болжамдарды пайдалана білуге ?йрету.

К?рнекілігі: «??с таби?атты? байлы?ы» ??старды? суреттері, плакат?а жазыл?ан с?здер.

М??алім: Таби?атты ??райтын б?ліктерді? бірі – ??стар. Халы? ежелден – а? ??стар?а ?уес, олар?а деген с?йіспеншілігін д?ріптеп, е? жа?сы к?ретін адамды ??с?а те?еу ар?ылы ол ы?ыласын к?пке аян етеді. Халы? ?з ортасынан шы??ан са?ыла? ?лдарын с???ар?а те?есе, т?гілте ?н шыр?айтын ?ншісін б?лб?л?а, ел ?шін, Отан ?шін жанын ?иятын батырларын – ?ыран?а, елден ас?ан с?луды – а??у?а те?ейді.

   ??с таби?ат байлы?ы. Байлы?ты? к?зі – ??старды ?ркез ?ор?ай білу керек. Олар таби?ат байлы?ын а?аштарды, ?сімдіктерді зиянды ж?ндіктерден тазартады. Сонда а?аштар жай?алып ?седі. ?здеріні? бойына таза ауаны баласы дем алады. ?шып – ?онып бір жерден екінші жерге барып келіп ж?реді. Жер бетінде 8600 – ге жуы? ??старды? т?рі бар. Бізді? Республикамызда 474 ??сты? т?рі бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??стар – бізді? досымыз »



Ұлттық тәрбие берудің маңызы


Балаларды жас кезінен бастап тазалыққа жинақы – ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір – қасиетін түсінуге тәрбиелей отыру керек.

Өмірге келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен ең алдымен өз отбасында танысады.

Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам – оның ата – анасы. Жас баланың дамуына ата – ананың орны ерекше, балалардың қоғамда қабілетті, өнегелі, саналы, денсаулығы мықты, іскер, Отанына адал болып өсуінің қоғам үшін маңызы үлкен.

Отбасында жасы кіші оқушыларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге, оларға «Сіз» деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйрету маңызды мәселе.

Кейбір ата – аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайдылықпен қарайды. Ал, мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Мұндай (қолайсыз) жағдайларға тап болуына баланың ата – анасы кінәлі емес деп қалай айта аласыз? Бірақ, осындай ата – аналар өз кемшілігін сезініп, өздері мойындай да бермейді.

Отбасындағы жалпы қарым – қатынас үйдегілердің бір – біріне деген сый – құрметі немесе басқалармен болған байланысы, сөз шеберліктері яки болмаса, жағымсыз қылықтары баланың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Ата – анасы ішімдікке салынған немесе баланың әрбір сөзіне жеки жауап беру де баланың психологиясына кері әсер етеді.

«Бір күн ұрыс шыққан үйден, қырық күн береке кетеді» дегендей, үйдегі ата – ананың өзін - өзі қалай ұстауы сол үйдегі балаларға да өз әсерін қалдырмай қоймайды.

Жасы үлкендерді, қарияларды құрмет ету, олардың кеңестерін, жол – жосықтарын тыңдай отырып, солар көрсеткен жолмен жүру дәстүрі халқымызда ежелден бар. Әлі өмірдің ащысы мен тұщысын татпаған жастар үшін өскелең өмірдің қыры мен сырын түсіндіретін осындай ақсақалдардың ақыл – кеңестері әрдайым керек – ақ. Олар - өмір мектебінің түрлі сынақтарынан өткен көнекөз халықтық мұраларымызды кейінгі ұрпаққа жеткізуші тірі тарих. Сондықтан олардың қадіріне жетіп, құрметтей білуіміз керек. Мұны әрбір отбасындағы балаларға саналы түрде түсіндіре білу үлкендердің міндеті, әрі парызы.

Қорыта айтқанда, бүгінгі жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет – ғұрыптарымызды, ата – бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата – ананың басты міндеті.




Борашова Жамила

Манашы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі





Тақырыбы: Алмас қылышты ардагер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: батыр баба ерлігі жайлы түсінік беру. Қазақ жерін жаудан қорғаудағы

Бөгенбай батырдың қолбасшылығымен, ерлік істерімен таныстыру;

Дамытушылығы: мәтінді түсініп оқуға машықтандыру, оқушылардың тіл

байлығын арттыру, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру;

Тәрбиелілігі: отанды қорғауға, батылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: талдау – жинақтау, көрнекілік, сұрақ – жауап, баяндау, топпен жұмыс.

Түрі: жаңа білім беру, аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Бөгенбай батыр суреттері, сызба, тірек – сызбалар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Мәтіннің мазмұнын айту


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Ойын: «Жоғалған сөз».

