kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Коммуникация»                                                   

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»                                                                                                                

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы!»                                                                                                              

Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, жеткен жетістіктеріндегі атқарған қызметтер туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
 

Әдіс-тәсілі:  түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап.                                                                                                     

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Иллюстрациялық суреттер, Бейнеролик, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, тақпақ.

Билингвистикалық компонент: Елбасы – президент – the president,                 

астана – столица – capital,  ту – флаг – flaq.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы!»»

Күні: 20.11.2017ж Тобы: «Інжу» ересек Тәрбиеші: Жолдыбай Зарухан Күмісбекқызы Білім беру саласы: «Коммуникация» Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту» Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы!» Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, жеткен жетістіктеріндегі атқарған қызметтер туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап. Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Иллюстрациялық суреттер, Бейнеролик, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, тақпақ.

Билингвистикалық компонент: Елбасы – президент – the president, астана – столица – capital, ту – флаг – flaq.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті



Мотивациялық қозғаушылар

Қонақтармен сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме!

Здравствуйте!

Good morning!


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.


Шаттық шеңбері: «Мен, сен қазақ баласымыз!»

Жерінде – бабасының,

Елінде – атасының,

Көңілінде – әжесінің,

Төрінде – әкесінің,

Қолында – анасының,

Жолында – ағасының,

Төсінде – даласының,

Тапқан өз жарасымын,

Мен, сен қазақ баласымыз!




















Ізденуші-ұымдастырушы

Ғажайып сәт

(Көңілді әуен естіледі)

Ғаламшардан келген «Томпақ» келеді. Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.

Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.


Томпақ:
- Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: - Рахмет Томпақ! Кел, төрге шық.

Томпақ:
- Балалар менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
- Балалар, осы үлкен мемлекет қалай аталады?

- Біздің мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы.


- Бұл мемлекеттің президенті кім?

- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев



-Президент туралы не білесіңдер?
- Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.



-Ал, балалар Томпаққа тұңғыш елбасымыз туралы толығырақ білуі үшін барлығымыз ғажайып тақтаға назар аударайық.

Томпақ: - О, қандай керемет!

Тәрбиеші: - Томпақ білесіңба? Біздің балалар елбасымыз туралы өлең, тақпақты жақсы біледі.

Томпақ: - Балалар мен сендердің президент туралы тақпақтарыңды тыңдағым келеді.

Маханбетова Жанеркем:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.





Арыстанбек Әли:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.



Шәріп Айару:

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.



Әмірхан Әмина:

Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға,

Енді халқым ешқашанда құлама.

Барлық жерден жиып – теріп қазақты,

Халқы үшін, жанын салған ғұлама.



Данияров Алдияр:

Мақсатына жету үшін алдағы,

Әу бастан ақ, дұрыс жолды таңдады.

Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе,

Орындаған бабалардың арманын.


Оразбек Аяулым:

Тірлігіңе шырай берген кім десең,

Ол Нұрсұлтан бақжұлдызың,

Сол азамат болмағанда ағайын,

Бүгінгідей қуанбас ең, күлмес ең.

Бейнеролик: «Жас қала – Астан!»

Томпақ:

- Қандай әсем де сұлу қала. Мен бұндай қаланы бірінші рет көріп тұрмын.

Тәрбиеші: - Біздің балалар бас қаламыз, жас қаламыз – Астанамыз жайлы өлең, жырлары бар. Өлең тақпақтарын саған тарту етсін.

Томпақ:

-Жарайды. Мен өлең, тақпақ тыңдағанды жақсы көремін.


Айдарбек Ағзам:

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрасың жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.



Томпақ:

- Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



Есенғазы Нұрғиса:

Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы,

Тірегі әке баланың,

Қазақстан жалауы.



Асылбек Аяулым:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.


Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.


Сергіту сәті: «Мен қазақпын!»

Балалар ғажайып тақтағы балалармен бірге «Мен қазақпын!» әніне билейміз.
Тәрбиеші:

- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, бас қаласы – Астана , рәміздері жайлы барлығын біледі.
- Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа қазақтың асығын берейік.


Билингвистикалық компонент: Елбасы – президент – the president, астана – столица – capital, ту – флаг – flaq.



Томпақ:
- Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар!
Балалар Томпақпен қоштасады.

























Рефлексивті-коррециялаушы


Қорытынды


«Туған жер» ойыны. Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)


Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!





Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірін;
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктерін;
Білді: Президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етуді.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы!»

Автор: Жолдыбай Зарухан Күмісбекқызы

Дата: 29.10.2018

Номер свидетельства: 482610

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы."
    ["seo_title"] => string(36) "ielin_suighien_ieli_suighien_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "364835"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480629736"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Елін с?йген, елі с?йген - Елбасы""
    ["seo_title"] => string(33) "ielinsuighienielisuighienielbasy5"
    ["file_id"] => string(6) "324375"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462443704"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Елін сүйген,елі сүйген елбасы"
    ["seo_title"] => string(38) "ielin_suighien_ieli_suighien_ielbasy_1"
    ["file_id"] => string(6) "379968"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484564018"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Елін с?йген, елі с?йген Елбасы"
    ["seo_title"] => string(33) "ielinsuighienielisuighienielbasy1"
    ["file_id"] => string(6) "282388"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453699445"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Бір Отан! Бір та?дыр! Бір Елбасы!"
    ["seo_title"] => string(32) "bir-otan-bir-tag-dyr-bir-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "278247"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453047441"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства