Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастыру-іздестіру Сергіту сәті: | Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды, Қайырлы таң! Біз нәзік қыздармыз. Қайырлы таң ! Біз ер жүрек ұлдармыз. Шеңберде тұрған балаларға дөңгелектің, төртбұрыштың, суреттерін тарату және дөңгелекті алғандар бір үстелге, төртбұрышты алғандар бір үстелге бөлініп отыру керек.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті-мізді ойын арқылы өткіземіз. Ойын шарты: ойын барысында берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ қоржынына бір асықтан салып отырады. Ойын соңында қай топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз әрі білімпаз болады. 1-тапсырма Жыл мезгілдерін сипатта? 2-тапсырма Жыл мезгілдері туралы қандай тақпақтар білесің ? 3-тапсырма Жұмбақтар жасырады 1.Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы, Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен достым? 2.Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады? 3.Жазда да,қыста да, Өзгермейтін бір түсте? 4.Оңға да бұрады, Солға да бұрады, Тәртіп сақтап әрқашан, Жолды нұсқап тұрады? 4-тапсырма Балалар келесі тапсырмалары-мыз математикаға арналады.Ол үшін біраз сергіп алайық Аяқтарды топылдат, алақанды сартылдат, Оңға да, солға да Бұрыламыз, оңай-ақ Басымызды шайқаймыз, Қолымызды бұлғаймыз. Оңға да, солға да Бұрыламыз ,оңай-ақ, Секіреміз биікке, бәрімізге көңілді Оңға да, солға да Бұрыламыз, оңай-ақ 5-тапсырма «Адасқан сандар». 2 топтан бір- бір бала тақтаға шығады, 6-тапсырма «Суреттегі заттарды сандармен сәйкестендір» (үлестірмелі материалмен жұмыс) 7-тапсырма Қуыршақтарды көлемі бойынша ретімен орналастыр? 6-тапсырма Логикалық сұрақтар 1.Апасы Сезімге дүкеннен төртбұрышты үш доп әкелді. Сезім біреуін Аянатқа берді, Сезімде неше төртбұрыш доп қалды? 2. Ағашта бес жапырақ болды. Оның екеуі түсіп қалды. Ағашта неше жапырақ қалды? 3.Аспанда неше жұлдыз бар?
4. Ағашқа 3 торғай қонып отырды, жандарына тағы 1торғай ұшып келіп қонды. Ағашта барлығы неше торғай болды ? 7-тапсырма Қоңыздар мен машиналарды теңестір? 8-тапсырма Жоғары ,төмен ұғымдары. Шелектер мен күректерді салыстыру. Балалар тамаша сендердің білгір екендеріңді байқадық. | Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды, Қайырлы таң! Біз нәзік қыздармыз. Қайырлы таң ! Біз ер жүрек ұлдармыз. 2топқа бөлініп отырады, 1-топ «дөңгелектер» тобы, 2- топ «төртбұрыштар» тобы болады . Әр бала үлестірмелі материал бойынша 4жыл мезгілдерін 1сөйлемнен сипаттап айтады. Жыл мезгілдері туралы тақпақтар айтады. -Аққала -Қоян -Шырша -Бағдаршам 1-топ орындары ауысқан сандарды ретімен орналастырады. 2-топ ретімен және кері 3тілде санайды. - Бейнеленген суретті санап сәйкес сан қояды. Қуыршақтарды өсу және кему ретімен орналасты-рып тиісті сандарды қояды. Сезімде екі доп қалады.Бірақ төртбұрыш доп болмайды. -Ағашта 3 жапырақ қалды. -Аспанда көп жұлдыз болады. -Барлығы 4 торғай болды. Екі топтан бір баладан шығып теңестіреді. Екі топтан бір баладан шығып күректерді және шелектерді салыстырып сипаттайды. |