kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дыбыстар мен ?ріптер ?леміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Си?ырлы дыбыстар мен ?ріптер ?леміне саяхат

Білім беру саласы: «?атынас»        
?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекеті: Сауат ашу
Та?ырыбы: «Си?ырлы дыбыстар мен ?ріптер ?леміне саяхат»
Ма?саты:
 Білімділік:Балаларды? с?з, с?йлем, буын туралы білімдерін бекіту. Оларды жеке талдап ж?мысын д?лдеп к?рсету.
Дамытушылы?: Балаларды? ой – ?рісін, с?здік ?орын,тіл байлы?ын дамыту.
Т?рбиелік: Топпен ж?мыс істеуге, ??ымталды??а, ?дептілікке т?рбиелеу.
Билингвалды? компонент: Гласный – дауысты, согласный – дауыссыз, буквы – ?ріп, звуки – дыбыс.
?діс-т?сілі: Т?сіндіру, с?ра? – жауап, ойын.
К?рнекі ??ралдар: Суреттер,текшелер,с?зж?мба?тар, слайд,интеравтивтік та?та.
Жа?а технология:А?паратты? - комуникативтік  технология.Зайцев технологиясы.Денсаулы? технологиясы.Ертегі терапия.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дыбыстар мен ?ріптер ?леміне саяхат»

Сиқырлы дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:
Сауат ашу
Тақырыбы:
«Сиқырлы дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат»
Мақсаты:
Білімділік:Балалардың сөз, сөйлем, буын туралы білімдерін бекіту. Оларды жеке талдап жұмысын дәлдеп көрсету.
Дамытушылық:
Балалардың ой – өрісін, сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік:
Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент:
Гласный – дауысты, согласный – дауыссыз, буквы – әріп, звуки – дыбыс.
Әдіс-тәсілі:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекі құралдар:
Суреттер,текшелер,сөзжұмбақтар, слайд,интеравтивтік тақта.
Жаңа технология:Ақпараттық - комуникативтік технология.Зайцев технологиясы.Денсаулық технологиясы.Ертегі терапия.


Тәрбиешінің әс - әрекеті

Балалардың әі - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сабақ барысы:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді жүрекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қанша ай бар?

-Қазір көктемнің қай айы?

-Бүгін сәуірдің нешесі?

-Апта күндерін еске түсірейік?

-Бүгін аптаның қай күні?

Тәрбиеші:Өте жақсы балалар!Балалар біз осы уақытқа дейін сауат ашу ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде немен таныстық?

1)Айтыңдаршы дыбыс деген не?


2)Әріп деген не?


3)Ал, буын деген не?

Миға шабуыл

- Балалар әрбір тіршілік иесінің өздерінің тұратын жері мекені болады екен.Мысалы:

1)Адамдар қайда тұрады?

2)Құстар қайда тұрады?

3)Аңдар қайда тұрады?

4)Дыбыстар қайда тұрады?

- Ал енді балалар осы дыбыстардың мекені туралы ертегі тыңдап көрейікші.

- Балалар сендерге ертегі ұнадыма?

-Ертегіде не жайлы айтылған?


-Осы ертегідегі қандай дауысты, дауыссыз дыбыстар білеміз?

-Дыбыстар қаншаға бөлінеді?

-Дауысты, дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

-Емін еркін кедергісіз шыққан дыбысты дауысты дыбыс дейміз:а, о, ы, ұ, ү, у, е, і, ә, и, ө, ю, я.

-Кедергімен қысылып шаққан дыбысты дауыссыз дыбыс дейміз:т, п, ғ, ш.

-Балалар дыбыстарды орысша, ағылшынша не дейміз дыбыс – звук-sons , әріп – буква- letters , дауысты – гласный - vowel, дауыссыз – согласный- consonant.

-Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

-Солардың қаншауы дауысты дыбыс?

-Жарайсыңдар балалар!

(Осы кезде есік қағылып ішке Дымбілмес келеді.)

Дымбілмес:Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен Дымбілмеспін.Маған мына ми қатырғыш ойыншықты анам сатып әперді, сөздер құрап үйрен деп.Олай ойланып – бұлай ойланып мұның сөздер құрауына қандай қатысы бар деп ойланып шешуін таппай сендерден көмек сұрап келдім.

Тәрбиеші:Дымбілмес сен өзің әріп танисың ба?

Дымбілмес:Әріп деген не?

Тәрбиеші:Жағдайын

түсінікті болды.Сен мына балалардың жанына барып отыр, ал біздің балалар саған әріптің не екенін түсіндіреді.Балалар Дымбілмеске көмектесеміз бе?

Тәрбиеші:Ендеше біз қазір бір ойын ойнаймыз, сен үйреніп отыр.Балалар мен сендерге мына допты лақтырып, бір әріп айтамын, сендер сол әріпке сөз айтасыңдар.

Көрдіңбе Дымбілмес біздің балалар әріптен сөз құрайды.Ал енді балалар мына Дымбілместің ойыншығы жәй ойыншық емес.Бұл Зайцев текшелері.Бұл текшелерден біз

Дымбілмеске сөз құрап көрсетейік.

1– үстел – үй жануарлары (Бота)

2- үстел – жабайы аңдар (қоян)

3- үстел – қыздың аты (Зере)

4- үстел – гүлдер (Раушан)

5- үстел – жеміс ағашы (алма)

- Ал енді осы құраған сөздеріңе дыбыстық талдау жасаңдаршы:(сендердің сөздеріңде қанша дыбыс, оның қаншауы дауысты, қаншауы дауыссыз дыбыс)

- Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар.Ал енді осы сөздеріңді буынға бөліңдерші.Ал, енді Дымбілмес осы текшелерден өзінің атынды құрашы.

- Өте жақсы балалар!Ал енді балалар мына кестелердегі буындарды оқиықшы.

Сергіту сәті:Би


Тәрбиеші:Енді мына экранға назар аударайықшы.Мына тұрған сөзжұмбақты біз шешуіміз керек.Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін тауып тор көздерден оқисыңдар.

Бірінші тігінен жазылған сөз (ол дыбыс деген) қандай сөз жазылып тұр оқиықшы.

Дыбыс

Д о п

қ а р Ы н д а ш

с а Б ы н

м ы с Ы қ

С а ғ а т


1)Шіркіннің өзіне обал – ақ,

Жүреді аяқта домалап. (доп)

2)Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында инесі. (қарындаш)

3)Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады. (сабын)

4)Тонын киіп туған,

Жалап бетін жуған. (мысық)

5)Үш тісі бар,

Тықылдаған үні бар. (сағат)

Тәрбиеші:Ал, енді осы жұмбақтардың жауабына сөйлем құрайықшы.Өте жақсы балалар!Дымбілмес сен түсініп отырсың ба?

Дымбілмес:Мына балалардың бәрі осы балабақшадан үйреніп жатырма?

Тәрбиеші:Ия, Дымбілмес олар күнде сабақ оқиды, әріп үйренеді.

Дымбілмес:Менде балаларға қарап біраз нәрсе үйреніп қалдым.

Тәрбиеші:Жарайсың Дымбілмес.Ал енді балалар ойын ойнайық.

Д/О: «Сөзді жалғастыр»

-Дымбілмес сенде бізбен бірге ойын ойна.Мен сөздің 1 – ші буынын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.


Тәрбиеші:Балалар бір дем алып алайық.Қане бәріміз сөз бунақтар ойынын ойнайық.Дымбілмес сенде балалармен бірге қайталашы.

З – зз – ұшады қаңқыз.

Ға – ға – ға – қарқылдаған қарға

Ғыш – ғыш – ғыш – ағаш сызғыш

Лек – лек – лек – әдемі көбелек

Тәрбиеші:Өте жақсы Дымбілмес сен ақылды екенсің. Балалар өткенде жаттаған тақпақтарымызды, жаңылтпаштарымызды, жұмбақтарымызды еске түсірейік.

Асан:

Ата, зейін салдың ба?

Бар әріптің алдында.

Неліктен «А» тұрады?

Деп бір күні сұрадым

Атам менің сауатты,

Былай берді жауапты.

Ата, Ана, Ақыл, Ар, Адам

«А» дан бәрі басталар,

Содан шығар құрбаным,

«А» -ның алда тұрғаны.

О.Аружан:

«Ә» дегенім әжең

Әлдилеген анаң

Әлпештеген әкең,

Әспеттей біл, балам!

Жұлдыз:

«Б» дегенім білім,

Білім – жарық күнін.

Ашып берер алған,

Бар әлемнің сырын!

Е.Али:

«І» дегенім інім,

Бауырым ғой күнім.

Қызықтаймыз оның,

Балдай тәтті тілін!

Жаңылтпаш

Айша:

Шапшаң, шапшаң,

Бұрқырайды ақшаң.

Ақжан:

Талап – тұлпар,

Білім – сұңқар.

Нұрай:

Оралдан оралған олардан

Омармен

Оң көріп

Он бөрік, тон беріп, тор алған.

Айжан:

Гүлзар жақта жүрсің бе

Гүл әкелші Гүлсімге.

Жұмбақ

Ж.Мақпал:

Сақинаға ұқсайды,

Ұқсайды оған қай әріп.

У.Аружан:

Есепке де кіремін,

Әріпте боп жүремін.

Тақтамен жұмыс

Тақтаға бормен сөз жазу.


Тәрбиеші:Кел Дымбілмес сенде жазасын ба?Өте жақсы Дымбілмес сен ақылды екенсің.

Қорытындылау: Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізге өте жақсы қатысып білімдеріңді көрсеттіңдер. Балалар осы уақытқа дейін өткен әріптерімізді, буын, сөз, , дыбыстарымызды еске түсірдік. Сендерге көп рахмет!

Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар!








4 мезгіл
Көктем
3 ай
Сәуір
28 – і

Бейсенбі

Дыбыстар мен сөз, сөйлеммен таныстық.

Дыбыстардырды айтамыз, естиміз.
Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Уйде
Ұяда
Апанда
Ауызда


Ия, ұнады.
Дыбыстар, сөз, сөйлем туралы.
А а, Т т, Л л, Ұ ұ.


2-ге
Дауысты дыбысты қызыл текшемен, дауыссыз дыбысты көк текшемен.






42
12



Сәлеметсіз бе!










Ия, көмектесеміз.







Мысалы:М – мысық, Н – нан, А – алма, Ә – әже, З – Зере.





















Балалармен биді қайталау.









Тор көздерден оқу.




Жұмбақтың шешуін табады.











Мен доппен ойнадым.Қарындашпен сурет салдым.Қолымды сабынмен жудым.Мысыққа сүт бердім.Сағат он болды.







Мысалы:

Ал – ма, Ай – на, қа – зан, қа – тық, жү – зік, жү – зім, дом – бы-ра.





Балалар тілдеріне жаттығу жасайды.







Балалар тақпағын айтады.
















































Ана, аға, әже, бала, нан, таға.




Өз ойларын айтады.Балалар ризашылығын білдіреді.Сау болыңыздар!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Дыбыстар мен ?ріптер ?леміне саяхат

Автор: Булатбаева Шолпан Мукановна

Дата: 20.05.2016

Номер свидетельства: 328971

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Си?ырлы дыбыстар мен ?ріптер ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(48) "sik-yrly-dybystar-mien-riptier-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "191157"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427276901"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(39) "dybystar_mien_riptier_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "424802"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1501685943"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "дыбыстар ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(26) "dybystar-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "151988"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420795429"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(35) "dybystar_men_ripter_lemine_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "656012"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1725952012"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Білім еліне саяхат "
    ["seo_title"] => string(22) "bilim-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "213683"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432119218"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства