Просмотр содержимого документа
«Гүлдене бер Қазақстан»
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашылық » Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін»
Тақырыбы: Гүлдене бер Қазақстан
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:Отанын сүюге , патриоттықа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Бәйтеректін суретін салуға үйрету
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы , дамыту технологиясы
Ресустармен қамтамасыз ету: суреттер Билингвалдық компанент: гүлдене бер - процветай
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырылған кезең:
Шаттық шеңбері.
Психологиялық сәт:
-Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, көз алдымызға туып-өскен жерімізді елестетейік.
(Педагог өздері тұрған аймақтың көрікті жерлері туралы қысқаша түсінік береді.) Ал енді көзімізді ашайық.
Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен көз алдарына туған жерлерінің (қалаларының) көрікті жерлерін елестетеді.
2.Негізгі бөлім:
-Балалар, енді тақтаға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?
-Қазақстан туралы, Қазақстан қалалары туралы қандай тақпақтар білесіңдер.
Қазақстан туралы тағы не айта аласыңдар? Біз қай жерде тұрамыз? Біз тұратын жердің көрікті орындарын айтып беріңдерші.
Балалар, болашақта Қазақстанның қандай болғанын қалайсыңдар? Соны суретпен бейнелеп көрейік.
(Балалардың суретті салуына басшылық жасалады, жеке көмек көрсетіледі.Мазмұнды сурет салуда балаларға нақты неден бастауға болатыны айтылады, балалардың қандай сурет салғысы келетіні анықталып , бағыт беріледі).
-Кәнеки, еліміздің астанасы-әсем қаламызды бейнелеп, сурет салуды бастайық. Көзге бірден түсетін, аса биік «Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз?Алдымен тік төртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке, төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап кетеді.Енді оның жоғарғы болігіне дөңгелек, яғни шар тәрізді, «жұмыртқа»саламыз, көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз. «Бәтеректің»түсін өздерің таңдауларыңа болады, өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді.
-«Бәйтерек», «Хан шатыры», «Медеу» мұз айдыны, «Көктөбе» спорт кешені.Балалар өздерінің білетін тақпақтарын айтады.
Күннен-күнге көркейіп келе жатқандығы туралы т.б.
Балалар музыка ырғағмен тақтадағы суретті үлгі ретінде қарай отырып,өздері сурет салады.
3.Қортынды:
-Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық. Суреттер сендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.
Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді.