kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғажайып білім әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арайлап таң атты 

алтын сәуле таратты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғажайып білім әлемі»

Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»

Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: Буратино, математика, жұмбақтар,дидактикалық ойын аялдамасы, геометриялық пішіндер.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады


Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң қонақтар!

Сәлеметсіздер ме!


Тәрбиеші: Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: 3 ай бар

Тәрбиеші: Балалар күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күз мезгілінде күн суытады,жаңбыр жауады, құстар жылы жақа карай ұшып кетеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса күз туралы кім тақпақ айтып береді?


Алихан:

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді.

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.


Альбану:

Алтын,сары,қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Саламатсыздар ма, балалар!


Балалар: Саламатсыз ба Буратино!

Буратино: Балалар осы жер «Ғажайып білім әлеміме»

Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұлжер балабақша

Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерме. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, ол маған кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші: Еш уайымдама Буратино, кане балалар Буратиноға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз

Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?


Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір - бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: балалар міне біз бірінші аялдамаға да келіп қалыппыз

Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен

Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

1-5 ке, дейін тура және кері санау

Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата

Екінші аялдама: «Жұмбақтар» аялдамасы екен

Жұмбақтар аялдамасы бізге жұмбақтар жасырыпты


Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Күз)


Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады. (Күн)


Тырс-тырс тамады

Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

Үшінші аялдама:дидактикалық ойын аялдамасы

Дидактикалық ойын: «Пішіндерді атап,оларды ажырату》

Ғажайып білім алемі

Тәрбиеші: балалар караңдаршы біз 《Ғажайып білім әлеміне》 де келіп жеттік. Енді Буратиноның кілтін іздейік. Ол мына сиқырлы сандықтың ішінде емес пе? Ой балалар мұнда да бізге тапсырма беріпті.

Буратиноның кілтін құрастыру

Буратино: Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Сандықтың ішінен Буратиноның кілті шығады )

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Түймедақ» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.

Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Буратино: Балалар мен енді өз еліме барайын.Сендерге көп-көп рахмет!

Тәрбиеші: Буратино біздің балалардың өнері әлі біткен жоқ. Біздің балалар мақта таяқшасымен сурет те сала алады. Сіз біздің балаларымыздың суретін тамашалап кетіңіз.

Буратино: Ой кандай керемет!

Қорытындылау: Балаларды мадақтау. Балалар сендерге саяхат ұнадыма?

Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік?

Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау - саламат болайық

Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ғажайып білім әлемі

Автор: Ермакбаева Жулдыз Жанабаевна

Дата: 18.04.2022

Номер свидетельства: 605031

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Конспект уроки" ?ажайып білім ?лемі"."
    ["seo_title"] => string(32) "konspiekturokigazhaiypbilimliemi"
    ["file_id"] => string(6) "330926"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464452362"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Ашық сабақ: "Ғажайып білім әлемі""
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk_sabak_g_azhaiyp_bilim_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "438725"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510643831"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық сабақ тақырыбы:"Ғажайып білім әлемі""
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_tak_yryby_g_azhaiyp_bilim_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "412760"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493728462"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ғажайып пішіндер әлемі"
    ["seo_title"] => string(23) "gazhaiyp_pishinder_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "495785"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547716905"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) ""?ажайып білім ?лемі" т?рбие са??аты"
    ["seo_title"] => string(39) "g-azhaiyp-bilim-liemi-t-rbiie-san-g-aty"
    ["file_id"] => string(6) "294727"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455716191"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства