Просмотр содержимого документа
«Сабақтан тыс іс-шара «Ғажайып алаң»»
Информатика пәнінен сабақтан тыс іс-шара
«Ғажайып алаң»
Сатқожаев Қуаныш Тұрдыұлы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «М.Мәметова атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Компьютер - сенің көмекшің !
Мақсаты: Оқушыларды сабақта ойын-сайыспен ұштастырып, олардың ойлау қабілетін ояту.
Көрнекі – құралдар:
Ойын алаңы.
Айналдырғыш барабан.
Екі қобдиша.
Слайдтар.
Жеңімпаздарға сыйлық, марапаттау қағаздары.
Ойын жоспары:
Жүргізушінің сөзі.
Ғажайып алаң ойынының шартымен таныстыру.
Әр турдың үштік ойыншыларымен таныстыру, олардың ішінен ойы ұшқыр, жеңімпазды табу.
Олардың ішінен финалда нағыз жеңімпазды таңдау, онымен супер ойынды ойнау.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер! «Ғажайып алаң» ойынымызды бастағалы отырмыз. Тақырыбы: Компьютер - сенің көмекшің !
Ендеше құрметті көрермендер, әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
Ойынның шарты:
Ойында бір – бірлеріңізге көмектесуге болмайды.
Ұпайларыңызды әділқазы алқасы санайды.
Барабанды айналдырғанда, айтқан әріпіңіз дәл келмеген жағдайда ойын келесі ойыншы жалғастырады.
Егер ойыншы ойында бірден үш сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, оған сыйлық беріледі.
Ойын барысында барабанды тек бір рет қана айналдырамыз.
«П» -СЫЙЛЫҚ – ойыншы сыйлықты таңдап, ойынды тоқтатуына болады. Алайда сыйлығымыз қара қобдишаның ішінде жасырылған. Сыйлық үшін қобдишаның ішіндегі затқа саудаласады.
«+» - ҚОСУ – ойыншы жасырылған сөздің кез келгенін ашуға мүмкіндік алады.
«Б» - банкротқа түскен жағдайда ойыншының бар ұпайы күйіп кетеді.
«О» – 0 ұпай алған кезде ойыншы келесі ойыншыға кезегін береді.
Ойын 3 турдан тұрады, оның ішінен 3 жеңімпаз анықталады, ол 3 жеңімпаздың ішінен «Нағыз» жеңімпазды соңғы мәреге ойынына және супер ойынға өз қалауы бойынша шақырамыз.
Жүргізуші:
Компьютер - сенің көмекшің,
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың,
Үйрену керек бәрін де
Ақпараттық заманың! - деп бүгінгі ойынымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
1 тур. Бізде қазір іріктеу комиссиясынан өтіп, осы ойынымызға жолдама алған оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің бірінші үштігін ортаға шақырамыз.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Бірінші үштікке сұрақ:
Бір жүйе кұрамында немесе қатар жұмыс атқаратын бірнеше жүйенің әр түрлі бөліктерінің жұмысын бір-бірімен сәйкестендіруге арналған аралық құрылғы?
Жауабы: адаптер
2 тур. Екінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп келесі 2 турымызды бастайық.
Ойнайық, ойлайықта ойнайық!
Қатардан артта қылып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен текке жоймайық!
Екінші үштікке сұрақ:
Қалыңдығы – 20 мм, салмағы -1,5 кг-ға дейін жететін. Көлемінің түрлерінің DVD-приводы болмайтын техника.
Жауабы:ультрабук
3 тур.Үшінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Үшінші үштікке сұрақ:
Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады және хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан құрылғы?
Жауабы:
винчестор
Жүргізуші: Финалға үш турдан жеңіп шыққан 3 жеңімпазымыз шықырамыз.
Соңғы мәре ойыны
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.»
Сұрақ:
Бұл тілдің көмегімен программаны МП командалары деңгейінде жазуға болады және сандық кодтардың барлығын еске сақтауды талап етпейді. Қандай тіл машиналық тідің негізгі аналогы ?
Жауабы:«ассемблер »
Жүргізуші: Финалда 3 жеңімпаздың 1 – еуі ғана жеңіп шығады. Ал қасындағы 2 кісіге сыйлық беріп, сахнадан шығарып саламыз. Соңғы мәреде жеңімпаз ойыншыға екі жол беріледі.
Супер ойынға қатысады.
Не сыйлығын алып, ойыннан шығып кетеді.
Супер ойын :
Жүргізушінің берген сұрағына 1 минуттың ішінде дұрыс жауап берсе, ұпайы екі еселенеді. Ал дұрыс жауабын бере алмаған жағдайда барабанды айналдыру арқылы бір әріптен табады.
Американдық ғалым “Марк-1” алғашқы автоматты релелік компьютерін жасады. (1944жылы), Кім құрастырды?
ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна
75 000 электронды шам
3000 механикалық релесі бар
көбейтуді – 3 секундта, бөлуді – 12 секундта орындай алған.
Жауабы: Говард Айкен
Жеңімпаздарға сыйлық беріліп, марапатталады..
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Ғажайып алаң» атты сыныптан тыс жұмысымыз өз мәресіне жетті. Қатысып қолдау көрсеткендеріңізге көптен-көп рахмет айтамыз.