Дамытушық: Ауызша халық шығармашылығы туындысана деген қайырымдылық сезімін дамыту.
Педагогикалық технологиялар: түсіндіру,сұрақ жауап көрсету, түсіндіру
Ресустармен қамтамасыз ету:ертегілердің суреттері
Блингвальдық компоненті :қасқыр –волк,түлкі-лиса
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
«Жұмбақтар шешу»
Ең айлакер аң...
Түлкі
Қораға шабатын аң...
Қасқыр
Балаларды «Қасқыр мен түлкі»ертегісімен таныстыру,мазмұның оқып түсіндіру.
Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келеді.
Қасқыр қасындағы түлкіге:
— Ал, сен жей ғой, достым, – депті жол беріп.
Түлкі арсалаңдай күліп:
— Менің аузым ораза ғой, достым, білмеуші ме едің? Сен-ақ жей бер, – дейді.
Қасқыр етті жемек болып, тұмсығын созады. Енді шетінен тістей бергенде, мойнын қақпан қауып алады. Ет бір шетке ұшып түседі. Түлкі етті қағып алып, қылғи салады.
Мұны көріп тұрған қасқыр:
— Ей, достым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – деп сұрайды.
Түлкі қылмың қағып:
— Менің аузымдағы ораза ашылып, сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті.
Ертегіні ролға бөлініп ойнау.
Қорытындылау:
Қандай ертегімен таныстық?
Қасқыр қандай аң?
Түлкі қандай?
Екінші кіші «Көбелек » тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән:Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып:«Табиғаттың гүлденуі»
Тақырыбы: "Шуақты көктем"
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды сүйіспешілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Ұжымдық жұмыс арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту
Оқыту: Көктемгі тіршілік және табиғат турабы білім беру.
Педагогикалық технологиялар:денсаулық сақтау технологиясы,ойын технологиясы.
Ресустармен қамтамасыз ету: ұоқ байланысты суреттер.
Блингвальдық компоненті: көктем-весна.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр. Қандай шуақты ерекше күн! Шаттық шеңберіне тұру. Арайлап таң атты, күн сәулесін таратты жарқырайды қаламыз жарқырай түс, даламыз қайырлы таң! (Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды) Негізгі бөлім:Мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдап алыңдар. Қар еріп, су көбейіп, сай салаға ағады! Ағам басы бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл бәйшешек толады Балалар, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Бұл көктем мезгілінде болады. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Көктем мезгілінде күн жылынды. Қар еріп, жылғалардан су ақты. Туған жерге құстар ұшып келді. - Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келді? Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды. Жеміс ағаштары гүлдейді. - Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады. Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады. - Көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады? Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді Көктем мезгілінде егістік жерлерде қандай жұмыстар жүргізіледі? Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді. - Наурыз айында қандай мерекелерді атап өттік? Наурыз айында 8 - наурыз аналар мерекесі, 22 - наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын тойладық. Есік қағылды. Топқа музыка әуенімен қонаққа Ару Көктем кіреді. Ару Көктем: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен көңілді көктеммін. Былтыр келіп кеткенмін. Нұр боп көктен төгілем. Шуағым төгіп әлемге Қуатын күннің әкелем Табиғаттың төсіне, Тіршілігін әперем Қазір жылдың қай мезгілі? - Қазір жылдың көктем мезгілі. - Көктем мезгілінің қай айы? Көктем мезгілінің наурыз айы. - Көктем айларын атаңдар - Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр Ару Көктем: Балалар мен туралы не білесіңдер?
Балалар тақпақ айтады. Ару Көктем: Рахмет балалар! Көктем мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар! Музыка әуені естіледі. Музыка әуенімен билеп «Қағаз ханшайымы» кіреді. -«Қағаз ханшайымы»: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қағаздар елінен сендерге қонаққа келдім. Мен «Қағаз ханшайымы» боламын. - Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Көптеген тапсырмалар әкелдім. Жұмбақтар айтады. - Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. Ол не? (Күн.) - Ағаш. - Жылт жылт етеді. Жылғадан өтеді. Ол не? (Су) - Қыста киімін тастайды, Көктем де киіне бастайды. Ол не? (Ағаш.) 2 тапсырма. - Кім жаңылтпаш біледі? Көктем күні шуақты, Көктем күні қуатты. Көктем күні шуақты, Сай - салад су ақты. Қағаз ханшайымы: - Жарайсыңдар, балалар! Рахмет! Сендер өте ақылды, Білімді балалар екенсіңдер. Сергіту сәті: Күн болып жанайық. Су болып ағайық. Терең – терең демалып, Жүгіріп, жүгіріп алайық. Енді маған қиынды пішіндерден көктемде өсетін қызғалдақ гүлін құрастырып жапсырайық. Қызғалдақ гүлінің үлгі суретін тақтаға іледі. «Қызғалдақ гүлін құрастыра отырып жапсырамыз». 1) сабағын 2) күлтешесін 3) төменнен жоғарыға қарай жапырағын жапсырамыз. Балалардың өз бетімен жұмыстар. Қағаз ханшайымы: Балалар мен сендерге өте ризамын. Сендер менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар. Рахмет, сендермен өте тамаша күн өткіздім сендерге өте ризамын қош сау болыңдар. Қорытынды: Балалардың жұмыстарын мадақтау.
Екінші кіші «Көбелек » тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы:«Шығармашылық»
Өтпелі тақырып: Табиғаттын гүлденуі
Пән:Сурет салу
Тақырыбы:Жасыл ағаштар
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Дамытушық: Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
Оқыту: Балаларды жасыл гуашьпен сопақ пішіндерді салуды үйрету
Педагогикалық технологиялар: түсіндіру,сұрақ жауап көрсету, түсіндіру,ойын технологиясы.
Ресустармен қамтамасыз ету:геометриялық пішіндер ,гүлдер
Блингвальдық компоненті :гүл-цветы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Педагог жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады. Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалайды. Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? (Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.) Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық (Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық.) Бүгін біз гүлдеп тұрған жасыл ағаштың суретін саламыз.бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады. Ең бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы жапырақтарын ашық жасыл түспен саламыз. Ең бірінші ағаштың діңі, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз. Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз. Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қоғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды саламыз. Осының бәрін қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады, композиция жасалады.
Балалар жасыл ағаштың суретін салуға кіріседі. Қорытынды:
Балалардың жұмыстарын талдайдау. Көктем туралы тақпақтар сұрау.. Ненің сүретің салдық?
Жапырақтардың түстері қандай?
Екінші кіші «Көбелек » тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы:»Таным»
Өтпелі тақырып: Табиғаттың гүлденуі
Пән: Жаратылыстану
Тақырыбы:: Көктемгі гүлдер
Мақсаты:
Тәрбиелік: Бір-біріне жақсылық ойдауға, жақсы тілектер айтуға тәрбиелеу
Дамытушық: Тәжірибе арқылы бақылағыштық дағдыларын дамыту
Оқыту: Гүлдерді өсіруге, күтіп баптауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресустармен қамтамасыз ету: гүлдердің суреттер
Блингвальдық компоненті : Көктем-весна
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді. Алақаның жайып. (Гүл).
Негізгі бөлім:
Гүлдер тірі табиғатқа жатады. Олар тамыры арқылы қоректенеді. Гүлдерді өсіру үшін топырақ, күннің көзі, су қажет.Гүлдер 3 – ке бөлінеді: дала гүлі, бақша гүлі және бөлме гүлдері. Дала гүлдері көктем мезгілі басталған айналаны әсем күйге бөлеп, құлпыртады. Дала гүлдеріне бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, жауқазын, бақбақ, т.с.с гүлдер жатады. Көктем мезгілінде ең алғаш шығатын гүл – бәйшешек гүлі. Бәйшешек гүлі қар еріген кезде шығады. Оны орыс тілінде поджснежник деп атайды. Бақша гүлдеріне раушангүл, түймедағы, жатады. Бақша гүлдерін адамдар өздерінің бақшасына арнайы көктем мезгілінде егеді, олар әдемі хош иісімен ауланы құлпыртып тұрады. Бақша гүлдерін адамдар баптап, суарып отырады. Бөлме гүлдеріне райхан гүлі, астра гүлі, жатады. Бөлме гүлдерін де адамдар арнайы түбекке әдемілікке, таза ауа үшін отырғызады. Балалар гүлдерді жұлуға немес үзуге болмайды. Оларды баптап, күтіп, суарып отыруымыз керек. -Балалар, бұл бәйшешек гүлі. Бәйшешек – сәндік өсімдіктер. Балалар бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен. -Балалар мынау бақ-бақ гүлі. Бақбақ – көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі.Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады. -Балалар, мынау қоңыраугүл. Қоңыраугүл – жапырағы жеуге жарамды. Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді. Қызғалдақ – көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі. Қызғалдақ – ғашықтық, махаббат белгісі екен. -Балалар бұл қызғалдақ гүлі. Қане бірге айтайықшы -Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше бір сергіп алайық. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі. -Гүлдер қайда өседі? -Дұрыс айтасыңдар балалар, гүлдер орманда, далада, бөлмеде өседі екен. -Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет? Ұмытпай күнде, гүлге су құямыз . Қорытынды:Д/О "Гүлдерді құрастыр" Шарты: Балалардың алдарында гүлдердің бөлшектері араласып шашылып жатады, соларды бір түске келтіріп гүлдерді құрастырып қоюлары керек.
Екінші кіші «Көбелек » тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы:»Шығармашылық»
Өтпелі тақырып: Табиғаттын гүлденуі
Пән: Мүсіндеу
Тақырыбы: Емдік шөптер
Мақсаты:
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны сүйе білуге тәрбиелеу
Дамытушық: Мүсіндеу барысында, әр гүлге тән ерекше белгілерді жеткізуді дамыту
Оқыту: Қалақай, жолжелкен және итмұрын жидектерімен таныстыру
Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету
Ресустармен қамтамасыз ету:гүлдердің суреттері
Блингвальдық компоненті: емдік шөптер-лечебные травы Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларға қонаққа екі қуыршақ келеді.
Біреуінің қолында гүлі бар.
Тәрбиеші балалардың көңілін қуыршақтың қолындағы гүлге аударады.
Ал екінші қуыршақта гүлдің жоғын айтады.Қуыршақтар бізден көмек сұрап келіп тұр.
Балалар қуыршақтар бізде мүсіндеу сабағы екенін естіп келіпті.
Балалар сендер қуыршаққа түрлі-түсті гүлдерді мүсіндеп бересіңдер ме?
Балалар қуыршақтарға қызығушылықтарын білдіріп,қуыршақтар мен амандасады.
Балалар назарларын қуыршақтың қолындағы гүлге аударады.
Қуыршаққа түрлі-түсті гүлдерді мүсіндеп береміз деп келіседі.
2.Негігі бөлім:
Тәрбиеші балалардың көңілін көрнекі суретке аударады.
Балаларға мүсіндеу тәсілін көрсету.
Мүсіндеу тәсілін бекіту.
-Балалар сендер қазір нені мүсіндегелі жатырсыңдар?
-Түймедағы гүлінің күлтелерінің түсі қандай екен?
1. Сары түсті ермексазды алақанға салып домалақтаймыз,алақанмен басып сәл жалпайтамыз.
2. Күлте жасау үшін біз 7 бірдей домалақ жасап алуымыз керек
3. Саусақтарымыздың көмегімен
Балалар көңілдерін көрнекі суретке аударады.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар тәрбиешінің іс-әрекетіне мұқият болады.
Гүлдерді мүсіндейміз.
Балалардың өзіндік мүсіндеу жұмыстары.
Тәрбиешінің нұсқауы бойынша түймедақ гүлін дұрыс әрі әдемі етіп мүсіндеп шығарады