Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, 1-10 ға дейін сандар, үлестірмелі материалдар, таяқшалар.
Әдіс тәсілдер: ойын, түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, мадақтау.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар, бүгін біздің оқу іс әрекетіміз ерекше өтеді. Біз сендермен саяхатқа шығамыз. Ал қайда баратымызды білу үшін слайдқа назар аударайық. Тақтада ертегі үзіндісі көрсетіледі. Дұрыс ертегі еліне саяхатқа барамыз, ал онда бару үшін біз бауырсақпен бірге 1 ден 10ға дейін тура және кері санау керекпіз.
Өте жақсы ал енді айтыңдаршы саяхатқа немен баруға болады?
Ал оны білу үшін мынадай жұмбақ шешейік.
Дыбыстайды, зырлайды
Чух чух деп қоймайды.
(пойыз)
Ал ендеше пойызға жақсылап жайғасайық.
Балалар слайдтан ертегі үзіндісін көріп, ертегі еліне саяхатқа баратындарын айтады.
1ден 10ға дейін тура кері санайды.
Жұмбақ шешуін табады.
Бір бірінің артынан вагон болып отырады.
Іздену - ұйымдастырушы
Қараңдаршы бірінші аялдамада бізді күтіп тұр, ол қай ертегіден?
Алдар көсенің тапсырмасы: «Адасқан сандар»
Өте жақсы қандай ақылдысыңдар.
Екінші аялдама: Мысық Лапольдтың тапсырмасы. «Көршісін табындар» ойыны
Үшінші аялдама: Маша мен аю есептер дайындапты, егер шешуін тапсаңдар Маша күледі, егер қате тапсаңдар аю ақырады.