Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«"Ғажайып білім әлемі"»
Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады
Бәріміз енді тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Жақсы – жақсы сөздерді,
Қонақтарға сыйлайық!
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар : Жүрек
Тәрбиеші: Қане, балаларжүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.
Балалар: Аспанымыз ашық болсын
Күніміз жарқын болсын
Еліміз тыныш болсын
Ауырмайық , денсаулық болсын
Нанымыз көп болсын
Ата- анамыз аман болсын
Бейбітшілік болсын
Балабақша гүлдене берсін!
Апайлар аман болсын
Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы
Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?
Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.
Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Тәрбиеші: Күздің қандай айы
Балалар: Қараша айы
Тәрбиеші: Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киіне бастайды.
Тәрбиеші: Балалар біздер күзді неге алтын күз, жомарт күз деп атаймыз?
Балалар: Күзде өсімдіктер, астықтар піседі, көкөніс пен жеміс жидектер көп болады
Жарайсыңдар балалар , ал қараша айын неге қоңыр күз дейміз?
Жаңбыр жиі жауады, ауа- райы салқындайды, жапырақтар жерге түсіп, қурайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса күз туралы кім тақпақ айтып береді, кім күз туралы тақпақ біледі?
Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді,
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді. Мерей
Көктем, көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз! Дильназ
Тәрбиеші: Балалар енді «Қай ойыншық жоқ» ойынынойнап жіберейік
Ойынның тәртібі: Ойыншықтар стол үстінде тұрады, балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып , қай ойыншықтың жоқ екенін тауып айтады.
Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?
Буратино: Саламатсыздар ма балалар
Балалар: Саламатсыз ба Буратино
Буратино:Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме»
Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша
Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?
Тәрбиеші: Еш уайымдама, Буратино
Қане балалар Буратиноға көмектесеміз бе
Балалар: Иә, көмектесеміз
Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне»бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?
Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.
Тәрбиеші: балалар міне біз 1-шіаялдамаға да келіп қалыппыз
Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен
Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:
1-10 ға, дейін тура және кері санау
Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата
Үйшіктің терезелерін тауып жабыңдар
2-шіаялдама бізге жұмбақтар жасырыпты
Екінші аялдама «Жұмбақтар» аялдамасы екен
Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Күз)
Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Тырс- тырс тамады
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
Дидактикалық ойын: «Топтап жина»
Мақсаты:Балаларды топтай білуге және оларды санай білуге үйрету
Балаларды екі топқа бөліп суреттерді топтап жинауға үйрету
Сергіту сәті: Орнымызда тұрамыз,
Дөңгелекті құрамыз
Қолымызбен шапалақтап,
Аяқпенен ұрамыз
3-шіаялдама «Бау- бақша» аялдамасы . Бау- бақша аялдамасы көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті.
Қане балалар бақшаға барайық. Ой, балалар алдымызда көлшік жатыр ғой, одан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай,көлшіктен ақырындап, абайлап өту үшін не керек?
Балалар: Көпір керек
Тәрбиеші: Балалар мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан көпір жасайық. Қане балалар мына таяқшалардың түсі қандай? Міне балалар бау- бақшаға да келіп қалдық.
Балалар жемістерді талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.
4-ші аялдама «Мақал- мәтел» аялдамасы
Біздерге мақалдарды толықтыр депті. Қане кім айтады?
Аққуды атпа, досыңды сатпа
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын
Ағаш тамырымен , адам бауырымен мықты
Білімі жоқ адам, тұзы жоқ тағам
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Ақыл азбайды, білім тозбайды
5-ші аялдама Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»
Буратиноның кілтін құрастыру
Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында , Буратиноның алтын кілті тұрады.) Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.
Тәрбиеші : Балалар қараңдаршы біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы
білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.
Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Балбөбек» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым бар.
(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады)
Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.