1. Отан үшін .... – елге тиген үлес. (күрес)

2. Көп біріксе ..... болар, көп тілегі .... болар. (ел, көл)

3. Ер қаруы ..... қару. (бес)

№1 слаид Қаракерей Қабанбай суреті

№2 слаид Бөгенбай Ақшауұлы суреті

Бес қаруды ата

1. Қылыш

2. Найза

3. Садақ

4. Шоқпар

5. Қалқан

2. Мұғалімнің түсіндірмесі. (картамен жұмыс)

Ақтабан шұбырынды М. Қаспақтың картинасы

1) Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама 1723 – 1727 ж.

2) Аңырқай шайқасы

Бұл шайқас 1730жылы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Аңырақай шайқасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен көрінеді.

3) «Қалмаққырылған» шайқасы. Бұланты.

Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті.

4) «Қазақ батырлығының алтын ғасыры»

1723 жыл Кіші жүздің ханы - Әбілхайыр

1724 жылы Қазақ хандығының астанасы – Түркістан

1725 жыл Жоңғарларға қарсы жорық

1726 жылы Бүкілқазақтық құрылтай

5) Бұқар жыраудың Бөгенбай батырды жырға қосуы.

3. Оқушылардың мәтінді оқуы

4. Сөздік жұмыс

«Сыр сандық»

Мәміле – келісім

Тоқырау – қиын жағдайға тап болу

Уәж – сөз, пікір

Ірігенді ширату – ес таппай шұбырған елге ақыл беру

Буырқану – батылдану

5. Сергіту сәті


Орнымыздан тұрайық,

Батырларға ұқсайық

Садақ ату, қылыштасу, найза лақтыру


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,

Жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт.


Ү. Үйге тапсырма:

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айту

2. Өлеңді жатқа айту


ҮІ. Бағалау





































Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз

Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы жайында мағлұмат беру. Оқушыларды құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Олардың құстар туралы ой - өрістерін, түсініктерін дамыту. Халық қазынасы мақал – мәтелді, жұмбақты болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

Көрнекілігі: «Құс табиғаттың байлығы» құстардың суреттері, плакатқа жазылған сөздер.

Мұғалім: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңейді.

Құс табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі. Өздерінің бойына таза ауаны баласы дем алады. Ұшып – қонып бір жерден екінші жерге барып келіп жүреді. Жер бетінде 8600 – ге жуық құстардың түрі бар. Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар.


Бір қызық ит жүгіріп, аң ауласа,

Мінген ат шабуылмен танауласа.

Киенің іші қызыл, орман түлкі,

Құлпырып жер сабаумен сабауласа.


Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

Жауабы: Қарлығаш

«Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді.» - дейді ғалымдар.

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға қып,

Тоқ – тоқ соғады.

Жауабы: Тоқылдақ


Биікке салған ағаш үй,

Сол ғой оның мекені.

Жаздай сайрап салып – ақ,

Қыста алысқа кетеді.

Жауабы: Қараторғай

Осындай бірнеше жұмбақтар қойылады.


Құрметті жас достар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап беруге қалай қарайсыңдар?


Сұрақтар:

1. Құстың негізгі мекені не? (Ұя)

2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)

3. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)

4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

5. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады?

2 – жүргізуші: Балалар, қонақтар құстар туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?


Мақал – мәтелдер:

1. Бұлбұл үнді, жылан тілді.

2. Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

3. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.

4. Шабан бүйрек бұрын ұшар.

5. Ақ сұңқардың баласы,

Алдына қоймай ас жемес.


Ал, қанеки құстарға байланысты қандай болжамдар бар?

1. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

2. Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.

3. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

4. Қаз немесе тауық бір аяғынан тұрса аяз болады.

5. Қарғалар қанатының астына тұмсығын тықса суық болады.


Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, тамылжысақ табиғаттың жауларымен күресіп жүрген досымыз сендерсіңдер, құрметті дос құстар!


Қорытынды: Құстарды біз атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз.

Қамқор болып бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.


Құс достары келіңдер,

Құс қызығын көріңдер.

Ұя бұзар тентекті,

Ұстап жаза беріңдер.


Сан алуан әні бар,

Сайрауының мәні бар.

Құстар – біздің досымыз,

Бақтың құспен сәні бар – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
??стар – бізді? досымыз

Автор: Сарсенбаева Тазагул Асановна

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204172

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Планирование на тему "??стар - бізді? досымыз""
    ["seo_title"] => string(46) "planirovaniie-na-tiemu-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "252434"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447389668"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Та?ырыбы: "??стар бізді? досымыз" Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "takyrybykustarbizdindosymyztrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "279563"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453265382"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Та?ырыбы: «??стар – бізді? досымыз!» "
    ["seo_title"] => string(33) "tak-yryby-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "196656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428081050"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "??стар-бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(20) "kustarbizdindosymyz3"
    ["file_id"] => string(6) "329330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463918614"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства