Мақсаты:Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту. Балалар сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.
Көрнекілігі: фланелеграф, көкөністер мен жемістер муляждары, ғажайып қалта.
«Бауда ма, бақшада ма?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Ортаға фланелеграфты
қояды. Фланелеграфтың оң жағына ағаштың суретін қойып, ал сол жағына егін егетін жердің суретін қойып: «Мынау- бақ, ал мынау– бақша» - деп балаларға түсіндіреді. Балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсетеді.
Суреттерді фланелеграфқа бау мен бақшаның ортасына қояды. Оқу іс-әрекетінің бұл бөлігін оң жақта орналасқан жемістер, сол жақта орналасқан көкөністер деп қорытындылайды.
− Жемістер- бақта, ал көкөністер бақшада өседі
Жарты шеңбер болып отырады
Суреттегі заттардың атын атап, оны қайда қоятындарын айтады.
Суретті алған бала: «Бұл қызылша. Бұл бақшада өседі. Сол жаққа бақшаға қоямын.» - дейдіШақырылған бала суретті алып, бауға немесе бақшаға қояды және не үшін қойғанын дәлелдейді. Алма, сәбіз, қияр, алмұрт, қара өрік, орамжапырақ, тәтті бұрышты рет-ретімен қояды.
Іздену - ұйымдастырушы
Сергіту сәті.
Дидактикалық ойын :«Ғажайып қалта»
Шарты: Балалар «Ғажайып
қалтада» жатқан жемістер мен көкөністерді сипап сезу арқылы ажыратады. Қалтаға әртүрлі 5-7 көкөністер мен жемістердің муляжын салуға болады.Шақырылған бала қалтаға қолын салып, сипап сезу арқылы бір затты ұстап, қолын қалтадан шығармай не затты ұстап тұрғанын
айтады (Мен сәбізді таптым). Егер бала затты дұрыс тапса, онда үстел үстінде тұрған тарелкеге немесе жеміс салатын ыдысқа, қайсысына тиісті соған салады. Егер бала дұрыс таппаса, онда затты қайта қалтада қалдырады. Балалар көкөністерді, жемістерді қарайды, түрін,
түсін, пішінін, дәмін ажыратып, суреттеп айтады. Мысалы: Бұл қияр-көкөніс. Бақшада өседі. Түсі жасыл. Көлемі сопақ. Шикілей жеуге болады. Балалардан жалпылама және жеке-жеке жауап алуға болады.
Ары қарай балаларға көкөністер мен жемістерге байланысты жұмбақтар жасырады.
Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.
Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты.
Қабат-қабат тоны бар,
Кішкентай ғана бойы бар.
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жер қазық.
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
Сергіту сәтін орындайды.
Шақырылған бала қалтаға қолын салып, сипап сезу арқылы бір затты ұстап, қолын қалтадан шығармай не затты ұстап тұрғанын айтады (Мен қияр таптым). Егер бала затты дұрыс тапса, онда үстел үстінде тұрған тарелкеге немесе жеміс салатын ыдысқа, қайсысына тиісті соған салады. Бұл қияр-көкөніс. Бақшада өседі. Түсі жасыл. Көлемі сопақ. Шикілей жеуге болады.
Жауаптарын табады.
-Алма
-Өрік
-Қырыққабат
-Пияз
-Сәбіз
-Қияр
Рефлексті - Коррекцялаушы
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды. Балаларға оқу қызметін бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Балалар көкөніс пен жемістерді сипаттай білді.
Болуы керек:Жемістер мен көкөністерді сипап сезу арқылы ажыратуды игерді.
Қолынан келуі керек:Көкөністер мен жемістерді атауларын атай білді.
Күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Әйгерім бізге қонаққа келді» (ойыншықты суреттеу арқылы әңгіме құру)
Мақсаты: Балаларда тәрбиешінің үлгісі бойынша қуыршақ және оның киімі бойынша сипаттау әңгімесін құру дағдысын қалыптастыру. Сөздікқорынбайыту, байланыстырасөйлеугежаттықтыру.
Көрнекілігі: ұлттық киім киген қуыршақ, кішкентай қуыршақтар, қуыршақтар жиһаздары.
Әдіс-тәсілдері: алдын ала жұмыс, педагогтың үлгі әңгімесі, үлгі әңгімені қайталау, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын «Қуыршақтар
қайда отыр?».
Сөздік жұмыс: қарақат көзді, қою қара шашты, қос бұрым, кәжекей
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотиватциялық- қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
− Балалар, бүгін бізге қуыршақ Әйгерім қонаққа келді.
Әйгерім:
− Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңберіне тұрады.
− Сәлеметсіз бе, Әйгерім!
Іздену - ұйымдастырушы
− Балалар, қуыршақ Әйгерімді және оның киімінің түр-түсін сипаттап әңгімелейік. Әйгерімнің көздері қандай?
− Қазақта қара көзді қыздарды «қарақат көзді» деп атайды. Ал, енді айтыңдаршы Әйгерімнің шашы қандай?
− Оны былай деп толықтырып айтамыз: Әйгерім қарақат көзді және қою қара шашты.
Әйгерім:
− Менің қою қара шашым қос бұрым етіп өрілген. Міне бір бұрымым, ал мынау екінші бұрымым. (тәрбиеші Әйгерімнің атынан сөйлейді).
− Балалар, сендерге Әйгерімнің көйлегі ұнайды ма? Оның түсі қандай? Әйгерім:
− Балалар, сендер айтыңдаршы менің үстімдегі мына киім қалай аталады? (кәжекейін көрсетеді).
− Әйгерімнің кәжекейі немен әшекейленген? (Әйгерімнің үстінде жасыл түсті кәжекейі бар. Ол ұзын және әдемі.
Әйгерім:
− Балалар, мен туралы әңгімелегендерің маған өте ұнады. Мен балабақшада сендермен ойнауға қаламын.
− Әйгерім, балалардың да сенімен ойнағысы келеді. Мен де сені сипаттап әңгімелеп берейін.
Әйгерім:
− Жарайды.
− Біздің Әйгерім қуыршағымыз өте әдемі. Көздері қарақаттай қап-қара. Ал шашы қою қара. Шаштары екі бұрым етіп әдемілеп өрілген. Әйгерімнің киімі өте сәнді. Оның үстінде қызыл түсті, етегі бүрмелі көйлек және жасыл түсті кәжекейі бар. Кәжекейі ұзын, сары түсті ою-өрнекпен әшекейленген».
Сергіту сәті.
− Ал, енді Әйгерім, біздің балалар өзіңді әңгімелеп айтып береді.
Кейбір әңгімелеуге қиналған балаларға тәрбиеші көмектеседі.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақтар қайда отыр?»
Үстел үстіне кішкентай қуыршақтарға арналған жиһазды қояды. Жиһаздардың үстінде кішкентай қуыршақтар орналасады.
− Балалар, Әйгерім қуыршағымыз бізге жалғыз келмепті. Ол өзінің кішкентай қуыршақ достарымен келген екен. Бірақ Әйгерім кішкентай қуыршақтарды таба алмай қалды. Келіңдер, Әйгерімге оларды табуға көмектесейік. Сендер
қуыршақтың қайда отырғанын айтасыңдар, ал мен ол қуыршақты Әйгерімге алып беремін.
− Әйгерімнің көздері қара.
− Әйгерімнің шашы қара.
(Балалардың жауабын ).
− Бұл кәжекей. Түсі жасыл.
Кәжекей сары түсті ою-өрнекпен әшекейленген.)
Сергіту сәтін орындайды.
Бірнеше бала Әйгерімді сипаттап әңгімелейді.
− Қуыршақтардың бірі орындықта отыр.
− Екіншісі диванда отыр.
− Үшіншісі кілемде отыр, т.с.с. жалғаса береді.
Толық сөйлеммен қуыршақтың қайда отырғанын айтып, тауып
береді.
Рефлексті - Коррекцялаушы
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды. Балаларға ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды
Сұрақтарға жауап береді..
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Үлгіге қарап сөйлей білуі керек.
Болуы керек:Байланыстыра сөйлеуді игереді.
Қолынан келуі керек:Қуыршақты сипаттай білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ит және оның кішкене күшіктері» (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Балалардың сурет мазмұнына қарай әңгіме құру біліктіктерін жетілдіру (тәрбиеші үлгісі бойынша). Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: «Ит және оның күшіктері» сюжетті суреті.
Әдіс-тәсілдері: сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, әңгімелету.
Сөздік жұмыс: күшіктер, пысық, үлпілдек.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық- қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Балаларға суретті көрсетеді. Сурет бойынша балаларға сұрақтар қояды.
− Мына суретке қараңдаршы. Суретте не бейнеленген?
− Ит қандай?
Балалардың назарын суреттегі күшіктерге аударады.
− Күшіктер қандай?
− Күшіктер не істеп жүр?
− Мынау не? Итаяқ па? Тамақты не шоқып жатыр? Кішкентай торғайлар үлкен иттен қорқып жатыр ма? Ит мейірімді ме, әлде қабаған ба? Сендер неге үлкен итті мейірімді деп ойлайсыңдар? Адамдар итке және оның күшіктеріне қамқорлық жасай ма?
Шаттық шеңберіне тұрады.
− Суретте ит және күшіктер бейнеленген.
− Ит үлкен, қоңыр, жүні сабалақ.
− Иттің тұмсығы ақ.
− Күшіктер кішкентай, икемсіз. Жүндері үлпілдек.
− Бірі иттің қасында жатыр. Ал екіншісі жүгіріп келе жатыр.
Жауабы.
Іздену - ұйымдастырушы
Балаларды өз әңгімесін тыңдауға шақырады.
«Үлкен, қоңыр және сабалақ жүнді иттің екі күшігі бар. Олар әлі өте кішкентай, икемсіз, тіпті үруді де білмейді. Күшіктердің жүні үлпілдек. Итке үй иесі тамақ құйып еді, торғайлар оны шоқып қояр емес. «Бұлар нелер?»- деп, иттің қасында жатқан күшік таңғалып, жүгіріп келді. Екінші күшік орнынан қозғалмады. Бұл күшікке иттің жанында жылы және жайлы.»
Тәрбиеші әңгімені екі рет қайталап айтады.
Сергіту сәті.
Балаларды суретті әңгімелеуге шақырады. Сұрақтар қою арқылы балаларға бағыт бере отырып, оларды әңгімелетеді.
− Балалар, бұл сурет бойынша тағы да бірнеше әңгіме құрауға болады. Біз суретті топта қалдырайық. Егер қаласаңдар ұйқыдан кейін ит және оның күшіктері туралы өздерің әңгіме ойлап және оны бізге айтып бересіңдер- дейді.
Дидактикалық ойын:«Дәміне қарай ажырат»
Шарты:Шанышқымен көкөністі немесе жемісті баланың аузына салады.
Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Суретке қарау арқылы әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.
Үстел қасына шақырылған бала көзін жұмады. Дәмін тату арқылы көкөніспен жемісті ажыратады
Рефлексті - Коррекцялаушы
Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Сұраққа жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Сұраққа жауап бере білуі керек.
Болуы керек:Көкөніс пен жеміс дәмін тату арқылы ажыратуды игереді.
Қолынан келуі керек:Балалар сурет мазмұнына қарай әңгіме құруды білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Не дәмді?»
Мақсаты:Балаларды шағын ертегі мазмұнын мәтініне жақын айтып беруге үйрету. Тіл байлығын дамыту. Сөздік қорларын мазмұндау барысында қолдана білуге белсендіру.
Көрнекіліктер: жануарлар мен құстардың бет перделері.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ертегіні сахналау, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс: тары, сүйек, шыбық, қою сүт, қызыл кеңірдек, бәтуа
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Балаларды шеңбер жасап тұрғызып, бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді.
Армысың , асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым!
− Балалар, біз бір-біріміздің қолымыздан ұстап тұрғанда нені сезінеміз?
Шаттық шеңберіне тұрады.
(Балалардың жауабы).
Іздену - ұйымдастырушы
− Ендеше барлығымыз орнымызға жайғасайық. Балалар, бүгін мен сендерге «Не дәмді?» ертегісін оқып беремін. Мұқият тыңдаңдар.
Ертегіні оқиды. Ертегіні оқып болған соң, ертегі мазмұны бойынша балаларға сұрақтар қояды.
− Ертегі қалай аталады?
− Ертегіде не туралы айтылған?
− Ертегі қандай сөздермен басталады?
− Құстар мен хайуанаттар неге таласты?
− Тауық нені дәмді деді?
− Не үшін ит сүйекті дәмді деді?
− Қоян нені дәмді деп мақтады?
− Ешкі нені дәмді деп мақтады?
− Қою сүтті қай жануар мақтады?
− Балалар, сендер нені дәмді деп ойлайсыңдар?
− Ертегіні тағы да бір рет тыңдаңдар.
Балалардан ертегіні мазмұндауды сұрайды. Сұрақтар қою арқылы ертегі мазмұнынан ауытқымай мазмұндауға бағыт береді.
Сергіту сәті.
− Балалар, енді ертегіні рөлдерге бөліп ойнаймыз. Ол үшінертегідегі кейіпкерлердің бетпердесін алып киейік. Кім қандай кейіпкерді ұнатса, сол рөлді ойнасын.
Дидактикалық ойын:«Менің сүйікті тағамым» Мақсаты: Балараларды өздері жақсы көретін тағам туралы әңгімелеп айтуға үйрету. Әңгімелеу барысында сөзбен сөзді байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Барысы: Санамақ айту арқылы бір бала таңдап алынады. Бала өзінің жақсы көретін тағамы туралы әңгімелеп айтып береді. Ойынды осылай әрі қарай жалғастырып, бірнеше баладан сұрауға болады
Ертегіні мұқият тыңдайды.
-Не дәмді?
-Құстар мен хайуанаттар туралы
-Тары
-Сәбіз
Сұрақтарға жауап береді.
Ертегіні рөлдерге бөліп ойнайды.
Өзінің жақсы көретін тағамы туралы әңгімелеп айтып береді.
Рефлексті - Коррекцялаушы
Оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу-іс әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балалардымадақтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Өз ойын еркін айта білуі керек.
Болуы керек:Шағын ертегі мазмұнын мәтініне жақын айтып беруді игереді.
Қолынан келуі керек:Ертегі кейіпкерлерін атай білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Балаларда отбасы және отбасы мүшелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасы мүшелерінің отбасындағы атқаратын қызметтері туралы білімдерін пысықтау. Сөйлемде сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып, дұрыс сөз тіркестерін құра білуге үйрету. Отбасындағысыйластыққатәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасылық суреттер, доп.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, әңгімелету, ойын ойнату, өлең жаттату.
Балалар, отбасы дегеніміз не? Отбасы мүшелерін атаңдаршы. Сендер кіммен тұрасыңдар? Аға, апаларың, ата, әжелерің бар ма? Олардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? Отбасы мүшелері туысқан адамдар ма?
− Балалар, отбасы мүшелері бір-бірімен тату болады. Бір-біріне қамқорлық жасап, сыйластықта өмір сүреді. Қазір мен сендерді доппен ойналатын ойынды ойнауға шақырамын.
Дидактикалық ойын: «Отбасында кім, қандай қызмет атқарады?» (әке, ана, ата, әже, аға, апа, мен сөздерін пайдаланып, сөйлемді толықтыру).
(Әкем)... жұмысқа барады.
... киім тігеді.
...дүкеннен азық-түлік сатып алады.
...сабағын оқиды.
...тамақ пісіреді.
...гүлдерге қарайды.
...үйді жинайды.
...киім тоқиды.
...кітап оқиды.
− Балалар, бүгін өз отбасы туралы жақсылап әңгімелеген балаға сыйлық дайындалды. Кәне, кім өз отбасы туралы айтып береді?
Сергіту жаттығуы.
− Балалар, сендердің өз отбасыларың туралы айтқан
әңгімелеріңіз маған ұнады. Барлығыңда сыйлыққа ие болдыңдар. (Сыйлықтарды таратады.) Құттықтаймын!
