Просмотр содержимого документа
«"ҒАЖАЙЫП МАТЕМАТИКА" Ашық ҰОҚ»
№1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасы
(Ашық ҰОІӘ «Балдырған» ересек тобы)
Өткізген: М.Ә.Доскулова
2016 жыл, сәуір
Білім беру саласы: Таным
Білім беру саласының бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Ғажайып математика» Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап, іс-әрекет дағдыларын меңгерту. 10 көлемінде сандық есептеуге үйретуді жалғастыру. Сандарды тура және кері санау. Қосу-алу мысалдарын көбірек орындау. Гелметриялық пішіндер арқылы кеңістікте заттың орналасу тәртібін дұрыс ажырату (оң жақ, сол жақ, ортасында, жоғарыда, төменде). Тақпақтарды, санамақтарды, жаттау арқылы балалардың тіл байлыған молайту. Алған білімдерін,логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін одан әрі дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, санамақтар, математикалық жұмбақтар, тақпақтар.
Дидактикалық ойын: «Өз орыныңды тап», «Сандардан сурет құрсатыр»
Логикалық ойын: «Кім ойлампаз?»
Шаттық шеңбері:
Бәріміз енді тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Жақсы – жақсы сөздерді,
Қонақтарға сыйлайық!
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Ғажайып сәт: -Топқа Дімбілмес кіріп келеді. -Балалар аң патшасы арыстан орман мектебін ашпақшы. Кімде кім менің берген тапсырмаларымды орындай алса, мектепке қабылдаймын депті. Бірақ ақылды арыстан тапсырмаларды мына сағатқа жасырыпты,сағаттың тілін жылжыту арқылы тапмсырмаларды орындай алады екенсіңдер, мен әрі ойланып, бері ойланып шеше алмай сіздерден көмек сұрап келіп тұрмын. Тәрбиеші: Балалар Дімбілмеске көмектесеміз бе? Балалар: Ия көмектесеміз Тәрбиеші: Қане қандай тапсырмалар екен.
-Балалар біз балабақшаға таңертеңгі сағат 8-де келіп кешкі 6-ға дейін боламыз. Ендеше сағат 8-ден байтаық.
-Сағаттың тілі 8-ге келіпті І-тапсырма: Математикалық жұмбақтар
Пісіп тұрған төрт алмұрт, Қызығатын көрген жұрт. Екі алмұртты бұтақтан, Алып жеді Мұратқан. Қанша қалды алмұрттан? 2
Тал бойында тізіліп Бес жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, Ұшып кетті үшеуі. Ілініп тұр әлі Жапырақтың нешеуі? 2
Алғашында күнара, Қонушы еді бір ара. Бүгін төрт туысын Ертіп кепті бұл ара. Келіп қонды неше ара? 5
-Сағаттың тілі 9-ға келіп қалыптығо ІІ – тапсырма: 10 ға дейін тура, кері сана.
Дидақтикалық ойын: «Өз орныңды тап»
Шарты: Балалар қолдарына сандарды ұстап өз орындарын табады.
-Ал балалар сендер осы сандар туралы тақпақтар білесіңдерме?
Сандар туралы тақпақтар:
Дінислам: Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.
Ақерке: Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
Анелья: Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
Інкәр:Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
Гүлнұр: Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Алишер: «Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
Рамазан: «Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
Бауыржан: Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
Айбол: Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Тамерлан: Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
Аружан: Он жыл, он жас - он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он - тұрған бір нөл менен.
-Сағаттың тілі 10-ға келіп қалыптығо ІІІ – тапсырма: Дидактикалық ойын: «Сандардан сурет құрастыр» Шарты: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды суреттер арқылы құрастыру.
-Сағаттымыздың тілі 11-ге келіп қалыптығо ІV– тапсырма: «Сана, жаз»
-Сағатымыздың тілі 12-ге де келіп қалыпты V– тапсырма: «Пішіндерді тап»
-Ал балалар сендер осы пішіндер туралы тақпақтар білесіңдерме дейді.
-Білемізбе?
-Ия.
Пішіндер туралы тақпақтар:
Айым: Жер де, күн де, барлық зат,
Айналыспен өтеді.
Айналатын бар ғалам,
Дөңгелектер мекені.
Бүтін емес сандарда,
Дөңгеленіп кетеді.
Шеңбер шеңбер болғанда,
Бұрыштының не теңі.
Айару: Төрт бағытқа жаршымыз,
Теңсіздікке қарсымыз.
Қанаты мен бұрышы,
Тең жаралған шаршымыз.
Шаршы болсақ мына біз,
Көлем жайлы сұраңыз.
Дүниенің кіндігін,
Өлшеп беріп тұрамыз.
Мирас: Тырналардың тізбегі,
Үшбұрыштан тұрады.
Өткірлікте біз де еді,
Бар ма біздей қырағы?
Доғал,сүйір,тік бұрыш.
Пішіндерміз дұп-дұрыс.
Фариза: Тік сызық пен көлденең,
Кезек-кезек ерлеген.
Кішілері үлкенге
Қарсы болып көрмеген.
Сыйластықтың досындай,
Тіктөртбұрыш осындай,
Кішілерін ертеді
Тең қабырғаға қосылмай.
Сағатымыздың тілі 1-ге де жетіпті, сандар туралы санамақтар білесіңдерме?
VІ– тапсырма: Санмақтар
Аллан: Бір дегенім-бірлік,
Бірліксіз болмас тірлік.
Екі дегенім-жаман,
Елім болсын аман!
Үш дегенім –білім,
Ойға тоқы күнім.
Төрт дегенім –халық,
Ауға түсті балық.
Бес дегенім- қол,
Қолмен ұрды ол.
Алты дегенім-сәкі,
Сәкіде тұр бәкі.
Жеті дегенім-өгіз,
Өгізден туды егіз.
Сегіз дегенім- шәй,
Шәйдан көрінді ай.
Тоғыз дегенім-үй,
Үйде шырқалды күй.
Он дегенім-төсек,
Ешкімге айтпа өсек.
-Балалар біз балабақшада сағат 1-ден 3-ке дейін ұйықтаймыз. Ал сағат 3-те ұйқымыздан оянып сағат 4-ке дейін бесін ас ішіп тамақтанамыз,дем аламыз.
-Ендеше бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста. Оң қолыңды соз алға, Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада, Сол қол босқа тұрмасын, Шеңбер жасап тынбасын.
-Міне біз сағат 4-ке дейін дем алдық енді тапсырмаларды орындауды жалғастырамаыз. Сағатымыздың тілі 4-ке де келіп қалыпты VІІ– тапсырма: «Не артық?»
Балалар артық суретті сызуы керек.
-Міне сағатымыз 5-ке келіпті бұл саңғы тапсырма. VІІІ -тапсырма:
Логикалық ойын: «Кім ойлампаз?»
Шарты: Тәрбиеші доп лақтырып сұрақ қояды, балаларр тез жауап беріп допты қайта қайтарады.
1. Жол ұзын ба, қол ұзын ба? Жол ұзын.
2. Алма үлкенбе, түйме үлкенбе? Алма үлкен.
3. Шаш ұзын ба, қас ұзынба? Шаш ұзын.
4. Кемпірқосақта неше түс бар? 7
5. Бағдаршамда неше көз бар? 3
6. Қолғапта неше сауақ бар? 5
7. Адамда неше көз бар? 2
8. Жұлдыздың неше бұрышы бар? 5
9. Аспанда неше күн бар? 1
10. Аспанда неше жұлдыз бар? Көп.
11. Көлікте неше доңғалақ бар? 4
12. Қоян жүйрік пе, таспақа жүйрікпе? Қоян
13. Төртбұрыштың неше бұрышы бар? Төрт
14. Үшбұрыштың неше бұрышы бар? Үш
15. Дөңгелектің неше бұрышы бар? Бұрышы жоқ.
16. Мысықтың неше аяғы бар? 4
- Жарайсыңдар рахмет балалар.
-Міне Дымбілмес біздің балалар сағаттағы тапсырмалардың бірін қалдырмай орындап саған көмектесті. Енді Аң патшасы Арыстан ашатын мектепке ойланбайақ бара аласың.
Дімбілмес: Рахмет балалар өздерің алғыр екенсіңдер,мен сендердің тапсырмаларды орындайтындарыңа күмәнданған жоқпын. Мына сағатта жасырынулы тұрған тапсырмаларды тез ақ орындап тастадыңдар.
-Ғажайып сәт: Балалар мен сендерге жәйдан жәй келмедім сендерге арналған сыйлығым бар. (Дымбілмес сыйлықтарды үлестіріп береді)
-Балалар сағат 6-ты болып қалыпты Дымбілместің қайтатын уақыты болды. Дымбілмеспен қоштасайық.
Дымбілмес: Енді мен қайтайын, сау болыңдар.
Қарытындылау:
-Балалар бүгін қонаққа кім келді?
-Дымбілмес не әкелді? Сиқырлы сағат ішінде не болды?