Мотивация-лық қозғаушы Іздену ұйымдастырушылық Рефлексивті түзетушілік | Амандасу, шеңбер ұйымдастыру Сыйлық кезеңі. Ұстанымдар Сергіту сәті Монолог құрастыру. «Бәйге» ойыны. Мақал-мәтел | Балалар бүгін бізге көп қонақтар келген екен. Қонақтармен амандасайық! Қалдарың қалай? Ал енді шеңберге тұрып, көңіл-күйімізді көтерейік Армысың қайырымды Аспан ата! Армысың шұғылалы Алтын күн! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Балалар бүгін бізге қонаққа Англиядан Джэйн келген екен. Джэйнмен амандасады. Балалар Джэйн біздің ел туралы білгісі келеді екен. Не істейміз? Көмектесеміз бе? Енді Балалар Джэйнге біздің еліміз қандай екенін айтып берейік. Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап беріңдер. Балалар мұқият тыңдаңдар! Қараймыз! Сұраққа толық, анық жауап береміз! Қонаққа келген Джэйнде мұқият тыңдап отыр. - Жарайсыңдар, балалар! Балалар әр елдің өзінің рәміздері бар. Балалар біздің мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? - Елтаңба туралы кім тақпақ біледі? - Джэйн сізге балалардың тақпақтары ұнады ма? - Иә, маған өте ұнады. Дөңгеленіп тұрамыз Уықтарды құрамыз. Айналамыз, айналамыз Киіз үйді құрамыз. Енді Джэйнге туда, елтаңбада нелер бейнеленгені туралы айтып берейік. Қазақ халқының ұлттық ойындарының бір түрі «Бәйге» ойыны. Ол шапшаңдық. Бүгін бізде ақыл жарысы. Мен сендерге сұрақ қоямын. Кім сұраққа толық, анық, тез жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді. - Елтаңбаның алтын түсі нені білдіреді? - Елтаңбамыздың авторы кім? - Тудың көк түсі нені білдіреді? - Қазақстан туының авторы кім? - Жарайсыңдар, балалар! - Енді Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? - Жарайсыңдар, балалар! Джэйн сізге біздің еліміз ұнады ма? | Амандасады. «Жақсы» деп бас бармақтарын көрсетеді. Балалар көтеріңкі күйде, қимыл-қоғалыс жасап, бір-біріне сәлем береді. Балалар амандасады. Көмектесетіндерін айтады. Балалар тыңдайды. Балалар Қазақстан Республикасында тұратындарын айтады. Біздің Отанмыз –Қазақстан. Отан – тарих, Отан – тіл, Отан – өлең, өз халқың. Отан – өлең, Отан – жыр, Көтерген көлге ел даңқын. Н.Ә Назарбаев. Астана қаласы. Астана арман қала, Бағы бір жанған қала. Тұрады ол жап-жас болып, Мен үлкен болғанда да. Қазақстан Республикасының картасы. Балалар жауап береді. Біздің еліміз егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ту, елтаңба, гимн. Елтаңбасы елімнің, Ортасында шаңырақ. Мемлкеттік туымнан, Күн шығып тұр жарқырап. Қолдарын жоғары көтеріп, екі жаққа қозғайды. Қолдарын жоғары көтеріп, киіз үй жасайды. Тудың түсі көк, ортасында күн сәулесі бейнелеген, тудың жиегінде ою өрнек- телген. Елтаңба дөңгелек пішінді, екі шетінде қос тұлпар, жоғарыда жұлдыз бар. Шаңырақтың астында «Қазақстан » деген жазу бар. Балалар жауап береді. Өте әдемі, үлкен, таза, кең-байтақ, ұлан-байтақ, бай ел. Ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнінің авторлары Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімиденов. Байлықты білдіреді. Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов. Бейбітшілікті білдіреді. Шәкен Ниязбеков. Отанды сүю отбасынан басталады. Туған жерге туыңды тік. Өз үйім - өлең төсегім. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Отансыз адам- армансыз бұлбұл. Елімізде тыныштық болсын! Еліміз бай болсын! Аспанымыз ашақ болсын! Бейбітшілік болсын! Туған жерімді жанымдай сүйіп, қорғаймын! Балалар Джэйнмен қоштасып, ризашылықтарын білдіріп, сыйлықтарын ұсынады. |