Мотивациялық- танымдық | Педаго балаларға жұмбақ жасырады: Екі қарауыл. Екі тыңшы, Бір жыршы. Төрт қырлы, өзі аппақ, Тақтадағы ізі аппақ. Екі атым бір тыңбайтын Өзімді ғана тыңдайтын. | Балалар жұмбақтарды шешеді. Екі көз, екі құлақ, бір тіл. Бор. Аяқ. |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік | 1-тапсырма. Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді: - Суретте неше шырша бейнеленген? - Сонша дөңгелекті төменгі қоршауға жапсырыңдар. - Тағы бір дөңгелек қосыңдар. Нешеуі артық. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балалармен бірге бірнеше жолақшаны қойып салыстырады. Педагог балаларға неше жолақша барын анықтауға көмектеседі және олардың көлемі туралы айтып береді. Балалардан сол қолға ең қысқа жолақшаны, ал оң қолға ең ұзынын алуын сұрайды. Содан соң тапсырма береді: Енді бір-біріне қойып, ең ұзыны қайсысы, ең қысқасы қайсысы екенің анықтаңдар. Сергіту минутын өткізеді. Біздер санай білеміз, Білмегенге күлеміз. Біреу, екеу, үш, төрт деп, Бес, алты... деп жүреміз. 2 тапсырма. Педагог әр карточкадағы шыршаның ойыншықтарын санап, солардың санына сәйкес келетін цифрді бояуға тапсырма береді. Содан соң мынадай сұрақ қояды: Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар? 3 тапсырма. Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады да тапсырма береді: Балалар, Аяз ата өте асығыс. Ол ормандағы аңдарға тез жетуі тиіс. Ол жол айырығында тұр, бірақ қай жолмен жүрерін білмейді. Әрине, тезірек жету үшін ол ең қысқа жолмен жүру керек. 4 тапсырма. Педагог балалардан жоғарғы жақтағы фигураларды атап берулерін сұрайды. Жоғары бұрыштағы фигураларды рет-ретімен атап беріңдер. Екінші және үшінші қатарларға жетпей тұрған фигуралардың суретін жабыстырыңдар. Қандай фигураларды жабыстырдыңдар? | Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді: Бір дөңгелек артық. Өйткені , төр санның үштен біреуі артық. Балалар бірінің үстіне бірі қою арқылы жолақшалардың көлемін анықтайды. (қайсысы ұзын, қайсысы қысқа және ең қысқасы қайсысы екнің табады). Балалар саусақтармен санды көрсетіп, жаттығу жасайды. Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді. 2 шардың суреті бар карточкада 2 цифрын боядық. Балалар жолды бағыт сызығымен көрсетеді. Балалар фигуралардың атауын атап береді. Жоғары қатарда шеңбер, шаршы, үшбұрыш бар. Екінші қатарға шаршы, үшінші қатарға шеңбер саламыз. |