kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғажайып математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 - ден 10 – ға дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау;  сандарды тура және кері санау; ауызша қосып алу ұғымдарын тиянақтап, геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту; логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғажайып математика»

Тақырыбы: «Ғажайып математика» өткенді пысықтау.

«Самал» ересектер тобы

Білім беру саласы: Таным
ҰОҚ: ҚМҰҚ
Мақсаты: 1 - ден 10 – ға дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; сандарды тура және кері санау; ауызша қосып алу ұғымдарын тиянақтап, геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту; логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету;

Әдіс тәсілі: сұрақ-жауап , сергіту сәті, дидактикалық ойындар, логикалық тапсырмалар, жұмбақтар.

Құрал жабдық ретінде  суреттер, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш,  төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады.

Қостілділік компоненттер: сенбі – суббота; жексенбі – воскресенье; тоғыз –девять – nine; он – десять – ten.

Оқу қызмет барысы:
Қуаныш шеңбері: 
Қуанамын мен де, қуанасың сен де, 
Қуанамыз бәріміз, арайлап атқан күнге. 
Здравствуй, солнце золотое ! 
Здравствуй, матушка земля! 
Здравствуйте мои друзья! 
Гуд монинг май френдз. 
Гуд монинг саан! 
(енді орындарымызға барып отырайық)

Өту барысы:

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
Қызықты сәт.
Жүгіріп сайқымазақ кіреді. Қолында шарлары және сыйлығы бар.
Сайқымазақ: Сәлем, балалар!
Тәрбиеші: Сәлематсың ба сайқымазақ, көңілдісің ғой?

Сайқымазақ: Ия балалар, білесіңдер ме, бүгін менің туған күнім.

Тәрбиеші: Туылған күнің құтты болсын! Мен мына әдемі шарларды көріп, бір нәрсе елестетіп тұрмын. Менің не ойлап тұрғанымды білесіңдер ме, оны табу үшін бір сұрағым бар.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)

- Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

- Мына шардың түсі қандай?(ақ)

- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

- Қыс. Қыста жер қандай болады (ақ)

Сары шарды көрсету.

- Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)

- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Жер беті сары кілемге ұқсайды.

Жасыл шарды көрсету.

- Бұл түс шөптердің түсі сияқты.

- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..

Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)

Қызыл шарды көрсету.

- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?

- Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

- Ал қане онда сайқымазаққа көктем айларын атап берейікші. (наурыз, сәуір, мамыр) Бүгін сәуір айының 25-ші жұлдызы, сәрсенбі.

Сайқымазақ: Бүгін менің туылған күніме маған досым сыйлық берді.
Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Досың саған не сыйлады екен?
Сайқымазақ: Білмедім?

Тәрбиеші: Ендеше сыйлықты бірге ашып көрейік.
Сайқымазақ: Ой, мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені досым алдағаны ма?
Тәрбиеші: Сайқымазақ тоқта, ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік. Досың саған тапсырмалар беріпті сол тапсырманы орындасаң сыйлығыңды табасың депті.
Сайқымазақ: Қандай тапсырма?
Тәрбиеші: Тапсырма математика сабағына байланысты екен.

Сайқымазақ: Ооооой, балалар тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме? (Көмектесеміз)
1 тапсырма: «Тауып көр»
Балаларды жекелеп шақырып, көзін байлап алақаны немесе саусақтары арқылы санды табу.
2 - тапсырма: «Тез тап»

Жеке карточкаларда заттардың суреттері беріледі. Сурет бойынша сөйлем құрап, сурет бойынша сәйкес есепті табу.
3 - тапсырма: «Жекелеген үлестірілмелі карточкалар»

Балалар сызық арқылы немесе ауызша жауап береді.

4 – тапсырма: «Логикалық тапсырма»

А) Екі қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады?
Ә) Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп үшеуін,
Тағы да алдым төртеуін,
Алдым сонда нешеуін?

5 – тапсырма: «Шашылған пішіндер»

Шашылған пішіндерді түсі арқылы сәйкестендіріп өз қалыбын табу.

Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.


6 – тапсырма: «Пішіндер құрастыр»

Әр балаға алдына берілген тақтайшаға түрлі пішіндерді салу.

7 – тапсырма: «Цифрдан шатаспа»

Сандар шығып тақпақтарын айтады:
1. Әнет: Мені білгің келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2. Каусар: Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3. Аянат: Екіден соң әрқашан
Үш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4. Мұқтасар: Достар мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның
5. Ақерке: Әр қолда саусақ бес - бестен
Шықпас тегін ол естен
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.

6. Гүлдей: Есікке салар іліп,
Мынау деген құлып.
Аузы ашылмаған қалпы
Айнымаған «6»

7.Айша: Жазда шөпті шабар,

Қыста тыным табар.

Шалғы бар әр үйде

«7»-ге ұқсас бәрі де.

8. Ляйсан: Мынау жатқан қайшы,

Ал «8» саны қайсы?

Оның екі көзі –

Сегізінің өзі.

9. Амина: Акробат қыз мықты 
Сахнаға шықты. 
Бүктеліп белі қайысты 
«9» болып майысты. 

Ұпайлар көңілді смайликтермен марапатталып отырады.

8 – тапсырма: Ұпайы аз балаға:

А) 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау

Ә) Үш тілде санау қазақша, орысша, ағылшынша

Б) Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».

9 – тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау»

Мақ: Сурет бойынша кеңістікті бағдарлай алу.

Қорытынды.

Тәрбиеші: Барлық тапсырмалар орындалды, сайқымазақтың тәттілерін (9-шы тапсырма бойынша сөренің үстінде тәттілерін тауып алу) таптық, енді сайқымазаққа жылы тілектерімізді айтып шығарып салайық.

Тәрбиеші: Сан дегеніміз не? (Сан - есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық  ұғым. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі  пайдаланамыз.)

Тәрбиеші: Цифр дегеніміз не? (Цифр  — сандарды жазу үшін керекті таңбалар.)

Сандардың сенің өміріңдегі маңызы, яғни не үшін керек сандар бізге? Цифрлардың қандай түрлерімен таныссыңдар?

Оқу қызметін аяқтау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ғажайып математика

Автор: Амирова Ботакоз Алпысбаевна

Дата: 29.10.2019

Номер свидетельства: 524761

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?ажайып математика?а саяхат"
    ["seo_title"] => string(29) "gazhaiypmatiematikagasaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "318268"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460545612"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?ажайып математика"
    ["seo_title"] => string(20) "gazhaiypmatiematika1"
    ["file_id"] => string(6) "328300"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463592572"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Сабақ тақырыбы. «Ғажайып математика»"
    ["seo_title"] => string(37) "sabak_tak_yryby_g_azhaiyp_matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "368313"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481458348"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "«Ғажайып математика»"
    ["seo_title"] => string(19) "gazhaiyp_matematika"
    ["file_id"] => string(6) "475026"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1531717196"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Сайыс  "?ажайып математика" ."
    ["seo_title"] => string(27) "saiys-g-azhaiyp-matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "280311"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453361292"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства