Сабақтың ортасы 25 минут | Балалар бүгін бізга сабаққа көп қонақтар келген екен. Ендеше біз сабаққа көңілді, сергек қатысайық. Балалар біздер көңілді әрі әдемі жүру үшін не керек? (денсаулық) Дұрыс балалар денсаулық керек, ол үшін біз ойындар ойнап шынығуымыз керек. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғажайып алаң» атты атап тұрғандай біз бүгін сабақта сурет салып, бояймыз, әртүрлі қимылды ойындар ойнаймыз. Дайынбыз ба, сабаққа балалар? Ендеше кірісейік. 1. Қол саусақтарымен сурет бояу. 2. Мақта таяқшаларымен сурет салу. Сергіту сәті (әуен арқылы): Шарты: мен айтамын, балалар мимикамен орындайды. 1. Құс болып ұшу 2. Алма жинау 3. Суға шомылу 4. Қар лақтырып ойнау 5. Қояндай секіру 6. Аюдай қорбаңдау 7. Ұйқыдан керілу. Жарайысыңдар, балалар сергіту сәтін орындап, бір сергіп алған сияқтымыз. Келесі балалар ғажайып алаңда қимылды ойындар ойнайтын боламыз. Балалар ойынымыз көңілді,әрі қызықты болу үшін екі топқа бөлініп алайық. 1. Ойын: «Зымыран ұшыру» Мақсаты: тыныс алуын жақсарту, шапшағын дамыту. Шарты: демімізді ішімізге аламыз, содан кейін белгі бойынша қағаз зымыранымызды қатты үрлейміз, ілмектің ішіне өту керек. Кім демін көп алып үрлейтін болса, соның зымыраны қатты ұшып өзінің қалаған жеріне тез жетеді. 2. Ойын: «Көңілді баспа» Мақсаты: ептілікті, жылдамдықты дамыту. Шарты: жерде тастаулы аяқтың іздерінің үстінен басып баспадан өту керекпіз, өтіп кері қайтамыз. 3. Ойын: «Кім жылдам» Мақсаты: жылдамдыққа, жарысуға үйрету. Шарты: машиналарға мініп(жәшіктен жасалған), ілмекті айналып келуіміз керек. Балалар сіздер бүгін зымырандай жылдам, аттай шапшаң болдыңдар. Әр тапсырманы өте жақсы орындадыңыздар, сіздердің денсаулықтарың мықты болып, күш жинап тағы да бір сатыға бойларың өсті деп ойлаймын. Рахмет сіздерге, сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін менің сіздерге сыйлығым бар. Балалар қонақтармен қоштасып, сабағымызды аяқтайық. Сау болыңыздар! | ойынға қажетті құралдар, суреттер, көрнекілік тер, түрлі-түсті қағаздар, желім, қағаз,сүлгі, үнтаспа, слайд |