Ата-анасы, атқаратын қызметтері және отбасы мүшелері туралы топқа әкелген отбасылық суреттерін көрсете отырып, қызығушылықпен әңгімелейді.
Сергіту сәтін орындайды
Тәрбиешімен бірге жаттауға кіріседі.
Өлеңді қайталайды және
тәрбиешінің көмегімен жаттауға кіріседі.
Рефлексті - Коррекцялаушы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды.
Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар отбасы және отбасы мүшелері туралы білуі керек.
Болуы керек:Сөз тіркестерін құруды игереді.
Қолынан келуі керек:Отбасы мүшелерінің отбасындағы атқаратын қызметтері туралы білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әйгерімнің туған күні» (шығармашылықпен әңгіме құрастыруу)
Мақсаты: Балаларды ойыншықтар туралы түрлі оқиғалар айтуға баулу. Өз ойын дұрыс қалыптастыру, жеткізу қабілеттерін дамыту. Балалардың шығармашылықпен әңгіме құрастыруға қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, әңгіме құрастыру, өлең жаттату.
Сөздік жұмыс: жақсы тілек, әдемі сыйлық, құттықтау
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Тәрбиешінің үстелінде қуыршақ Әйгерім отыр. Оның жанында қонжық, көжек, күшік бар. Балалар ойыншықтарға қарама-қарсы жарты шеңбер жасап отырады.
Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады.
Іздену - ұйымдастырушы
− Балалар, бүгін біздің сүйікті ойыншығымыздың бірі- Әйгерім қуыршақтың туған күні. Қане, барлығымыз бірге оны туған күнімен құттықтайық.
− Әйгерімнің туған күнін тойлайтын достары өте көп.
-Қараңдаршы, Әйгерімнің қасында қандай ойыншықтар бар?
− Олар Әйгерімнің туған күніне не сыйлар екен? Сендерге айтты ма?
− Балалар, Әйгерім- туған күн иесі. Сондықтан оған бүгін жақсы тілектер айтып, шын көңілімізбен әдемі сыйлықтар сыйлауымыз керек. Әйгерім туралы не айтасыңдар?
− Әйгерімнің достары күшік, көжек, қонжық туған күнге қалай дайындалды?
Кәне, балалар, ойланыңдаршы.
Арслан, сен қай ойыншықты ұнатасың?
− Мақсат, күшікті қолыңа алып, оның Әйгерімнің туған күніне қалай дайындалғандығы және қандай сыйлық жасағандығы туралы айтып берші.
− Жарайсыңдар, балалар! Біз Әйгерімнің туған күніне достарының қалай дайындалғандығы және қандай сыйлық жасағандығы туралы білдік.
Сергіту жаттығуы.
− Балалар, енді М.Жаманбалиновтың «Бөбек жыры» өлеңін жаттап алып, Әйгерімге айтып берейік.
Бөбек жыры
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Өлеңді оқиды.
− Жарайсыңдар, балалар, өлеңді жаттап алдыңдар. Әйгерім сендерге өте риза болды. Біз де әр жыл сайын өз туған күнімізді достарымызбен, ата-анамызбен атап өтеміз. Балалар, бір-біріңізді осындай қуанышты күнмен құттықтауды
ұмытпаңыздар.
− Туған күнің құтты болсын, Әйгерім!
− Қонжық, көжек, күшік бар.
− Әйгерім– өте әдемі қуыршақ. Ол әдепті, ұқыпты.
− Әйгерімнің үстіндегі ақ гүлдері бар қызыл көйлегі өзіне жақсы
жарасады.
− Әйгерім бүгін шаштарына әдемі бантиктерін тағып келіпті.
− Қолында сәнді сөмкесі бар.
− Аяқтарында жылтыраған туфлиі бар.
− Мен күшікті жақсы көремін.
Өз ойынан әңгіме құрастырып айтады, осылайша балалар қонжық болып, көжек болып әңгіме құрастырады.
Сергіту сәтін орындайды.
Өлеңді қайталайды.
Тәрбиешінің көмегімен өлеңді жаттауға кіріседі
Рефлексті - Коррекцялаушы
Оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Өзінің ойыншықтары туралы айтып бере білуі керек.