kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ерлер есімі мәңгі есте»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект занятий проведенный ко Дню Великой Победы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ерлер есімі мәңгі есте»»

«№11 Балдырған балабақшасы»

МКҚК – ның №11«Қызғалдақ»

ересектер тобының тәрбиешісі Джусибалиева Б.Л.


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ерлер есімі мәңгі есте»

Мақсаты:

Білімділік: балаларға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі етуге үйрету.

Дамытушылық:балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар мен мақал – мәтелдер айтқыза отырып, тілдерін дамыту, сөз байлықтарын молайту.

Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру. Арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Керекті құралдар: батырлар туралы, жеңіс мерекесі туралы слайд.

Алдын ала жұмыс: Жеңіс туралы, Отан туралы тақпақтар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері






Мотивация-лық - қозғаушы

Тәрбиеші балаларды топқа бір қатармен кіргізіп, шеңбер құрады.

-Балалар айналаға қараңызшы, тобымыз бүгін ерекше безендірілген, айнала шарға, гүлге толы, - деп топқа назарларын аударып, көңіл-күйлерін көтереді.

-Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайықшы.










-Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық,.

Балалар бір қатармен топқа кіріп, шеңбер құрады, топтың әсем безендірілгеннін көріп, қуанады.





Балалар шаттық шеңберін құрды:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

-Сәлеметсіздер ме, апайлар.



Балалар орындарына отырады.


Балалардан жыл мезгілін, ауа – райы ерекшеліктерін, көктем мерекелерін сұрау.


-Балалар, әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтар-дың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс –дегеніміз балалар, күйретуші күш. Ол барды жоқ ететін, тауды жер ететін,жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол соғысты еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні.Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да Жеңіс күні – Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш - әрине, "бірлік”. Ерлер есімі мәңгі ұмытылмайды.

Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап – жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы атты кітабын әлем таныды.

Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.Ата – анасынан ерте айрылғанМәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі – пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.

Батыр қыздарымыздың бірі Әлия 1942 жылы  өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс – шабыс алаңында білім – білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған Ленинград қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4 – батальонының снайпері болған . Снайпер дегеніміз балалар мерген екен. Жау әскерінің 30 – дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдиноведі.Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты.

Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов.1941 жылдың қараша айында Оңтүстік – Батыс майданның штабына аттандырылып, басқыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты.

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.Жаудың жеріне ту тіккеніміз жеңіске жеткенімізді білдіреді.

Балалар сол сұрапыл соғыста 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

-Балалар сендер шаршап қалған боларсыңдар. Олай болса орындарымыздан тұрып, «Мен болашақ ұланмын» әнін орындап, сергіп алайық.

-Міне балалар бізге жеңіс оңайлықпен жеткен жоқ екен, олай болса балалар біз күннің екінші жартысында жаттаған жеңіс туралы, батырларымыз туралы тақпақтарымыз бен мақал – мәтелдерімізді айтайықшы.












































-Жарайсыңдар балалар.

Балалар жыл мезгілін, ауа райы ерекшеліктерін, көктем мерекелерін айтады.

Балалар Жеңіс күні келгені туралы, сол жеңіске қандай қиындықпен келгендері туралы білді.








































Балалар Бауыржан Момышұлы туралы слайд арқылы көріп, түсінік алады.
















Балалар қазақтың екі батыр қызы М.Маметова мен Ә. Молдағұлова туралы түсінік алады.

















Балалар Әлия Молдағұлова туралы слайд арқылы көріп, ерліктерін көреді.



















Балалар Талғат Бигелдинов туралы слайд арқылы түсінік алады.



Балалар батыр жазушы, Қасым Қайсенов туралы слайд арқылы түсінік алады.















Балалар Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен сәтін көреді.









Балалар «Мен болашақ ұланмын» әнін орындайды.





Балалар жеңіс туралы, батырдар туралы тақпақтар мен мақал –

мәтелдер айтады:

Нұртас:

Мәншүк апай батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап Мәншүк апайға,

Өсіп келе жатырмыз.

Ол жеңісті көрген жоқ.

Келеді кейін азат күн.

Бірақ мәңгі өлген жоқ.

Батыр қызы қазақтың

Жұлдызай:

Мәншүк атыс даласында

Жүр орманның арасында

Мені ал, мені ал, - деп алуан гүл

Қолына оның таласуда.

Тығылып гүл омырауға

Сұрағандай жанға сауға

Ант еткендей тұрды Мәншүк

Гүлді жауға таптатпауға

Айназ:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Олар Отанымыздың

Байтақ жерін қорғайды.

Гүлназ:

Ағалардан, апалардан, інімнен.

Жеңіс сөзін көп естідім бүгін мен.

Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім.

Жазылғандай әжем белі бүгілген.

Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған

Жаса жеңіс мұң – қайғыны қашырған.

Мен жеңістің көріп тұрдым алауын.

Жанарлардан алтын шуақ шашылған.



-Балалар біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?

-Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымыз кім?




-Бауыржан Момышұлы кім болған?


-Мәншүк Маметова әжеміз кім болған?


-Әлия Молдағұлова әжеміз кім болған?


-Рейхстагқа ту тіккен батырымыз кім екен?

-Талғат Бигелдинов атамыз кім болды?

-Жарайсыңдар балалар, 9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! Сендер де өскенде елін, жерін қорғайтын адал да бытыр азамат болатындарыңа сенемін. Ол үшін сендер аянбай оқу оқуыңыз керек. Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

Осымен бүгнгі іс – әрекетіміз аяқталды, келген қонақтармен қоштасайық.

-Ұлы Жеңіс мерекесін тойлап жатырмыз.

-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев батырларымыз.

-Бауыржан Момышұлы қолбасшы болған.

-Мәншүк Маметова пулеметші, мерген болған.

-Әлия Молдағұлова мерген болған.

-Рақымжан Қошқарбаев атамыз.

-Ұшқыш болған.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: балалардың жеңістің оңайлықпен келмегенін, соғыстың зардабтарын білуі;

Меңгерді: соғыста ерлік көрсеткен батыртларымызды, олардың қандай ертлік көрсеткендерін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ерлер есімі мәңгі есте»

Автор: Джусибалиева Бибигуль Лесовна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 389158

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ер есімі-ел есінде"
    ["seo_title"] => string(20) "ieriesimiieliesindie"
    ["file_id"] => string(6) "278421"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453090059"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Елімні? есіл ерлері"
    ["seo_title"] => string(23) "ielimnin-iesil-ierlieri"
    ["file_id"] => string(6) "210050"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431358636"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ерлігі ұмытылмас ерлер"
    ["seo_title"] => string(27) "ierlighi_u_mytylmas_ierlier"
    ["file_id"] => string(6) "377355"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484038867"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Сар?айса да тарихты? а? пара?ы, ?лы Же?іс м??гі есте са?талады"
    ["seo_title"] => string(57) "sargaisadatarikhtynakparagyulyzhienismnghiiestiesaktalady"
    ["file_id"] => string(6) "284740"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454013960"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы?  т?рбие  са?аты  "Ер  есімі  ел  есінде" "
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-ier-iesimi-iel-iesindie"
    ["file_id"] => string(6) "205197"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429814538"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства