Іздену ұйымдастырушы | Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Өткен дыбыстарды қайталау. «Кім білгіш?» ойыны арқылы өткен дыбыстарды қайталау.Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты айтсам,екі қолдарынды жоғары көтеріп,шапалақтайсыңдар, ал дауыссыз дыбысты айтсам, еңкейіп тізелеріңді шапалақтайсыңдар. -Балалар біз өткен оқу іс-әрекетіндегі дыбыс туралы не білетінімізді еске түсіріп көрейікші. -Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз. Ал, әріп дегеніміз не? -Ал балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын табыңдар. Аймалайды күнім деп, Мейірімді жүзі күлімдеп. Тәтті ақ пейілді немере Бал шырындай үнің деп.Ол кім? Әже ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. -Әже деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр? -Неліктен дауысты дыбыс? - Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздер айта аласындар? -Кәне осы сөздерді буынға бөлейікші. -- Балалар, Ә әріпін айтып көрейікші. - Ә әрпін әндетіп, кедергісіз, айтамыз, ендеше Ә әріпі дауысты дыбыс. - Ә дыбысын қандай текшемен белгілейміз? Сергіту сәті: 2. Ә дыбысының баспа түрін көрсетіп, таныстыру. Ә дыбысын ауада жазып көрсету. 3. Ә дыбысы кездесетін сөздерді алақанмен шапалақ ұру арқылы буынға бөлу. 4.Дәптермен жұмыс жүргізу. а) Сурет бойынша дыбыстық талдау жасату (әке, әтеш, сәбіз) ә) «Сәбіз» сөзіне сөйлем құрату (Балалар текшемен жұмыс жасайды) | Балалар сабаққа дайындалады.
Балалар дауысты дыбысты айтқанда,екі қолдарынды жоғары көтеріп,шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты айтқанда, еңкейіп тізелерін шапалақтайды.
Балалар жауабын айтады.
Әріп дегеніміз-дыбыстарды таңбалау. Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.
Әже Ә дыбысынан басталып тұр Әтеш, әпке, сәбіз Балалар буынға бөледі. Балалар дауыстап Ә әрпін айтады. -Дауысты. -Қызыл текшеде жазылады.
Іс-әрекет арқылы жасайды. Балалар дәптерге Ә әрпін жазады.
Сәбіз сөзінде 5 дыбыс, 5 әріп. 2 д-ты,3 д-сыз, 2 буын |