kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік туралы оқу қызметі балабақша балаларына арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік"»

Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік»

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы- жас ұрпақтар бойына Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту. Сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекі-құралдары: Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков суреттері. «Қазақ елі» бейнефильмі.

Тәсілдер кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

-Армысың, қайырымды Аспан ата!

-Армысың, мейірімді Жер ана!

-Армысың, шұғылалы Алтын күнім!

-Армысың, Тәуелсіз елім менің!

-Армысың, құрметті қонақтарым!






Мұз жастанып азаттықтың жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнасада жанында,

Отан үшін жанын қиды ұлдарың.

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,

Күйініштен ауырады жүрегім.

Естігенде желтоқсанның ызғарын,

Желтоқсан-ау ұмтылмайсың жүректе.


(Әнұран орындалады)



-Армысың, қайырымды Аспан ата!

-Армысың, мейірімді Жер ана!

-Армысың, шұғылалы Алтын күнім!

-Армысың, Тәуелсіз елім менің!

-Армысың, құрметті қонақтарым!











Балалар Гимнды орындайды

Іздену ұйымдастырушы

-Біз аспаны ашық, сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз.

-Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 23 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атаймыз. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 23 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп, жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды. Конституция заңдарына Отанымызды қорғауға, балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған.


Балалар біздің отанымыз Қазақстан Астанамыз Астана қаласы. Қаламыз күннен күнге көркейіп келе жатыр. Елбасымыздың көп еңбегінің арқасында Астана қаласында Бәйтерек, Ханшатыр, Үш ноян, атты әдемі ғимараттар бой көтерді. Ақ ордамыз салынды. Бұл жерде Елбасымыз, үкіметіміз өз жұмыстарын жасайды.


Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

































Балалар біз әрқашан күніміз ашық болсын, аспанымыз ашық әр күніміз арайлы болсын. Сол үшін «Әрқашан күн сөнбесін» әнімізді айтып берейік.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»


Алдар көсе: домбырасымен әндетіп, топқа кіреді.

Мен алдармын, алдармын бәріңдіде алдармын о-о-о, а-а-а.

Алдар көсе: Балалар қаламызда Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған той болып жатыр. Мен сендерді сол тойға шақырып келіп отырмын.

Қане балалар Алдар көсе мен бірге бәріміз қатарға тұрып, «Атамекен» әнімен мерекеге барайық.

-Мерекеге де келіп жеттік. Біздің қаламыз қандай тамаша безендірілген. Түрлі жалаушалар, шарлар ілінген.

Аталар, әжелер той тойлап жатыр. Солай емеспе Алдар көсе.


Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме? Ата-әже бізде бүгін Тәуелсіздікті тойлауға сіздерге қонаққа келдік.


Ата: Сәлеметсіңдер ме? Бүлдіршіндерім, Жарайсыңдар балаларым сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Мен сендерге тәуелсіздік туралы қысқаша айтып берейін. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып дербес мемлекет болды. Еліміздің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Біз өз еліміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасы мен еңселі Әнұранымен айбатты. Алматы қаласындағы Республика алаңы Тәуелсіздіктің тал бесігі. Осы жерде 1986 жылы 16, 17, 18-желтоқсан қанды оқиға болды. Қаншама қазақ жастары Қазақстанда қаншама жылдар басқарып келген Дінмұхамед Қонаевтың орнына ресейлік Р.Колвиннің тағайындалуына қарсылық білдірді. Ағаларымыз тепкі көрді. Апаларымыздің бұрымынан сүйреді. Ұлттық арымызға өшпес таңба түсті. Қайрат, Ерболдай ағаларымыз Сабира, Ләззат апаларымыз қазақтай батыр елдің баласы екендерін бүкіл әлемге танытып, құрбан болды. Сондықтан Тәуелсіздік күні көп мейрамның бірі емес. Ол ұлт намысының рухы асқақтаған күн. Ол ұмтылмайтын тарих. Қазақ жастарының ерлігімен қайсарлығы кейінгі ұрпаққа үлгі. 1991-жылы 16- желтоқсанда «Желтоқсан оқиғас» болған бұрынғы Бізге Тәуелсіздік оңай келген жоқ, осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.

Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстаннын қандай дамып, көркейгенін «Қазақ елі» бейнефильмінен тамашалаймыз.


Тәрбиеші: Ата-әже біздің балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.



Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдыретті үнін сүйем.


Ал енді балалар Желтоқсан қанды оқиғасында Отан үшін, халқы үшін, ұлт намысы үшін құрбан болған ағаларымыз, апаларымызға арналған және отан туралы тақпақтар айтып берейік.
















Ата: Бұл тойда ақындар айтысады, ұлттық ойындар ойнатылады. Ал мен сендерге «Арқан тарту» ойынын ойнап жіберейік. Кел Алдар көсе сенде біздің балалар мен бірге ойын ойнайық


Ата: Жарайсыңдар! Керемет ойнайды екенсіңдер.


Тәрбиеші: Ата –әже сіздерге көп-көп рахмет! Біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Сау болыңыздар!


Алдар көсе: Жарайсыңдар!

Меніңде басқа тойларға баруым керек. Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар!



































Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн,

Біге оңай келген жоқ қой азат күн.

Еркіндіктің желбіретер көк туын,

Біз жастармыз, болашағы қазақтың.


Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,

Құрбаның болам жолыңда сенің.

Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,

Сүйікті Отан, сүйкімді елім.


Бақ жұлдызым сөнбейтұғын маңдайдағы,

Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы.

Қазақстан қарыштап, күннен күнге,

Азат елдің, қыраны самғайды әні.


Жас арудың жанарында Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған Халқымның,

Қара тұман қабағыңда Желтоқсан.







Балалар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтады.











Балалар бір қатарға тұрып, ауылға қонаққа барады.







Сәлеметсіздерме? Ата-әже

































































Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені отан баласындай,

Бізді асырап қорғайды.


Барлық бала өз Отанын сүйеді,

Отан-оның қорғаушысы тірегі.

Кеудесінде намысы бар адамның,

Отан десе лүпілдеген жүрегі.


Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана, Отан-пана,

Қазақстан туған ел.





«Арқан тарту» ойыны ойналады.





Рефлекісті- коррекциялаушы


Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр-әнім,

Көк Байрағым, Елтаңбам,Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілейміз бақыттылық, баяндылық!


Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі гүлденіп,мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық. Елтаңбамыз ажарлы болсын, әнұранымыз әуенді болсын. Еліміздің белгісі көгілдір туымыз, көкте қалықтап желбірей берсін.

Балалар бүгінгі Тәуелсіздікке арналған «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» тақырыбындағы оқу іс-әрекеті аяқталды.


















Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік туралы білуі және отанын сүюге үйрету.

Білуге тиіс: Елбасына, Отанына, туған жеріне деген үлкен құрмет;

Болуы тиіс: Отанына, халықына, жерін деген сүйіспеншілік;

Қолынан келуі: Тәуелсіздікке арналған тақпақтарды айта білуі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік"

Автор: Кошиева Сания Токтагановна

Дата: 26.04.2017

Номер свидетельства: 411788

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»"
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin_ierkindighi_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "416870"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495176268"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Елімні? еркіндігі – Т?уелсіздік." "
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "178849"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424885611"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Елімізді? еркіндігі- Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(37) "ielimizdin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "287205"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454436418"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(49) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "151403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420704936"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Елімні? еркіндігі-Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(31) "ielimninierkindighituielsizdik1"
    ["file_id"] => string(6) "286996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454423804"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства