Ұйымдастыру. Ізденушілік. | Өткен оқу іс – әрекетін қайталау. Ой қозғау. а) Дыбыс және әріп дегеніміз не? б) Дыбыстар нешеге бөлінеді? Жаңа оқу іс – әрекетімен таныстыру. Кәне, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ,мұқиат тыңдап отырыңдар. Өз атын өзі шақырады, Сөйтіп күнді батырады.(Көкек) Көкек деген сөзінде қандай дыбыс тұр.Кім К дыбысынан келетін адам аттарын атайды ?-Енді осы адам аттарында к дыбысы қай жерде тұрғанын талдайық. -К дыбысы- дауыссыз дыбыс,көк түсті текшемен белгіленеді. К дыбысына сурет бойынша өлең жолдарын жаттату. К дыбысы мен әрпі Көркем ғой Көктөбе деп, Ұшып жүр кептер ,көбелек Жайнатып тұр маңайды, Күн нұры көктен себелеп. Суреттермен жұмыс: «Кесе », «Көбелек », «Күшік », «Көкек » дегенде бірінші қандай дыбыстар естіліп тұр? Қане балалар, осы сөздерді қол шапалақтау арқылы буындап көрейікші. Әліппе дәптермен жұмыс: Балалар «К » дыбысы дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі. Балалар, Күн сөзінде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі. «Көкек » деген сөзде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі? «Кітап » деген сөзде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі? « К» дыбысының жазылу элементімен таныстыру,жазуға үйрету. (балалардың қолдарынан ұстап көмектесу)Ауада жазу. Музыка әуенімен төмендегі буындарды әндетіп айту. Кекілік-ау,кекілік, Кетіп қалма секіріп. Ка-ка ,ко-ко,ку-ку,ка-ка,ки-ки,ке-ке. Сергіту сәті: Мынау-менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау-басым ақылды, Барлық істі басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым. Барлық істі тындырған. «Дауысты ма,дауыссыз ба?»ойыны. Шарты:Өтілген әріптерді дауысты ма,дауыссыз ба ? Айыра білу.Тақтаға А,о,б,в,г,ғ,д,е.ж, әріптері ілінеді.Топ балалары тез ажыратып қай топ тез көп ұпай жинаса сол топ жеңімпаз болады. Буыннан сөз құрау. Ке- Кө- Кү- Мәтінмен жұмыс.Тәрбиеші мәтінді оқып,к дыбысы кездесетін сөзді табады,сол сөздерді буынға бөледі. Көкен ауылда тұрады.Ауылдың қасында көл бар.Көлдің суы мөлдір, таза.Еркебұлан Назкен көлге шомылып,Еркебұлан балық аулады. Жұмбақтар шешкізу. Жұп-жұмыр жоны бар,Инеден тоны бар.Түйреген түрпі,Бұл не?(Кірпі)Ақ сандығым ашылды , ішінен жібек шашылды.(Күн) | Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз. Екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыстар. Күлән, Күлпаш,Кәрім. « К» дыбысы естіліп тұр. Сөздің басында кездеседі. Сөздің ортасында кездеседі. Сөздің басында да, ортасында да кездеседі. Буынға бөлу.Ке-се,кө-бе-лек,кө-кек, Балалар оқулықпен өз бетінше жазуға үйренеді. Балалармен бірге оқу. Балалар өрнекті жалғастырып салады. К К К Үлгі бойынша баспа түрін жазу.Тор көздегі к дыбысына сөз ойлап табады. Қимылмен көрсету К | | | | | Ке-ке -се Кө-кө- кек Кү-кү-шік -Кірпі,күн сөзінде неше дыбыс бар екенін білді.Бірінші қай дыбыс естілді? К |