Дәлелді түрткі болатын | Шаттық шеңбері: Армысыз қайырымды Аспан – Ата! Армысыз мейірімді Жер – Ана! Армысыз, балабақша Дос – жаран! Сәлеметсіздерме, баршаға! | Балалар аттық шеңберге тұрып, барлығымен амандасып шығады. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Әнұран орындалады. Содан соң балалар Қазақстан Республикасының президентін атайды. Тақтаға Нұрсұлтан Назарбаевтың портретімен танысады. «Тәуелсіздік» сөзіннің мағынасын түсіндіру ұсынылады. -тәуелсіздік- еркіндік, жеке, егеменді деген мағыналарын білдіреді «Тәуелсіздік»сөзі қай әріптен басталып тұр? «Т»дыбысы қандай дыбыс? -қай түспен белгілейміз? - Балалар Қазақстан қандай ел? -Еліміздің рәміздрін кім атап береді? - Елордамыз қалай аталады? -Қазақ елін кім басқарады? - Қазақстан Республикасындақандай үлт өкілдері тұрады? Суретпен жұмыс: — Балалар мына тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан. Оның биіктігі 28м екен. Ол алғаш тәуелсіздік алған жылы бой көтерген . Сергіту сәті: «Ел қорғауға әзірміз» әнін орындау — Балалар тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды . Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлов, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асановыалар болды. Олар Отан үшін, туған жер үшін, ана тіліміз үшін, біздің болашағымыз үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Сонымен тәуелсіз мемлекет дегеніміз-өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай, ішкі, сыртқы мәселелерін өздері шеше алатын мүмкіндігі бар мемлекет. Тәуелсіздік туралы заң 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданды. -Ал енді балалар, тәуелсіздік туралы тақпақтарыңды тыңдайық. Балалар отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? | Балалар оң қолын жүрек тұсына қойып, әнұранды бірге орындайды Балалар сұрақтарға жауап береді. -«Т»дыбысынан -дауыссыз -көк түспен Егеменді тәуелсіз мемлекет Олар: Ту, Елтаңба, әнұран -Астана -Н.Ә. Назарбаев Қазақ, орыс т.б. Әнді барлығы бірге орындап, қимылмен көрсетеді. Тәуелсіздік жайлы мәліметтерді мұқият тыңдайды Тәуелсіздік үшін күрескен жастардың суреттерімен танысады. Отан — менің ата- анам, Отан — досым, бауырым. Отан — өлкем, астанам, Отан — туған ауылым Отан үшін отқа түс – күймейсің. Отан оттан да ыстық. Отан отбасынан басталады |
Кері байланыс түзетуші | Қорыту мақсатында «Тәуелсіз Қазақстанды қалай бейнелегің келеді?» тақырыбында сурет салу. Қазақстан Республикасының астанасының төрінде орналасқан бәйтеректі салуды ұсынамын. Өз ойлары бойынша да салуларына болатынын айту. Балалармен жеке жұмыс жүргізу Белсенді балаларды мақтап, мадақтау. Дайын суреттерден көрме ұйымдастыру ұсынылады. | Балалар сурет салуға кіріседі. Өз ойларын қағазға бейнелеп салады, бояйды.
Дайын суреттерін көрме қойып бір-бірімен салыстырады. |